Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Семинар сабағы.

Сабақтың мақсаты:

- нарықтағы адамдардың мінездемелерімен танысу.

- жетілген бәсеке жағдайында нарықтың әрекет ету механизмін анықтау.

Талдау сұрақтары:

1. Бәсеке нарық элементі.

2. Нарықтың құрылымдық жіктелуі.

3. Жетілген бәсеке нарығына жалпы сипаттама.

4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі кәсіпорын және нарық.

5. Тұтынушы мен өндірушінің ұтымы.

Тестілік тапсырмалар (бір ғана жауапты табу керек).

1. Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген жеке сұраныс қисығының пішіні қандай болады?

А) U –тәрізді пішінде; Ә) вертикаль; Б) сұраныс қисығының көлбеуі оң болады; В) горизонталь; Г) вертикальға жақын пішінде.

2. Қай уақытқа дейін фирма нарықтан кетпейді және шығындары болса да жұмыс істейді?

А) баға ең төменгі деңгейдегі орташа айнымалы шығындардан жоғары болса; Ә) баға шекті шығындарға тең болса; Б) баға жалпы шығындардан жоғары болса; В) баға орташа шығындардан жоғары болса; Г) баға жалпы шығындарға тең болса;

3. Жетілген бәсеке нарығында Лернер коэффициентінің мәні қандай болады?

А) І; Ә) теріс сан; Б) оң сан; В) 0; Г) -1.

4. Жетілген бәсеке үлгісін тұрғызғанда төмендегі жорамалдардың қайсысы жасалады?

А) тауарлар бір қалыпты болмайды; Ә) тауарлар бір қалыпты, сатып алушылар мен сатушылар саны өте көп, нарыққа кіруге және одан шығуға тосқауыл қойылмайды; Б) сатып алушылар мен сатушылар саны өте аз; В) нарыққа кіруге және одан шығуға тосқауыл қойылады; Г) ақпараттың жоқ болуы.

5. Жетілген бәсеке нарығында пайданы мейлінше арттыру шарты: Р –баға; МR –шекті түсім; МС –шекті шығындар.

А) MR>MC; Ә) P>MC; Б) MC<P; В) P=MR=MC; Г) P>MR.

6. Қысқа уақыт мерзімінде фирманыңұсыныс қисығы төмендегінің қайсысымен бейнеледі?

А) шекті шығындар қисығының min АТС-тан (ең төменгі шамадағы орташа шығындар) жоғары орналасқан бөлігімен; Ә) шекті шығындар қисығының min АVС-тан төмен орналасқан бөлігімен; Б) шекті шығындар қисығының min АVС-тан (ең төменгі шамадағы орташа айнымалы шығындар) жоғары орналасқан бөлігімен; В) жалпы шығындар қисығының айнымалы шығындардан жоғары орналасқан бөлігімен; Г) классикалық ұсыныс қисығымен.

7. Жетілген бәсеке нарығындағы фирма төмендегілердің қайсысын берілген деп қабылдайды?

А) тауардың бағасын; Ә) сұраныс көлемін; Б) орташа шығындар қисығын; В) тәртіп стратегиясын; Г) тұрақты шығындар қисығын.

8. Төменде аталғандардың ішінде қай белгі тек қана жеілген бәсекеге тән болады?

А) фирманың пайдасын мейлінше арттыруы; Ә) фирманың нарықта үстемдік жүргізе алмауы; Б) нарықтың шарттары туралы ақпараттардың жеткіліктілігі; В) бағаның фирманың шекті түсіміне тең болуы; Г) фирманың ұзақ уақыт мерзімінде экономикалық пайда алуы.

9. Бәсекелес фирманың "азын-аулақ және көптік" деген белгісі нені білдіреді?

А) тауарлар аз, сатушылар көп; Ә) сатып алушылар аз және сатушылар көп; Б) сатып алушылар көп, фирманың түсімі аз; В) тауарлар көп, сатушылар аз; Г) сатып алушылар мен сатушылар саны көп, ал әрбір фирманың сату үлесі аз.

10. Жетілген бәсеке нарығының сипаттамасы болып табылады.

  1. Фирманың шекті табысы бағаға тең.

Ә) Фирма нарықта билік орната алмайды.

Б) Нарық туралы мәлімет болу керек.

  1. Фирма пайданы арттырады.

Г) Ұзақ мерзімде фирма экономикалық пайданы алады.

11. Жетілген бәсеке нарығындағы жұмыс істейтін фирманың пайда арттыру шарты.

  1. MR=MC шарты.

Ә) MR=MC=P шарты.

Б) Саладан шығуға немесе ену кедергі болмауы.

  1. MC=P шарты.

Г) MC<P.

12. Фирманың түсімі қалай анықталады?

А) R=Q-Р; Ә) R=Р+Q Б) R=Р*Q В) R=Р-Q Г) R=Q

13. Жетілген бәсеке нарығында жұмыс істеп тұрған фирма тауардың бағасы Р=250 теңге болғанда қандай шамада өнім шығару керек. Шекті шығындар функциясы берілген: МС= 10+Q:

А) 0; Ә) 250; Б) 100; В) 240; Г) 10.

14. Егер фирманың өніміне деген сұраныс қисығы Р=25, ал өнім көлемі Q болса, онда түсім функциясының түрі қандай?

А) R=25+Q Ә) R=25Q Б) R=25-Q В) R=25/Q Г) R=Q