Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

- Негізгі нарықтың механизмдерін оқу: бағаның құрылуы және бәсеке.

Бақылау түрлері:

1. Экспресс-сұрау.

2. Есептер шығару.

Ұғымдарға анықтама:

Студенттер төмендегі негізгі экономикалық категорияларға анықтама беру керек:

Жетілген бәсеке, монополия, олигополия, монополиялық бәсеке, шекті шығындар, жалпы шығындар, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, баламалы (альтернативті) шығындар, қысқа мерзімді кезең. ұзақ мерзімді кезең, дәл қазіргі кезең.

Есептер.

1. Гүлнар ханым өзінің шеберханасы болуын армандайды. Шеберхана жұмыс істеу үшін арнайы шығындар кететіні белгілі. Олардың құрамына төмендегідей қаражаттар кіреді: құралдар сатып алуға (5 жылда тозады) - 100 мың теңге, жұмысшылар жалақысына – 200 мың теңге, шикізаттарға - жылына 700 мың теңге. Қазіргі уақытта Гүлнардың жылдық жалақысы 60000 теңге құрайды, (ол өзінің шеберханасындағы жұмысын және қызметін тастығысы келеді). Ол құралдар сатып алуға жылына 6 процент пайда әкелетін өзінің жинаған қорын қолданғысы келеді. Гүлнар жыл сайын 985000 теңге түсім алуды күтеді. Шеберхана ашу бұл жағдайда пайда әкеле ме жоқ па? Осы қызметті істеу керек пе?

2.Берілген кестеде балмұздақтың әр түрлі баға деңгейінде сұраныс көлемі берілген.

Баға

Сұраныс көлемі

Шығындар

Сұраныстың бағалық

икемділігінің

коэффиценті

2,10

10

1,80

20

1,50

30

1,20

40

0,90

50

0,60

60

0,30

70

Әдебиеттер:

1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика-Алматы: 2000жыл, 6-28беттер.

2. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г. С35-39.

3. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М.2002г. с.80-81

2-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • Нарықтық тепе-теңдік модельдерін түсіндіре білу.

  • Тепе-теңдіктің жалғыз және тұрақты жағдайын түсіндіре білу

  • Есеп шығаруды үйрену және сызбалар құру.

Талдау сұрақтары:

1. Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар.

2. Нарықтың салыстырмалы статикасы.

3. Өрмек тәрізді үлгі.

4. Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Тестілік тапсырмалар

1. Сұраныс қисығы төмендегі тұжырымдардың қайсысын көрсетеді?

А) нарықтағы сату көлемінің серпінін;

Ә) баға мен сұраныс көлемінің арасындағы тура тәуелділікті;

Б) баға мен сұраныс көлемінің арасындағы оң байланысты;

В) нарықтағы бағалар өзгерісінің серпінін;

Г) баға мен сұраныс көлемінің арасындағы кері тәуелділікті.

2. Ұсыныс қисығы төмендегі тұжырымдардың қайсысын көрсетеді?

А) баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы тура тәуелділікті;

Ә) баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы кері тәуелділікті;

Б) баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы оң байланысты;

В) нарықтағы бағалар өзгерісінің серпінін;

Г) нарықтағы сату көлемінің серпінін.

3. Төмендегі суреттің қайсысы табыс өзгеруіне байланысты сұраныс өзгеруін көрсетеді:

Р Р Р Р Р

A) Ә) Б) В) Г)

4. Қарастырып отырған тауар бағасының жоғарылауы төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысына әкеліп соқтырды?

А) әл-ахуалдың жоғарылауына;

Ә) сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына;

Б) сұраныс қисығының солға қарай жылжуына;

В) сұраныс шамасының қысқаруына;

Г) табыстың өсуіне.

5. Шайдың «Ассам» және «Пиала» деп аталатын екі түрін алып қарастырайық. «Пиала» шайының бағасы көтерілді делік. Сонда бұл өзгеріс «Ассам» шайына деген сұранысқа қалай әсер етеді?

А) «Ассам» шайына сұраныс жоғарылайды;

Ә) «Ассам» шайына сұраныс төмендейді;

Б) «Ассам» шайына сұраныс өзгермейді, себебі «Пиала» шайының бағасы өзгереді;

В) «Ассам» бағасы жоғарылайды;

Г) «Ассам» шайының бағасы төмендейді.

6. Өндірілетін тауарға өкімет тарапынан қосымша салық салынды делік. Бұл ұсыныс қисығына қалай әсер етеді?

А) ұсыныс қисығы оңға жылжиды;

Ә) ұсыныс қисығы солға жылжиды;

Б) өндірілетін тауардың бағасы төмендейді;

В) шығарылатын тауарлар арзандайды;

Г) сұраныс қисығының көлбеу бұрышы өзгереді.

7. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда нарықта:

А) инфляция;

Ә) артықшылық;

Б) тапшылық (жетіспеушілік);

В) профицит;

Г) тепе-теңдік болады.

8. Сұраныс: Q = 10 - 2р және ұсыныс: Qs = 4 + р функциялары берілген, мұндағы р – тауардың бағасы. Тауардың тепе-теңдік бағасы қандай?

А) 3;

Ә) 2;

Б) 2,5;

В) 1;

Г) 6/5.

9. Сұраныс: Q = 10 - 2р және ұсыныс: Qs = 4 + р функциялары берілген, мұндағы р – тауардың бағасы. Егер мемлекет бағаны 4 деп белгілесе, онда нарықта төмендегілердің қайсысы орын алады?

А) тапшылық = 4;

Ә) тапшылық = 2;

Б) тепе-теңдік;

В) артықшылық = 4;

Г) артықшылық = 6.

10. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес факторларды анықтаңдар.

А) төмендегі айтылғандардың бәрі;

Ә) халық құрылымдағы өзгерістер;

Б) ауыстырушы тауар бағаларының өзгерісі;

В) өкіметтің экономикалық саясатындағы өзгерістер;

Г) сәннің, жарнаманың әсерінен тұтынушылардың талғамында болатын өзгерістер.

11. Сұраныс заңын сипаттайтын суретті таңдап алыңдар:

Р Р Р Р Р

A) Ә) Б) В) Г)

12. Графикте көрсетілген К қашықтығы төмендегілердің қайсысын көрсетеді?

А) нарықтағы тепе-теңдік;

Ә) тапшылық;

Б) профицит;

В) сұраныстың ұсыныстан көп болуы;

Г) артықшылық.

13. Үлкен экранды теледидар бағасының күрт жоғарылауы кіші экранды теледидарға деген сұраныс көлемін төмендегідей өзгеріске әкеліп соқтырды:

А) үлкен экранды теледидарға сұраныс көлемі өседі;

Ә) кіші экранды теледидарға сұраныс көлемі азаяды;

Б) кіші экранды теледидарға сұраныс көлемі өзгермейді;

В) кіші экранды теледидарға сұраныс өседі;

Г) нарықта өзгеріс болмайды.

14. Төмендегі суреттің қайсысы табыстың өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеруін көрсетеді?

Р Р Р Р Р

A) Ә) Б) В) Г)

15. Сұраныс қисығының қозғалуына әкеліп соқтыратын факторлар қалай аталады?

А) бағалық;

Ә) бағалық емес;

Б) негізгі;

В) тәуелді;

Г) тәуелсіз.

16. Төмендегі суреттің қайсысы өндіріс шығындарының төмендеуі нәтижесінде ұсыныстың өзгеруін көрсетеді:

Р Р Р Р Р

A) Ә) Б) В) Г)

17. Кіржуғыш ұнтағы бағасының 3%-ға төмендеуінен сұраныс көлемі 12%-ға өсті. Осы айтқандарды ескере отырып сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін анықтаңдар:

А) -4

Ә) 4

Б) 0,25

В) -0,25

Г) 9

18. Бағаның 2 есе азаюы салдарынан сұраныс көлемі 2 есе өсті. Икемділік қандай болады?

А) \Еdp\ < 1;

Ә) \Еdp\ > 1;

Б) \Еdp\ = 1;

В) \Еdp\ = 0;

Г) \Еdp\ = ∞

19. Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бірнеше бәсекелестер болса, онда сұраныс:

А) икемділігі 1-ге тең;

Ә) икемсіз;

Б) абсолютті икемсіз;

В) икемділігі 0-ге тең;

Г) икемді.

20. Сұраныстың қиылысқан икемділігі нені сипаттайды?

А) зеттеп тырған тауарға сұраныс көлемінің басқа тауар бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруін;

Ә) зерттеп отырған тауар бағасының басқа тауар бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруін;

Б) зерттеп отырған тауарға сұраныс көлемінің басқа тауарға деген сұраныс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеруін;

В) зерттеп отырған тауар бағасының басқа тауарға деген сұраныс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеруін;

Г) қалап алудың салыстырмалы өзгеруін.

21. Егер сұраныс икемді болса, онда икемділік коэффиценті қандай болады?

А) \Еdp\ = 0;

Ә) \Еdp\ = 1;

Б) \Еdp\ < 1;

В) \Еdp\ > 1;

Г) \Еdp\ = - ∞ .

22. Егер бірін-бірі ауыстыратын немесе бірін-бірі толықтыратын тауарларға деген сұранысты талдайтын болсақ, онда икемділік коэффицентінің қай түрі туралы әңгіме болады?

А) сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті туралы;

Ә) сұраныстың қиылысқан икемділік коэффициеті туралы;

Б) ұсыныстың баға бойынша доғалық икемділік коэффициеті туралы;

В) сұраныстың табыс бойынша доғалық икемділік коэффициенті туралы;

Г) Лернер коэффициенті туралы.

23. Бағасы 100 теңге/кг болғанда тауарға сұраныс – 50 кг, ал баға 50 теңге/кг кезінде тауарға деген сұраныс – 200 кг. Сұраныстың бағалық доғалық икемділігін табу керек:

А) -9/5;

Ә) -3;

Б) 6;

В) 3/4;

Г) -5,9.

24. Сіз баға 1%-ға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгеретінін тексергіңіз келеді. Сонда сіз қандай көрсеткізті анықтауыңыз қажет?

А) баға индексін;

Ә) Лернер коэффициентін;

Б) табыс өсімшесін;

В) баға өсімшесін;

Г) икемділік коэффициентін.

25. Бірінші қажеттілік тауарларына деген сұраныс:

А) икемді;

Ә) абсолютті икемді;

Б) икемсіз;

В) икемділігі 0-ге тең;

Г) барлық уақытта икемділігі 1-ге тең.

26. Салық ауыртпалығы тұтынушыға түседі, егер сұраныс:

А) икемсіз болса;

Ә) икемді болса;

Б) ұсыныс икемсіз болса;

В) абсолютті икемді болса;

Г) дұрыс жауабы жоқ.

27. Егер тұтынушылардың табысы өсетін болса, онда қандай таурларға сұраныс төмендейді?

А) күнделікті қажетті тауарларға;

Ә) сән-салтанат тауарларына;

Б) сапасы төмен тауарларға;

В) икемділігі 1-ге тең тауарларға;

Г) жауап беруге ақпарат жеткіліксіз.

28. Тауардың бағасы 10%-ға өсті, ал өндіру көлемі 5%-ға жоғарылады. Бұл ұсыныстың қандай икемділігін көрсетеді?

А) икемді;

Ә) икемсіз;

Б) икемділігі 1-ге тең;

В) абсолютті икемді;

Г) жауап беруге ақпарат жеткіліксіз.

29. Егер ұсыныс икемділігі сұраныс икемділігін жоғары болса, онда тауардың әрбір бірлігіне салық салынғанда:

А) сатушыларға түсетін салық ауырпалығы сатып алушыларға түсетін ауыртпалықтан гөрі көп болады;

Ә) сатып алушыларға түсетін салық ауыртпалығы сатушыларға түсетін ауыртпалықтан гөрі көп болады;

Б) салық ауыртпалығы тең бөлінеді;

В) салық ауыртпалығы тек қана сатып алушыларға түседі;

Г) салық ауыртпалығы тек қана сатушыларға түседі.

30. Фирманың ұсыныс қисығының жылжуы нәтижесінде тауар ұсынысы төмендеп, фирманың түсімі жоғарылады.

Бұлай болуы мүмкін, егер:

А) ұсыныс баға өзгеруіне икемсіз болса;

Ә) сұраныс баға өзгеруіне икемсіз болса;

Б) ұсыныс баға өзгеруіне икемді болса;

В) сұраныс баға өзгеруіне икемді болса;

Г) сұраныс та, ұсыныста баға өзгеруіне икемді болса;

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы