Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Тапсырманың мақсаты:

1. Салықтар мен субсидияларды енгізген жағдайды сызба түрінде көрсету.

Бақылау түрлері:

1. Сызбалық үлгілер бойынша сұрау.

2. Есептер шығару.

Іскерлік ойынды өткізу тәртібі.

Ойынның мақсаты: бәсекелес нарықтағы көптеген сатушылар мен сатып алушыларды қанағаттандыратын нарықтық тепе-теңдік бағаның құрылуын көрсету.

Студентер сатушы және сатып алушы болып екі топшаға бөлінеді. Бір адам жасалған келісімдер мен бағаны жазып отыратын тіркеуші ретінде сайланады. Ойынға қатысушылар ойын барысында өздерінің шығындары мен пайдаларын жазып өздеріне тиімді бағаны таңдап алуға тырысады.

Дайындық кезеңінде ойынға қажетті көрнекі құралдар мен мәліметтік парақтар таратылады.

Ойын ұзақтығы: 10 минуттан бірнеше сауда кезеңдері.

Әдебиеттер:

1. Микроэкономика /Под ред. Е.Б.Яковлевой. М:1997г. 157-62.

2. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М: 2002г. С.82-88

3. Нұрпейісов Ж.Қ. Микроэкономика негіздері. Астана, 2001ж. 13бет

3-тақырып. Тұтынушы таңдауы теориясы.

Семинар сабағы.

Сабақтың мақсаты:

  • Тұтыну көлеміне табыс пен бағаның әсер ету деңгейін анықтау.

  • Орын ауыстырушы және табыс әсерлерін талдау.

Талдау сұрақтары:

1. Тұтынушының тепе-теңдігі.

2. Сызық. Баға-тұтыну. Табыс тұтыну сызығы.

3. Энгельдің қисығы.

Тестілік тапсырмалар :

1. Шекті пайдалылықтың азаю принципі төмендегімен тұжырымдалады:

А) шекті пайдалылық өзгермейді; Ә) шекті пайдалылық өседі; Б) шекті пайдалылық азаяды; В) жалпы пайдалылық өзгермейді; Г) қосымша пайдалылық күрт өседі.

2. Егер төмендегі шарт орындалатын болса, онда тұтынушы ең жоғары деңгейдегі пайдалылыққа жетеді:

А) Рх/МUх= Ру/Мuу; Ә) МUх/Рх=MUу/Ру; Б) МUх/Рх<MUу/Ру; В) МUх/Рх>MUу/Ру; Г) МUх/Ру=MUу/Рх.

3. Талғамсыздық қисықтарына қандай қасиеттер тән болады?

А) төменде айтылғандардың бәрі; Ә) талғамсыздық қисықтарының көлбеуі теріс сан болады; Б) талғамсыздық қисықтары ешқашан қилыспайды; В) талғамсыздық қисықтары координаттар осіне қстысты ойыс болады; Г) басқа қисықтан гөрі жоғары және оңға орналасқан қисық көбінесе қалаулы болады.

4. Тұтынушы қаражатының шектеулі болуын түсіндіру үшін төмендегілердің қайсысын пайдаланамыз?

А) талғамсыздық қисығын; Ә) изоквантаны; Б) изокостаны; В) бюджет сызығын; Г) ауыстырудың шекті нормасын.

5. Кофе және темекіге Асқар бір жетіде 1000 теңге жұмсай алады. Егер темекенің бір будасы Рх=70 теңге, ал кофенің бір шыны аяғы Ру=50 теңге болса, онда Асқардың бюджетінің ектеуі қандай болады? Х-темекі,У-кофе.

А) 70Х-50Y=1000; Ә) 70Х+50 Y=1000; Б) 70Х- 50Y>1000; В) 70Х+50>1000; Г) 120(Х+Y)=1000.

6. Егер тұтынушының табысы өсетін болса, онда:

А) бюджет сызығы оңға параллельді түрде жылжиды; Ә) бюджет сызығының көлбеуі азаяды; Б) бюджет сызығының көлбеуі жоғарылайды; В) бюджет сызығы солға параллельді түрде жылжиды; Г) бюджет сызығы өзгермейді.

7. Егер бір игіліктің бағаы жоғарылайтын болса, онда:

А) қолма-қол табыс көбейеді; Ә) бюджет сызығы оңға параллельді түрде жылжиды; Б) бюджет сызығы солға параллельді түрде жылжиды; В) бюджет сызығы өзгермейді; Г) бюджет сызығының көлбеуі өзгереді.