Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

26.Монополиялық билікке болу үшін фирма:

А) бірінші болып бағаны төмендету керек;

Ә) бағаны шекті шығындардан төмен белгілеу керек;

Б) басқа фирмалармен келісімге келуі керек;

В) бағалық қақтығыс жүргізу керек;

В) бағаны шекті шығындардан жоғары белгілеуі керек.

27.Тиімді баға дискриминациясын іске асыру үшін төмендегілердің қайсысы қажет емес?

А) нарықты бөлу керек;

Ә) өте икемдік жиынтық сұраныс;

Б) әр түрлі нарықтағы сұраныстың әр түрлі бағалық икемділігі;

В) нарықтарды бір-бірінен ажыратып, әр түрлі салыстырмалы сұраныс икемділігі бар тұтынушылардың тауарды қайта сатып жіберуіне жол бермеу;

Г) белгілі бір тауарды әр түрлі сатып алушыға әр түрлі бағамен сату.

28 Нарықта әлеуметтік оңтайлы баға орнатылады дегенді былай түсінеміз:

А) қоғам үшін қосымша өндірілген өнім бірлігін тұтынудың бағалығы оның өндіріс шығындарынан жоғары болады;

Ә) нарықта тауардың артықшылығы да, жетіспеушілігі де болады;

Б) қоғам үшін қосымша өндірілген өнім бірлігін тұтынудың бағалығы оның өндіріс шығындарынан тең болады;

В) қоғам үшін қосымша өндірілген өнім бірлігін тұтынудың бағалығы оның өндіріс шығындарынан төмен болады;

Г) нарық былай іс-әрекет жасайды: қосымша өндірілген өнім бірлігін сатып алғысы келетін әрбір тұтынушы оны ағымдағы нарық бағасы мен ала алады.

29. Көпшілік елдерде іс-әрекет жасайтын монополияға қарсы заңдар бірінші кезекте төмендегіні қамтамасыз етуді көздейді:

А) монополияға тыйым салуды;

Ә) экономикалық еркіндікті;

Б) бәсеке шарттарын;

В) бағаны реттеуді;

Г) орталықтан жоспарлауды.

30. Мемлекеттік саясаттың қай шарасы монополист- фирманың сату көлемін көбейтуге әкелмейді:

А) фирманың өніміне жоғары деңгейдегі баға тағайындау;

Ә) фирманың өніміне акциз салығын тағайындау;

Б) жерді пайдаланудағы салықты төмендету;

В) фирманың өніміне төменгі деңгейдегі баға тағайындау;

В) жоғары да айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.

31. Пайдасын мейлінше арттыратын монополистің бағаны төмендетуі төмендегінің қайсысымен байланысты?

А) сұраныстың азаюымен;

Ә) өндіріс тиімділігінің жоғарылауымен, шекті қайтарымның көбеюімен;

Б) сату көлемінің көбеюімен;

В) өндіріс тиімділігінің азаюымен;

Г) бірге қолданылатын тауарлар бағасының төмендеуімен.

32.Егер монополист өнім шығаруды азайтса, онда:

А) монополистің пайдасы көбейеді;

Ә) монополистке зиян әкеледі;

Б) тауардың бағасы төмендейді;

В) шекті түсім көбейеді;

Г) монополистке ешқандай әсер етпейді.

Есептер

1-есеп : Монополист өндірушінің шекті шығыны 1 тоннаға 50 мың теңгеден болды, ал нарықта бұл тауарлардың 1 тоннасының бағасы 80 мың теңгеден сатылатын болса, онда монополиялық биліктің күшін анықтаңыз?

2-есеп: Қазіргі кезде фирма өз өнімінің әр данасын 50 теңгеден сатып, жоғары деңгейдегі пайда табуда. Ұтымды өнім көлемі 5 дана. Қосымша зерттеулер жалпы шығын мен шығарылатын өнім көлемінің арасындағы байланыстың келесі заңдылыққа бағынышты екендігін көрсетеді:

ТС=2Q2+2Q; Осы фактілерге сүйене отырып, берілген фирманы монополист деп атауға бола ма?

Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысы:

Тапсырманың мақсаты:

1.Монополиядан болған залалдың бағасы.

2.Бағалық алалаудың түрлері.

3.Шекті бағалар белгілеу, салық салу.

Бақылау түрлері:

1.Есептер шығару.

2.Дебат өткізу.

Дебатты өткізу тәртібі:

Екі команда құрылады: Үкімет және Оппозиция. Олар екі мүшеден тұрады. Оппозиция монополияның болу керектігін қорғайды, ал Үкімет монополияның керек жоқтығын дәлелдейді. Парламент екі жақты тыңдаған соң, резолюцияны қабылдайды.

Әдебиеттер

1. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г. С. 123-128.

2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиев Қ.С., Тілеужанов М.Ә. Микроэкономика-Алматы: 2000жыл, 318бет.

4.Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М:2002г.С264-267.

5.Әубәкіров Я: Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998 жыл 2 – бөлім бет 152 – 165

6.Долан Ә, Линдсей Д: Рынок: микроэкономичекская модель, 1994 год, гл 7 – 9, стр 163 – 240.

8-тақырып Монополиялық бәсеке нарығы.