Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

- өндіріс ауқымының әсерін және шекті өнімділіктің азаю заңын оқыту.

- ҒТП типтерін оқыту.

Талдау сұрақтары:

  1. Өндірістік функция және оның сызбалық көрінісі.

  2. Жалпы, орташа, шекті өнім.

  3. Шекті өнімділіктің азаю заңы, өндіріс ауқымының әсері.

  4. Кобб-Дуглас функциясы.

Тестілік сұрақтар.

1. Өндірістік функция төмендегіні сипаттайды.

А) еңбек өнімділігі;

Ә) өндірістік шығындардың қисығын;

Б) капитал өнімділігін;

В) өндірістің техникалық тиімді тәсілдерінің көпшілігін;

Г бір ресурсты басқа ресурспен.

2. Изокванта нені көрсетеді?

А) табыс пен баға арасындағы өзара байланысты;

Ә) тұтынушы қалауын;

Б) капитал мен еңбектің әр түрлі тіркестерін пайдаланып, бірдей деңгейдегі өнім көлемін шығаруды;

В) табыс пен баға арасындағы өзара байланысты;

Г табыс әсері мен ауыстыру тиімділігін.

3. Изоквантаның көлбеуі төмендегінің қайсысын сипаттайды?

А) еңбектің орташа өнімін;

Ә) шығарылатын тауар бағаларының қатынасын;

Б) технологиялық ауыстырудың шекті нормасын;

В) капиталдың орташа өнімін;

Г шекті пайдалылықтың азаю принципін.

4. Ресурстардың бірін-бірі қатаң толықтыратын жағдайында изоквантаның түрі төмендегідей болады:

А) горизонталь сызық;

Ә) бір нүктеден шығатын перпендикуляр түзулер;

Б) парабола;

В) сынық сызық;

Г вертикаль сызық.

5. Координаттар осінен неғұрлым қашық орналасқан изокванта төмендегіні көрсетеді:

А) ауқым өсуінің ең көп тиімділігі;

Ә) ең аз өндіруді;

Б) ең жақсы технологияны;

В) қажетті ресурстардың ең аз шамасын;

Г) ең көп өндіруді.

6.Келесі деректерді пайдаланып еңбектің орташа өнімін анықтаңдар:

Мерзім

Жалпы өнім

Еңбек саны

1

210

3

А) 80;

Ә) 82,5;

Б) 0,014;

В) 70;

Г) 630.

7. Еңбектің шекті өнімін анықтаңдар:

Мерзім

Жалпы өнім

Еңбектің саны

1

210

3

2

450

5

А) 80;

Ә) 160;

Б) 90;

В) 70;

Г) 120.

8. Еңбектің орташа өнімі нені сипаттайды?

А) тарифтік мөлшерлемені;

Ә) капитал өнімділігін;

Б) еңбек өнімділігін;

В) жұмыспен қамтылғандардың санын;

Г) жалпы өнім өндіруді.

9. Шекті өнімділіктің азаю заңы бекітеді:

А) қосымша жұмысшыны жалдағанда өнім шығару жоғарылайды, бірақ мейлінше баяу;

Ә) қосымша жұмысшыны жалдағанда өнім шығару төмендейді;

Б) еңбекақы өскенде өнімділік қысқарады;

В) қосымша жұмысшыны жалдағанда шекті өнімділік өседі;

Г) өнімділіктің өсуі қарқындады.

10. Өндірістік функция берілген: У=25K0,3,L0,1. Өндірістік өсу ауқымы:

А) 0-ге тең;

Ә) өспелі;

Б) тұрақты;

В) кемімелі;

Г) оң сан.

11. Өндірістік функция берілген: У=25K0,3,L0,1. Икемділік коэффициенттерін анықтаңдар:

А) 0,3; 0,1;

Ә) 25; 0,1;

Б) 0,4; 0,5;

В) 0,5; 0,1;

Г) 25; 0,5.

12. Өндірісте капитал мен еңбек 2 есе өсті. Соның нәтижесінде өнім шығару да 2 есе өсті. Ауқым өсуінің қандай тиімділігі байқалады?

А) өспелі;

Ә) тұрақты;

Б) кемімелі;

В) 0-ге тең;

Г) теріс сан.

13.Сызықтық өндірістік функция берілген: Y=32+20K-5L. Еңбектің шекті өнімділігі неге тең?

А) -5;

Ә) 5;

Б) 32;

В) 20;

Г) 37.

14. Сызықтық өндірістік функция берілген: Y=32+20K-5L. Капиталдың шекті өнімі неге тең?

А) 32;

Ә) -5;

Б) 20;

В) 52;

Г 37.

15. У=25K0,3,L0,1 өндірістік функцияда өнім шығару: У=100 болып, еңбек шығындары: L=10 болғанда еңбектің шекті өнімі тең болады:

А) 1;

Ә) 10;

Б) 100;

В) 0,1;

Г 25.

Есептер.

1-есеп. Жұмысшылар санының 1%-ке көбеюінің нәтижесінде өнім шығару 1,2%-ке өсті. Берілген фирмада 20 адам жұмыс істеп, олар 100 теңге мөлшерінде өнім өндірген жағдайдағы еңбектің шекті өнімділігін анықтаңдар.

2-есеп. Шағын фирманың өндірістік функциясы келесі түрде берілген:

У=0.9*К 0,6* L0,5

Талдау кезеңінде капитал мөлшері 200-ден 240 өлшемге дейін көбейген, ал еңбек 60-тан 66 өлшемге дейін көбейсін. Осының нәтижесінде өндіріс көлемі қаншаға көбейеді.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы