Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

9. Табиғи монополияға мысал бола алатын:

А) " Центр-кредит" банкі; Ә) ОПЕК халықарылық мұнай картелі; Б) ІВМ крмпаниясы; В) қала метрополитені; Г) " Караван" баспасы.

10. Баға белгілудегі "бас бармақ" тәртібінің мәні неде?

А) бағалық белгілер беруде; Ә) нарықтың үлкен үлесінде; Б) бағаны салыстырмалы түрде шекті шығындардан гөрі жоғарылатуда; В) пайданы мейлінше арттыратын бағаны белгілеуде; Г) шекті шығындарды бағадан гөрі жоғарылатуда.

11. Монополияны енгізу:

А) қоғамдық әл-ахуалды жоғарылатады; Ә) өнім өндіруді көбейтеді және бағаны азайтады; Б) өнім өндіруді және салықты көбейтеді; В) өнім өндіруді қысқартады және бағаны төмендетеді; Г) өнім шығаруды қысқартады және бағаны жоғарылатады.

12. Электронды құрал-жабдықтарды өндіруші монополист МR=180; МС=6Q болған кездегі өнім көлемін шығарады және сатады. Фирманың ең жоғары деңгейде пайда алатын өнім көлемін анықтаңдар:

А) 186; Ә) 3; Б) 60; В) 30; Г) 174.

13. Монополистің өніміне деген сұранысфункцисы: Р=200-Q бұндағы Р-өнімнің бағасы, доллармен. Егер монополист айына 20 бірлік өнім шығаратын болса, онда оның жалпы табысы қанша?

А) 400$; Ә) 4000$; Б) 3600$; В) 180$; Г) 200$.

14. Монополистің жалпы шығындарының функциясы: ТС=100+3Q, бұндғы Q-бір айда өндірілетін өнім көлемінің саны; түсім функциясы: R=10 Q. Пайда функциясын анықтаңдар:

А) 7Q -100; Ә) 100+13Q Б) 100+7Q В) 100-13Q Г) 13Q.

15. Монополия нарығында баға мен шекті түсім арасында қандай арақатынас болуы керек?

А) шекті түсім бағадан жоғары; Ә) баға шекті түсімге тең; Б) баға шекті түсімнен жоғары; В) баға шекті түсімнен төмен; Г) шекті түім бағаға және жоғары шекті шығындарға тең.

16. Ең жоғары деңгейде пайда табу үшін монополист төмендегі шарттардың қайсысының орындалуына сәйкес келетін өнім көлемін шығару керек?

А) шекті шығындар өнімнің бағасына тең; Ә) шекті түсім шекті шығындарға тең; Б) шекті шығындар жалпы шығындарға тең; В) шекті түсім жалпы шығындарға тең; Г) орташа шығындар өнімнің бағасына тең

17. Егер монополистің сұраныс қисығы: Р=30-2Q болса, онда:

А) шекті шығындар орташа шығындардан аз; Ә) баға шекті түсімнен аз; Б) баға шекті түсімнен көп; В) баға шекті түсімнен көп; Г) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.

18. Сызықтық сұраныс қисығы: Р=400-5Q және сату көлемі 20 бірлік болатын монополист үшін баға деңгейін анықтаңдар:

А) 20; Ә) 400; Б) 100; В) 500; Г) 300.

19. Қандай өнім көлемінде монополист-фирма пайдасын мейлінше арттырады:

А) Q1-де; Ә) Q2-де; Б) Q1мен Q2 аралығында; В) Q1-ден аз көлеміне; Г) Q2-ден көп көлемде .

20. Монополия нарығында фирма төмендегілерге әсер ете алады:

А) тек қана бағаға, көлем берілген болып қабылданады; Ә) тек қана көлемге, баға нарықпен беріледі; Б) сату көлемі мен бағаға; В) жарнама компаниясына; Г) еңбекақыға.

21. Пайдасын мейлінше арттыратын монополист;

А) шекті шығындары шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады; Ә) шекті шығындары шекті түсімнен жоғары болғанға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады; Б) баға шекті шығындарға тең болғандағы өнім көлемін шығарады; В) шекті түсім теріс сан болғанда өнім өндірмейді; Г) баға шекті шығындардан төмен болғандағы өнім көлемін өндіреді.

22. .Мұражайға кіру ақысы қазақстандықтарға қарағанда шетел азаматтары үшін едәуір жоғары. Бұл жағдай төмендегілердің қайсысына мысал бола алады?

А) бағалық дискриминацияға;

Ә) берілген ауқымдағы монополияға;

Б) мемлекет реттеудің болмауына;

В) мемлекет тарапынан берілген ауқымды қаржыландыруға;

Г) өкімет тарапынан бақылаудың болмауына.

23. Бағалық дискриминация дегеніміз:

А) сапасы неғұрлым жоғары тауарлардың бағасын жоғарлату;

Ә) ұлтына және жынысына қарай еңбекақыдағы өзгешіліктер;

Б) тұтыну тауарларына жоғары баға белгілеу арқылы еңбекшілерді қанау;

В) белгілі бір тауарды әр түрлі сатып алушыға әр түрлі бағамен сату;

В) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.

24.Фирма барлық тұтынушы ұтымын иемдене алады, егер:

А) нарықты монополияландырса;

Ә) жетілген бағалық дискриминация жүргізсе;

Б) шекті түсім мен шекті шығындар арасындағы айырманы мейлінше артырса;

В) нарықты сегменттесе;

В) жалпы пайданы мейлінше арттырса.

25. Монополист-фирманың өніміне деген сұраныстың икемділігі арқылы көрсетілген Лернер коэффициентін L=1/Ed қарастыра отырып, мынадай қорытынды айтуға болады. Егер сұраныс өте икемді болса,онда:

А) бұл монополиялық билікке әсер етпейді;

Ә) монополиялық билік көп және фирма монополиялық нарықта жұмыс істейді;

Б) монополиялық билік аз, ал нарық жетілген бәсекеге жақын болады;

В) билік біркелкі болып бөлінбейді, тек қана бір фирма көшбасшы (лидер) болады;

В) сұраныс қисығы тік болады.