Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

12.2 Вальрас үлгісі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясы Леон Вальрастың атымен байланысты. Оның теориясы бойынша жалпы тепе-теңдік орындалады, егер әр нарықта жетілген бәсеке шарттары орындалатын болса. Сондықтан оның теориясын жалпы бәсекелік тепе-теңдік үлгісі деп атайды. Басқаша айтқанда: егер барлық тұтынушылар мен өндірушілер жетілген бәсеке нарығындағыдай бағаны сырттан қабылдаса (баға алушылар болса), онда барлық нарықтар бір мезгілде тепе-теңдік жағдайда болады, ал әрбір субъект өзінің мақсатты функциясын максималдайтын баға жүйесін қалыптастырады.

Вальрас үлгісінде жалпы тепе-теңдік – бұл теңдеулер жүйесін шешу нәтижесі. Ондағы белгісіздер игіліктер мен өндіріс бағасын, ал теңдеулер тұтынушылар мен өндірушілердің өз мақсаттарын максималдаудағы іс-әрекетін бейнелейді. Оның бір бөлігі барлық нарықтардағы сұраныс пен ұсыныс функциясын, ал екінші бөлігі олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Егер тәуелсіз теңдеулер саны белгісіздер санына теңесетін болса, онда мұндай теңдеулер жүйесі өзінің шешімін табады. сыны Вальрас көрсеткісі келді.

Алайда, жалпы тепе-теңдік өте күрделі міндет, оның шешімін Вальрастың өзі де толықтай шеше алмады және оны қазіргі кезде де шешу мүмкіндігі неғайбыл, өйткені нақты өмірде жетілмеген бәсеке нарығы кездеседі.

Соған қарамастан жалпы тепе-теңдік теориясы микроэкономикада өте маңызды орын алады. Өйткені жетілген бәсеке нарығына тән ерекше қасиет экономикада ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз етеді.

12.3 Эджуорт қорабы

Егер айырбас тиімді болатын болса, онда мәміле қандай болмақ? Ол үшін Эджуорт қорабын қолданамыз. Эджуорт қорабы екі тауар өндіретін екі субъектілі экономиканы қарастырады . Тік өсте киім көлемі, көлденең өсте азық белгіленген. Қораптың ұзындығы – 10 бірлік азық, ені – 6 бірлік киім.

Эджуорт қорабының ауданы екі тұтынушының нарықтық қоржынына сәйкес келеді. Болаттың қоржынының басы QБ – дан, Карина қоржынының басы Qк-дан басталады. Олардың алғашқы азық пен киімді бөлуі А нүктесінде. Ол нүктеде Болаттың азығы 7 дана, киімі 1 дана, ал Каринанының қоржыны сәйкесінше 3 және 5 дананы құрайды. Сонымен А нүктесінде: Болаттың қоржыны 7А: 1К, ал Каринаныкі 3А:5К болады (40-сурет).

Каринаның азығы

10А 4А 3А

В

А

Qк

Болаттың Карина

киімі киімі

2К 4К

1К 5К

QБ Болаттың азығы 6А 7А 10А

40- сурет Эджуорт қорабы

Егер А нүктесінен В нүктесіне жылжитын болсақ, онда Болат 1 дана киім алу үшін 1 дана азықтан бас тартады, ал Карина 1 дана азық алу үшін 1 дана киімнен бас тартады. Нәтижесінде В нүктесі өзара тиімді мәміледен кейінгі Болат пен Каринаның қоржындарын көрсетеді, яғни В нүктесінде: Болат 6А: 2К, Карина: 4А:4К болады.