Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

8. Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегі шарттардың қайсысы орындалғанда жетеді?

А) талғамсыздық қисығы мен бюджеттік шектеу сызығының қиылысу нүктесінде; Ә) талғамсыздық қисығы мен бюджеттік шектеу сызығының жанама нүктесінде; Б) бюджеттік шектеудің бойында орналасқан барлық нүктелерде; В) талғамсыздық қисығының барлық нүктелерінде; Г) бюджеттік шектеудің координаттар осін қиып өтетін нүктелерінде.

9. Әнел өзінің табысын тек қана Х және У тауарларын сатып алуға жұмсайды. Х тауарының бағасы Рх=1 теңге; У тауарының бағасы Ру=4 теңге. Осы тауарларды тұтынғандағы пайдалылықты ең жоғары деңгейге жеткізу үшін Әнел нені ескеру керек?

А) барлық табысын тек қана Х тауарын сатып алуға жұмсауы керек; Ә) осы тауардан бірдей шамадан алуы керек; Б) ауыстырудың шекті нормасы (MRS) ¼-ке тең болуы керек; В) барлық табысын тек қана У тауарын сатып алуға жұмсауы керек; Г) Әнелге кеңес беруге ақпараттар жеткіліксіз.

10. Сатып алушы үшін нанның шекті пайдалылығы төмендегідей:

Нанның саны

1

2

3

4

Шекті пайдалылық (МU)

20

18

16

14

Егер осы сатып алушы үш бөлке нансатып алатын болса, онда жалпы пайдалылық қандай болад?

А) 14; Ә) 10; Б) 60; В) 25; Г) 54.

11. Жалпы пайдалылық функциясы төменде айтылғандардың қайсысы орындалғанда ең жоғары деңгейге жетеді?

А) шекті пайдалылық ең жоғары шамаға тең; Ә) шекті пайдалылық өседі; Б) шекті пайдалылық төмендейді;

В) шекті пайдалылық 0-ге тең; Г) шекті пайдалылық өзгермейді.

12. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттерін анықтаңдар:

А) талғамсыздық қисықтары координаттар осіне қатысты ойыс болады; Ә) талғамсыздық қисықтарының көлбеуі оң болады; Б) әр нүктесінде әр түрлі деңгейдегі қанағаттануды сипаттайды; В) талғамсыздық қисықтары қилысады; Г) дұрыс жауабы жоқ.

13. Х тауарын У тауарымен ауыстырудың шекті нормасы 3-ке тең. Бұны төмендегінің қайсысы көрсетеді?

А) Х тауары У тауарынан гөрі 3 есе бағалы; Ә) У тауарының қосымша 1 бірлігін алу үшін тұтынушы Х тауарының 3 бірлігін қысқарту керек; Б) Х тауарын тұтыну У тауарын тұтынудан гөрі қалаулы; В) тауарлар тең бағалы; Г) тауарлар бірін-бірі ауыстыра алмайды.

14. Табыс өзгергенде бюджет сызығы қалай өзгереді?

А) егер табыс өссе, бюджет сызығы жоғары жылжиды; Ә) бюджет сызығының көлбеуі өзгереді; Б) егер табыс өссе, бюджет сызығы төмен жылжиды; В) баға қатынастары өзгереді; Г) табыс бюджет шектеуіндегі өзгерістерге әсер етеді.

15. Мұрат үшін сүттің жалпы пайдалылығы төмендегідей бағаланады:

Сүттің мөлшері (стакан)

1

2

3

4

5

Жалпы пайдалық (ТU)

8

16

21

24

25

Егер ол үшін стакан сүт ішсе, онда шекті пайдалылық (МU) неге тең?

А) 7; Ә) 9; Б) 5; В) 45; Г) 24.

16. У=15-1/2Х бюджет шектеуі қисығының көлбеуі неге тең?

А) 15; Ә) 1/2; Б) -1/2; В) 5; Г) 7/2.

17. Бюджет шектеуі У=15-0,8Х болып, тұтынушы Х тауарын сатып алмайтын жағдайда У тауарының қандай шамасын сатып алады?

А) 250; Ә) 0,8; Б) 0,2; В) 25; Г) 0.

18. Тұтынушының табысы айына 10000 теңгені құрайды. Азық-түлік тағамдарының орташа бағасы-500теңге (Рх=500), киімнің бағасы -2500 теңге (Ру2500). Бюджет шектеуінің ОХ және ОУ осьтерін қиып өтетін координаттар нүктесін анықтаңдар:

А) 20; 4; Ә) 1/20; 1,4; Б) 2; 40; В) 40; 2; Г) 20; 40.

19. Тұтынушының ақшалай табысы азаяды және оның Y тауарына сұранысы жоғарылады. Осыған байланысты Y тауарын төмендегілердің қайсысына жатқызамыз?

А) сапасы төмен тауарға;

Ә) ауыстырушы тауарға;

Б) толықтырушы тауарға;

В)қалыпты тауарға;

Г)бірінші қажетті тауарға.

20. Горизонталь осьте орналасқан Х тауарының бағасы төмендегенде:

А) тұтынушының талғамсыздық қисығы оңға жылжиды;

Ә) талғамсыздық қисығы координаттар осінің басынан жылжиды;

Б) бюджет сызығы координаттар басына қарай жылжиды;

В) бюджет сызығы горизонталь осьтің бойымен оңға жылжиды;

Г) бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының жанасу нүктесі оңға жоғары жылжиды.

21. «Табыс-тұтыну» қисығы:

А) барлық уақытта оңға жоғары бағытталады;

Ә) табыстың әр түрлі деңгейіне сәйкес келетін тауарлардың барлық тепе-тең жиындарын байланыстырады;

Б) тұтынушылардың талғамы мен таңдауына тәуелді емес;

В) бұл-табыс өскен кезде оның бойындағы ауыстырудың шекті мөлшері өсетін қисық;

Г) бұл-табыс өскен кезде оның бойындағы ауыстырудың шекті мөлшері азаятын қисық;

22. Табыстың өсуіне байланысты тұтынушылар талғамының өзгеруін бейнелейтін қисық :

  1. ’’ Табыс– тұтыну ’’.

Ә) ’’ Баға – тұтыну ’’.

Б) ’’ Баға – шығындар ’’.

  1. ’’ Баға – көлемі ’’.

Г) ’’ Көлем – табыс ’’.

23. Тауар бағасының өзгеруіне байланысты тұтынуда байқалатын өзгерістерді көрсететін:

А) ауыстыру тиімділігі;

Ә)табыс әсері;

Б) ауыстыру тиімділігі мен табыс әсерінің қосындысы;

В) ауыстыру тиімділігі мен табыс әсерінің айырмасы;

Г) ауыстыру тиімділігі мен табыс әсерінің көбейтіндісі.

24. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

А) кез келген тауар үшін ауыстыру тиімділігі теріс сан болады;

Ә) қалыпты тауар үшін табыс әсері теріс сан болады;

Б) әлбетте ауыстыру тиімділігі табыс әсерінен жоғары болады;

В) табыс әсері сапасы төмен тауарлар үшін оң сан болады;

Г) табыс әсерінің ауыстыру тиімділігінен жоғары болуы мүмкін емес.

25. Тауардың бағасы төмендегенде тұтынушылардың оны сатып алу көлемі:

А) көбейеді;

Ә) азаяды;

Б)өзгермейді; В) көбейеді, өзгермейді;

Г) жауап беруге деректер жеткіліксіз.

26. Жеке тұтынушының сұраныс қисығы төмендегінің қайсысының негізінде тұрғызылады?

А) нарықтық сұраныс қисығының;

Ә) «табыс-тұтыну» қисығының;

Б) Энгель қисығының;

В) «баға-тұтыну» қисығының;

Г) нарықтық ұсыныс қисығының;

27. Ауыстыру тиімділігі тауардың бағасы өзгергендегі тұтынудың өзгеруін білдіреді, егер:

А) тұтынушының табысы тұрақты ұсталып тұрса;

Ә) тұтынушының қанағаттану деңгейі тұрақты ұсталып тұрса;

Б) басқа тауардың бағасы өзгермесе;

В) қозғалыс бюджет сызығының бойында болса;

Г) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.

28. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

А) егер шекті пайдалылық азайса, онда жалпы пайдалылық та азаяды;

Ә) «баға-тұтыну» қисығы сұраныс қисығын тұрғызудың негізі болып саналады; Б) талғамсыздық қисығының бойында орналасқан нүктенің әрқайсысы тұтынушының бірдей табыстарын көрсетеді;

В) егер тұтынушының табысы жоғарласа, онда бюджет сызығы солға қарай жылжиды; Г) қажеттіліктерді қанағаттандыруды деңгейінің өзгеруі салдарынан бюджет сызығының жылжуы болады.

Есептер:

1-есеп. X затын тұтынғандағы шекті пайдалылық келесі кестеде берілген:

Заттың мөлшері

Шекті пайдалылық

Жалпы пайдалылық

1

20

2

18

3

16

4

14

5

12

6

10

Осы деректерді пайдаланып жалпы пайдалылықты анықтаңыз.

2-есеп. Мақсұт аудио және видео кассеталардың бастапқы бағасын ескере отырып және өзінің табыс деңгейіне қарай 2 видео және 4 аудио кассеталарын сатып алуды таңдайды. Содан ең жоғары пайдалылық алғысы келеді. Мақсұттың табысы және осы тауарлардың бағасы өзгереді деп ұйғарсақ, онда бюджет сызығының теңдеуі былай болады:

У=12-2,4X

Мұнда, X,У-аудио және видео кассеталарының саны.

Мақсұт үшін пайдалылық көбейе ме? Жауабыңызды немқұрайлық қисығының графигі арқылы түсіндіріңіз.

3-есеп. Тұтынушының Х тауарын тұтынғандағы жалпы пайдалылығының функциясы TUх=20х-х2, У тауарын тұтынғандағы функциясы TUу=9у-2у2. Ол Х тауарының 5 данасын, У тауарының 2 данасын тұтынады. Шекті пайдалылық = 2/1, Х, У тауарларының бағасын анықтаңыздар. Мына өрнектерді пайдаланыңыз:

MU=dTUx/dx; MUy=dTUy/dy; MUx/Px=MUy/Px=λ ,

Мұндағы λ = ақшаның шекті пайдалылығы.

Студенттердiң оқытушымен өзiндiк жұмысы

Тапсырманың мақсаты.

1. Хикс және Слуцкий бойынша орын ауыстыру және

табыс әсерлерін анықтау.

Бақылау түрлерi:

1. Сызбалар бойынша сұрау.

2. Есептер шығару.

3. Іскерлік ойын.

Іскерлік ойынды жүргізу тәртібі:

Топтың ішінен бірнеше жақсы оқитын студенттерді таңдап алу қажет. Олардың міндеті студенттердің жұмысын дұрыс және тез орындалуын тексеру. Топтың студенттері екі топшаға бөлінеді. Бір топ Хикс бойынша, ал екінші топ Слуцкийдің нақты табысты анықтаудың әдісі бойынша бөлінеді. Екі топ әр түрлі тауарлардың сапасына және әр түрлі бағадағы өзгерістеріне орын ауыстыру әсерінің және табыс әсерлерін жалпы бағаның өзгерудегі әсерін графиктік түрде салу керек. Қай топ тез және дұрыс графиктерді салады, сол топ жеңіске жетеді.

Әдебиеттер:

1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиев Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика-Алматы: 2000жыл, 111-118беттер.

2. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г. С112-116.

3. Микроэкономика /Под.ред. Е.Б.Яковлевой. М:1997г. С.106-111.

4. Нурпейісов Ж.Қ. Микроэкономика негіздері. Астана, 2001ж. 13бет

4- тақырып. Өндіріс теориясы.