Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Семинар сабағы.

Сабақтың мақсаты:

- олигополия жағдайында нарықтың әрекет ету механизмін анықтау.

Талдау сұрақтары:

  1. Олигополия нарығының ерекшеліктері.

  2. Баға қақтығысы.

Тестілік тапсырмалар.

1. Олигополияда фирмаларға жоғары пайда алуға не мүмкіндік береді?

А) нарықтағы сату үлесінің төмендігі; Ә) ерекшеліктері бар тауарлардың болуы; Б) бәсекелестердің көп болуы; В) нарыққа кіруге тосқауылдың қойылуы; Г) өсу ауқымының тиімділігінің кемімелі болуы.

2. Олигополияда фирма бәсекелестерінің қандай іс-әрекеттерін ескеру керек?

А) жарнама саясатын; Ә) іс-әрекет стратегиясын; Б) әлеуметтік саясатын; В) имиджін нығайту іс-әрекетін; Г) фирма бәсекелестерінің іс-әрекетін ескермейді.

3. Олигополиядағы бір фирманың өндіріс көлемінің басқа фирмаға қатысты графигі қалай аталады?

А) изокоста; Ә) шығындар қисығы; Б) изокванта; В) реакция қисығы; Г) пайда қисығы.

4. Дуополия қай нарықтың мысалы?

А) таза монополияның; Ә) монополиялық бәсекенің; Б) жетілген бәсекенің; В) олигополияның; Г) монополияның.

5. Олигополия қағидасын құруға ат салысқан бірінші экономист:

А) Франко Модильяни; Ә) Огюстен Курно; Б) Джон Гэлбрейт; В) Карл Маркс; Г) Джон Робинсон.

6. Төменде келтірілген ұйымдардың қайсысы картельге мысал бола алады?

А) бірігіп жұмыс істейтін колледждер; Ә) біртекті емес тауарды сатумен айналысатын фирмалар; Б) салық инспекциясы; В) Ұлттық банк; Г) ОПЕК.

7. Қай үлгіде фирма бірінші жүру артықшылығына ие бола алады?

А) Бертан үлгісінде; Ә) Штакельберг үлгісінде; Б) Курно үлгісінде; В) Чемберлин үлгісінде; Г) Модильян үлгісінде,

8. НЭШ тепе-теңдігінің негізі:

А) сұраныс пен ұсыныс тең болатын кездегі тепе-теңдік; Ә) бәсекелес нарықтағы тепе-теңдік; Б) баға ең жоғары деңгейде болатын тепе-теңдік; В) өз бәсекелестерінің берілген іс-әрекеттеріне қарай әрбір фирма өзін өте жақсы жағдайда ұстайды; Г) бір фирма жетекшілікті жеңіп алатын кездегі тепе-теңдік.

9. Олигополия –бұл нарықтық құрылым, бұнда:

А) бірнеше фирма өнімнің бәрін немесе бәріне жақынын өндіреді; Ә) біртектес өнім шығаратын бәсекелес фирмалардың саны көп; Б) өзіндік ерекшеліктері бар өнім өндіретін фирмалардың саны көп; В) өнімді өндіретін тек қана бір фирма болады; Г) тек қана бір ірі сатып алушы болады.

10. Егер олигополиялық фирмалар алғашқыда өнім көлемін белгілеп, одан кейін бағаны анықтайтын болса, онда осыларды қорытындылайтын тепе-теңдік төмендегінің қайсысы?

А) Бертран тепе-теңдігі; Ә) Курно тепе-теңдігі; Б) Штакельберг тепе-теңдігі; В) Парето тепе-теңдігі; Г) Вальрас тепе-теңдігі;

11. Нэш тепе-теңдігінің негізі.

  1. Өз бәсекелестіктерінің берілген іс-әрекеттеріне қарай әрбір фирма өзін өте жақсы жағдайда ұстайды.

Ә) Бәсекелес нарықтағы тепе-теңдік.

Б) Баға ең жоғары болатын тепе-теңдік.

  1. Сұраныс пен ұсыныс тең болатын кездегі тепе-теңдік.

Г) Бір фирма жетекшілікті жеңіп алатын кездегі тепе-теңдік.

12. Егер олигополистік фирмалар алғашқыда өнім көлемін анықтаса, одан кейін бағасын анықтайтын болса, онда мына тепе-теңдік орнайды.

  1. Курно тепе-теңдігі.

Ә) Бертран тепе-теңдігі.

Б) Штакелберг тепе-теңдігі.

  1. Парето тепе-теңдігі.

Г) Вальрас тепе-теңдігі.

13. Тепе-теңдік жағдайында әрбір дуополист өз өнімімен:

А) бірдей баға болғанда нарықтық сұраныстың төртінен бірін қанағаттандырады; Ә) бірдей баға болғанда нарықтық сұраныстың жартысын қанағаттандырады; Б) бірдей баға болғанда нарықтық сұраныстың үштен бірін қанағаттандырады; В) бірдей баға болғанда нарықтық сұраныстың төрттен үшін қанағаттандырады; Г) бірдей баға болғанда нарықтық сұраныстың бәрін қанағаттандырады;

14. Курно үлгісі өнеркәсіптің төмендегі таңдауына негізделген:

А) әсер қисығына; Ә) бағаға; Б) баға мен өнім көлеміне; В) өнім көлеміне; Г) шығындар қисығына.

15. Бертран үлгісі өнеркәсіптің төмендегі таңдауына негізделген:

А) өнім көлеміне; Ә) бағаға; Б) баға мен өнім көлеміне; В) әсер қисығына; Г) шығындар қисығына.

16. Олигополияда фирмалар көп пайда алады, егер:

А) өнім көлемі бойынша бәсекеге туссе; Ә)бағалық қақтығыстар жүргізсе; Б) келісімге отырса; В) бағаны төмендетсе; Г) дайын өнімге шегерім жасаса.

Есептер

1-есеп: Айталық, қарама-қарсы мақсаттары бар екі фирма берілген. Егер бір фирма пайда тапса, онда екіншісі шығынға ұшырайды. Олардың ойын матрицасы төменде берілген.

Бір фирманың мүмкін

болатын стратегиялары

Екі фирманың мүмкін болатын

стратегиялары

1

2

3

А

10

9

11

Б

8

8,5

10

Максимум стратегиясын қолданып, екі фирманың ұтымды стратегияларын табыңыз.

2-есеп. Үш фирма картель құрайды делік. Фирмалардың шығын функциялары келесі кестеде берілген:

Q

Жалпы шығындар, доллар

1-фирма

2-фирма

3-фирма

0

20

25

15

1

25

35

22

2

35

50

32

3

50

80

47

4

80

120

77

5

120

160

117

Егер картель 11 өлшем өнім шығару туралы шешім қабылдаса және олар шығындарын төмендетуге тырысса, онда бұндай өнім шығару үш фирманың арасында қалай бөлінеді?

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы:

1.Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы.

Бақылау түрлері:

1.Қысқаша конспект

2.Сызбалар құру.

Ұғымдарға анықтама:

Студенттер төмендегі негізгі экономикалық категорияларға анықтама беру керек.

Жетілген бәсеке, монополия, бағалық алалау, салаға кіру кедергілері, жетілмеген бәсеке, картель, олигополия, дуополия, бағалық емес бәсеке, құпия келісім, ойын теориясы, таза қоғамдық зиян, Нарықты шоғырландыру

Есептер:

1-есеп. Салада екі фирма әрекет етеді. Олардың шекті шығындағы бірдей және 0-ге тең сала өніміне сұраныс: Р=100-Q

  1. Курно тепе-теңдігінде фирмалар нарықты қалай бөледі? Тепе-теңдік баға қандай болады.

  2. Егер фирмалар Картельге біріксе, олар қандай көлемде өнім өндіреді және қандай бағамен сатады.

  3. Егер салада жетілген бәсеке болса баға қандай болар еді және көлемде өнім өндіреді.

2-есеп. Салада 10 фирма әрекет етеді. Әр фирманың шекті шығындары, мына өрнекпен берілген: МС=100-30Q+Q2

Cала өніміне сұраныс Р=100-Q

Cала ұзақ мерзім тепе-теңдікте болу үшін әр фирма қанша көлемде өнім өндіруі қажет?

Әдебиеттер:

1 Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г.С. 189-201, 227-233, 247,252.

2.Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М:2002г.с.252-256,263

3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиев Қ.С., Тілеужанов М.Ә. Микроэкономика-Алматы: 2000жыл, 372-379 беттер.

10 - тақырып. Өндіріс факторлары нарығы.