Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

15. Егер түсім 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құраса, онда фирманың пайдасы қандай болады?

А) 0; Ә) 35; Б) 40; В) 75; Г) 5.

16. Егер түсім қисығы R=15Q формуласымен бейнеленсе, онда бәсекелес нарықта баға қандай болады?

А) -15; Ә) 0; Б) 15; В) 225; Г) 25.

17. Баға төмендігі көрсеткіштердің қайсысынан жоғары болғанда фирма шығындармен жұмыс істей алады?

А) шекті шығындардың ең төменгі деңгейінен; Ә) орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен; Б) жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен; В) тұрақты шығындардың ең төменгі деңгейінен; Г) орташа тұрақты шығындардыңең төменгі деңгейінен.

18. Егер өнімнің бағасы Р=20теңгеге, ал өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы орташа шығындар АТС=18 теңге болса, онда өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы пайда қаншаға тең болады?

А) 18; Ә) 20; Б) 2; В) 38; Г) 0.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы:

Тапсырманың мақсаты

1. Жетілген бәсекелес фирманың ұзақ мерзім кезеңіндегі атқарушы механизмін оқу.

Бақылау түрлері:

1. Сызбалық үлгілер бойынша сұрау.

2. Есептер шығару.

Есептер.

1-есеп. Бәсекелес фирманың тұрақты шығындары 50мың теңге болсын. Жалпы өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне байланысты бір жылдағы өзгерісі кестеде берілген.

Q,мың. дана

1

2

3

4

5

6

TVC,мың теңге.

40

70

95

130

185

275

Қысқа мерзімді кезеңде өнім бірлігі бағасының деңгейлері келесідей болғандағы: 25, 30, 34, 50, 60, 90 теңге, фирма ұсынысын анықтаңыз. Бағаның әр деңгейлеріндегі шығынның немесе пайданың шамаларын көрсетіңіз. Фирманың ұсыныс қисығын салыңыз.

2-есеп. Бағаны мемлекет тарапынан реттеу болып, 1979 жылдың жазында АҚШ-та бензиннің бағасына шектеу белгіленеді. Бұл мысалдан бензинге деген сұраныс қысқа мерзімде өте икемсіз, ал ұзақ мерзімде икемді деп ұйғарып, тұтынушы мен өндіруші ұтымдары қысқа және ұзақ мерзімде қалай өзгеретінін талдаңыз.

Әдебиеттер

1. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г. С. 45.

2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиев Қ.С., Тілеужанов М.Ә. Микроэкономика-Алматы: 2000жыл, 263-266 бет.

7-тақырып. Монополия және монополиялық билік.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

- монополия жағдайында нарықтың әрекет ету механизмін анықтау.

Талдау сұрақтары:

1. Монополияға жалпы сипаттама.

2. Монополия қысқа мерзім кезеңінде.

3. Монополия ұзақ мерзім кезеңінде.

Тестілік тапсырмалар:

1. Монополия жағдайында шекті түсім қисығының көлбеуі қандай?

А) ол тік болады; Ә) оң сан; Б) ол горизонталь болады; В) теріс сан; Г) көлбеу терістен оңға өзгереді.

2. Фирма-монополист оң пайдаға ие болады, егер:

А) баға тұрақты шығындарға тең болса; Ә) баға орташа шығындардан жоғары болса; Б) баға айнымалы шығындардан аз болса; В) баға тұрақты шығындардан аз болса; Г) баға айнымалы шығындардан аз болса.

3. Төменде айтылғандардың қайсысы тек қана монополиялық нарықтың белгісі болады?

А) бір сатушы және бірнеше сатып алушы; Ә) нарық шарттары туралы ақпараттар бар; Б) өнімдерді саралау (дифференциялау); В) көп тұрақты шығындар; Г) баға шекті шығындарға тең.

4. Нарыққа еркін кіріп және одан шығу төмендегі нарықтың қайсысында жоқ?

А) монополиялық бәсекеде; Ә) еңбек нарығында; Б) жетілген бәсекеде; В) олигополиялық бәсекеде; Г) монополияда.

5. Монополистің шекті шығындары 20 теңге. Өнімнің әрбір қосымша бірлігінен түсетін түсім 60 теңге. Қосымша пайда қандай:

А) 80; Ә) 20; Б) 60; В) 40; Г)-40.

6. Монополистің жалпы шығындар функциясы: ТС=100+3Q. Шекті шығындар қандай?

А) 100; Ә) 3; Б) 103; В) 30; Г) 0.

7. Монополистің өніміне деген сұраныс функциясы: Р=15-Q. Егер монополист 5 бірлік өнім шығаратын болса, онда түсім қандай болады?

А) 25; Ә) 10; Б) 50; В) 15; Г) 20.

8. Монополистің жалпы шығындар функциясы: ТС=100+3Q2. Шекті түсім 30 теңгеге тең.Монополист қанша өнім шығару керек?

А) 5 ; Ә) 30; Б) 6; В) 50; Г) 15.