Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Негізгі терминдер мен түсініктер

Сыртқы әсерлер. Жағымсыз (тері)с сыртқы әсерлер. Жаіымды (оң) сыртқы әсерлер. Жалпы сыртқы шығындар. Шекті сыртқы шығындар. Шекті жеке шығындар. Шекті әлеуметтік (қоғамдық) шығындар. Шекті әлеуметтәк (қоғамдық) пайдалылық. Шекті жеке пайдалылық. Шекті сыртқы пайдалылық. Жалпы сыртқы пайдалылық. Сыртқы әсердің ішкіге айналуы (интернализация). Түзетуші салық. Түзетуші субсидия. Коуз теоремасы.

14. Қоғамдық игіліктер

14.1. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері

14.2. Таза қоғамдық игіліктерге сұраныс және олардың ұсынысы

14.3. «Билетсіздер (қояндар)» проблемасы

14.3. Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері

14.1. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері

Тұтынылатын тауарлар мен қызметтерді екі топқа бөлуге болады: жеке игіліктер және қоғамдық игіліктер.

Таза жеке игіліктер - әрқайсысы жеке-жеке бағаланылатын және сатылатын экономикалық игіліктер. Олар тек қана сатып алған адамдарға пайда әкеледі. Таза жеке экономикалық игіліктерді өндіру мен тұтыну үшінші адамдарға сыртқы жағымсыз немесе жағымды әсерлер туғызбайды. Мысалы, дүкеннен нан сатып алынса, одан тек қана сатып алған адам пайда алады. Таза жеке игіліктерді өндіру және тұтыну нарық экономикасы принциптеріне сәйкес жүзеге асады.

Таза қоғамдық игіліктер - барлық адамдар бірге тұтынатын экономикалық игіліктер. Олады бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза қоғамдық игіліктерді бір жеке адам сатып алса, одан басқа адамдар да пайда алады. Мысалы, егер көп қабатты үйде тұратын бір адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін шам ілсе, одан сол дәсізде тұратын адамдар және оларға кешкісін келетін қонақтар тегін пайдалылық алады. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсер туғызады. Таза қоғамдық игіліктерге ұлттық қорғаныс, қоғамдық тәртіп қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да барлық адамдараға ортақ игіліктер жатады.

Таза қоғамдық игіліктердің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:

  • тұтынудан ешкімді ажырату мүмкіншілігінің болмауы. яғни таза қоғамдық игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберу мүмкін емес. Таза қоғамдық игіліктерді жеке-жеке бағалап сату мүмкін болмағандықтан, оларды тегін тұтынатын адамдарды анықтау және тұтынудан ажырату өте қымбатқа түседі;

  • бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы, бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлерін төмендетпейді. Қосымша тұтынушының тұтыну қажетін игіліктің шекті шығыны нольге тең. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну адамдардың арасында бәсекелестік туғызбайды;

  • таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әсерлер туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктерді бір адам үшін өндірсе, басқа адамдар да пайда алады. Сондықтан таза қоғамдық игіліктердің ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады.

Көптеген игіліктер барлық халыққа ортақ болғанымен, оларды таза қоғамдық игіліктерге жатқызуға болмайды. Мысалы, үкіметтен халық зейнетақы алады, жұмыссыздар жәрдемақы алады, балалар мектепке тегін барады, қаланың көшесіндегі жолдармен барлық халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайға жеке бағалай отырып, тұтынушылардан ақы алуға болады. Кейбір жағдайларда тұтынушылар санының өсуі олардың арасында бәсеке де туғызады. Мысалы, жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындайды, жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, көптеген балалар ақылы мектептерге барады, жол салығы, көлік салығы арқылы үшінші адамдардың тегін пайдалылық алуына кедергі қоюға болады. Осындай игіліктерді үкімет ұсынатын игіліктер деп атайды.

Үкімет ұсынатын игіліктер бір нақты тұтыну деңгейіне дейін тұтынушыны таңдамайды. Бірақ, жаңа тұтынушылардың саны көбейген сайын бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлері төмендей бастайды. Осындай игіліктерді шектен тыс қоғамдық игіліктер дейді. Кейбір игіліктерді тұтынудан ешкімді ажырата алмағанмен, қосымша тұтынушыларды анықтау және оларды ақы төлеуге мәжбүр ету немесе тұтыну мүмкіншілігінен ажырату қиын болмайды. Осындай игіліктерді жеке фирмалар да өндіріп, нарықта сата алады. Демек, үкімет ұсынатын игіліктерді аралық игіліктер деп атауға болады. Оларға таза қоғамдық игіліктер мен таза жеке игіліктердің ерекшеліктері ортақ болады.