Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Негізгі терминдер мен түсініктер

Жеке тепе-теңдік. Жалпы тепе-теңдік. Ағындар айналымы үлгісі. Вальрас үлгісі. Эджуорт қорабы. Парето – тиімділік. Айырбас тиімділігі. Келісім қисығы. Қоғамдық береке.

13. Сыртқы әсерлер теориясы

13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері.

13.2. Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.

13.3. Коуз теоремасы.

13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері

Нарық механизмдері дербес қабылдаңған шешімдерін бір-бірімен келістере отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды Соған қарамастан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі Оны нарықтың кемшілігі деп те атайды

Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады

Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалықтарды сыртқы әсерлер (externalities) дейді.

Сыртқы әсерлер жағымсыз (теріс) және жағымды (оң) әсерлер болып екіге бөлінеді.

Жағымсыз сыртқы әсерлер (negative externalities) - бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресурстардың құны. Жағымсыз сыртқы әсердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Сондай-ақ қалада жүретін машиналар қала ішінде немесе оның манында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды одан қала түрғындары әр түрлі зардаптар шегеді

Енді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын зерттейміз. Өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың әлеуметтік (қоғамдық) шығындары (ТSC) . дейміз. Ол жалпы жеке шығын (ТРС) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС) қосындысы

ТSC= ТРС + ТЕС

Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (ТЕС) шекті сыртқы шығынның (МЕС) мөлшеріне өседі Шекті сыртқы шығын МЕС (marginal external cost) - бұл өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге кеткен шығын. Демек өнім көлемі өскен сайны қоршаған ортаның ластануы да өседі

Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынын (МЕС) өндіруші емес өндіруге және тұтынұға қатысы жоқ ұшінші адам көтереді Шекті сыртқы шығынның мөлшерін аңықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз

МЕС= ∆ТЕС/ ∆Q

Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе шекті әлеуметтік шығын да МSС (marginal social cost) өседі

МSС= ∆ТSC / ∆Q

Өндірушінің шекті жеке шығыны: МРС= ∆ТРC / ∆О

Яғни, шекті әлеуметтік шығын өндірушінің шекті жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынының қосындысы:

МSС= МРC + МЕС

109-суреттегі графиктен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады Өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетін шекті қоғамдық пайдалылықты (МSВ) көрсетеді Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын (МРC) көрсетеді.

Жағымсыз сыртқы әсер болған жағдайда тиімділікке қол жеткізудің алғышарты:

МРC + МЕС= МSC =МSВ

Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімі мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төмен болады. Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді.

Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты жағымды сыртқы әсер (positive externalities) дейді. Игіліктерді өндіруге немесе тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам ешқандай шығын шығармай пайдалылық (полезность) алады. Жағымды сыртқы әсер туғазатын өнімнің ұсынысы шекті қоғамдық шығын (MSC) мен шекті жеке пайдалылықпен анықталады (MPB). Шекті жеке пайдалылық (MPB) шекті қоғамдық пайдалылықтан (MSB) аз. Шекті сыртқы пайдалылық (үшінші адамдардың тегін алатын пайдалылығы) нарықтағы бағада есептелінбейді.Сондықтан нарықта ұсынылатын өнім көлемі тиімді өнім көлемінен төмен: Q1 < Q2. Демек, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім қоғамдағы шектелген ресурстадың тиімсіз қолдануына әкеледі.

Тиімді өнім көлемінде қоғамдық пайдалылық шекті қоғамдық шығынға тең

MSB = MPB + MEB = MSC.

Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады.

.