Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Айырбас тиімділігі

Мәміле Карина мен Болаттың жағдайларын жақсартты. Бірақ, ол айырбас игіліктерді айырбастауда тиімді болды ма? Бұл мәселе олардың талғамсыздық қисықтарының қалай орналасқанына байланысты. Ол үшін Эджуорт қорабына Карина мен Болаттың талғамсыздық қисықтарын түсіреміз (106-сурет)

Каринаның азығы

10А 4А 3А

UК1

● E UБ4

UК2 D

● UБ3

UК3

С ● В UБ2

UК4 ● UБ1

F А

Qк

Б олаттың T Карина

к иімі киімі

2К 4К

1К 5К

QБ Болаттың азығы 6А 7А 10А

41-сурет Айырбас тиімділігі

Болаттың талғамсыздық қисықтары әдеттегідей орналасқан, өйткені оның тауарлары координат басынан саналады. Ал Каринананың талғамсыздық қисықтары оған қарама-қарсы 180˚-та орналасқан, өйткені оның тауарларының басы қораптың жоғарғы оң жағында орналасқан.

Енді, А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғандағы Болат пен Каринаның жағдайын қарастырамыз. Айырбас нәтижесінде Карина төмен деңгейдегі талғамсыздық қисығынан (Uк1) жоғары деңгейдегі талғамсыздық қисығына (Uк2) көшкенін көруге болады, бұл оның жағдайын жақсартты. Сол сияқты бұл мәміледен Болат та ұтты, өйткені ол да төмен деңгейдегі талғамсыздық қисығынан (UБ1) жоғары деңгейдегі талғамсыздық қисығына (UБ2) ауысты. Жалпы алғанда штрихталған бөлік көптеген өзара тиімді мәмілелерді көрсетеді. Ал штрихталған бөліктен тыс тауарлардың кез келген айырбасы тұтынушылардың біреуінің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сондықтан оны таңдауға болмайды.

12.4 Парето – тиімділік.

Өзара тиімді саудадан көптеген мүмкін тиімді бөлуді табуға болатынына көз жеткіздік. Бізге барлық мүмкін тиімді бөлуді анықтау үшін олардың талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін табуымыз қажет. Барлық тиімді бөлу нүктелерін қосу арқылы келісім қисығын табамыз.

Келісім қисығы – екі экономикалық игілікті екі тұтынушы арасында бөлудің көптеген тиімді нұсқалары (107-сурет).

Бұл қисық итальян экономисінің атымен Парето – тиімділігі деп аталады. Вильфредо Парето айырбас-тиімділігі концепциясын ашқан (1848-1923).

Бөлу Парето-тиімді болып табылады, егер біреудің жағдайын жақсарту үшін басқалардың жағдайын нашарлатпай тауарларды тиімді бөлу мүмкін болмаса. Жиынтық құрамы әр түрлі болғанмен Ғ, С, D, Е нүктелері тиімді.