Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Семинар сабағы. Сабақтың мақсаты:

- монополиялық бәсеке жағдайында нарықтың әрекет ету механизмін анықтау.

Талдау сұрақтары:

1. Ұстанымдар.

2.Монополиялық бәсекеші фирманың өніміне сұраныс қисығы.

3.Бағалық және бағалық емес бәсеке (жарнама).

Тестілік тапсырмалар.

1. Төмендегі айтылғандардың ішінен монополиялқ бәсекелес фирманың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігінің шартын таңдаңдар:

А) P=AC;

Ә) P=MC=AC;

Б) P=MP;

В) P=AVC;

Г) P=AVC=AC.

2. Монополиялық бәсекеге тән сипаттамалар қандай?

А) фирманың пайдасы бір фирманың басқару шешімдеріне тәуелді емес;

Ә) шығарылатын өнімнің өзіндік ерекшеліктері болады;

Б) сұраныс қисығының бәсекелес фирма тауарының сұраныс қисығынан гөрі икемділігі аз;

В) нарыққа кіуге тосқауыл қайылмайды;

Г) жоғарыдағы бәрі де дұрыс емес.

3. Монополиялық бәсеке нарығында:

А) жеке сатушы өнім бағасына әсер ете алады;

Ә) жарнама аса маңызды рөл ойнамайды;

Б) тауарлардың жасалуымен, орындалуымен және сату шарттарымен ерекшеленеді; В) өндірушілердің ақпараттар алуға бірдей мүмкіндіктері бар;

Г) фирманың сұраныс қисығы горизантал түзу болады.

4. Қысқа уақыт мерзімінде экономикалық пайда алуы мүмкін:

А) монополиялық бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар;

Ә) жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін кейбір фирмалар;

Б) бәсекелес емес нарықта іс-әрекет жасайтын монополистер мен олигополистер; В) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.

5. Монополиялық бәсеке нарығына тән емес жағдай:

А) Нарыќта дифференциалды тауарлар өндiрiледi.

Ә) Сатушылыр саны көп болады.

Б) Фирмалар көбiнесе ауыстырушы тауарлар өндiредi.

В) Салаға кiру және шығу өте ќиын.

Г) Нарыќтағы өнiм көлемi, баға және басќа да жағдайлар туралы деректер белгiлi болады.

6.. Ұзаќ мерзiм кезенiнде монополиялық бәсекешi фирма:

А) Монополистке айналады.

В) Олигополия нарығына ауысады.

С) Жетiлген бәсекешi фирмаға ұќсайды.

Д) Нарыќтан кетуге мәжбүр болады.

Е) Дұрыс жауабы жоќ.

7. Қысќа мерзiм кезенiнде монополиялық бәсекешi фирма пайдасын мейлiнше арттыру маќсатында мынадай шарт орындалғанша өнiм өндiре бередi:

А) MR=P.

В) MR=MC.

С) TR=TC.

Д) MR>P.

Е) MR<P

Есептер:

1-есеп. Монополиялық бәсеке нарығындағы сұраныс функциясы төмендегідей:

Qa=30-5Pa+2Pв

Ал жалпы шығындар функциясы былай бейнеленеді:

Tca=24+3Qa

Ұзақ мерзімдегі салада тепе-теңдік қалыптасқан уақытта Ра және Рв бағаларын анықтаңыз.

2-есеп. Өнімнің сұраныс функциясы төмендегідей:

P=20-0.5Q, ал

TC-0.04Q3-1.94Q2+32.96Q

  1. Өнімнің қандай көлемінде фирма барынша көп пайдаға ие болады?

  2. Пайданың мөлшері неге тең?

  3. Бұл жағдай нарықтың қандай түріне жатады.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы:

Тапсырманың мақсаты: Бағалық емес бәсеке нарығын талдау

Презентация тақырыбы: Бағалық емес бәсеке (жарнама).

Топ 2-3 топшаға бөлініп жеке фирмалар құрады. Олар өндіретін өнім түрлерін анықтап, сол өнімді жарнамалайды. Қай топшаның өнімі әділ қазылар алқасы мүшелерін көбірек қызықтырады, сол топша жеңіп шығады. Әділ қазылар алқасы мүшелері топ арасынан таңдап алынады.

Студенттің өзіндік жұмысы.

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1.Кеңістіктегі монополиялық бәсеке.

2.Бағалық емес бәсеке жарнама.

Бақылау түрлері: қысқаша конспект

Әдебиеттер

1. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г.

2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиев Қ.С., Тілеужанов М.Ә. Микроэкономика-Алматы: 2000жыл.

4.Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М:2002г.

5.Әубәкіров Я: Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998 жыл

6.Долан Ә, Линдсей Д: Рынок: микроэкономичекская модель, 1994 год

9 – тақырып. Олигополия нарығы.