Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

11.5 Жер нарығы және рента

Жер ерекше өндіріс факторына жатады. Жер ресурсы шектелген, оның ұсынысы өте икемсіз. Жерді оның иесі ұсынады, ал жерді әр түрлі мақсатта қолданам деген адам сұраныс білдіреді. Жерге сұраныс білдірушілер әр түрлі мақсатпен жерді уақытша жалға алуы немесе сатып алуы мүмкін. Егер жер уақытша жалға алынса, жердің жалдау ақысын жер рентасы дейді. Жерге мешік иесі болу үшін оны сатып алады. Сондықтан жердің бағасы және жер рентасы деген ұғымдарды шатастырмау керек.

Жер ресурсы шектелген және жердің ұсынысы өте иекмсіз болғандықтан, рента тек қана сұраныстың деңгейімен анықталады. Егер жер ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру үшін қолданылатын болса, рентаның мөлшеріне жердің құнарлығы мен оның жатқан орны (ауыл шаруашылығының өнімдерін сататын нарыққа жақындығы) әсер етеді. Оны дифференциалды рента дейді.

Жер өндіріс факторларының нарығында сатылады. Нарықта жердің иесі мен жерді сатып алушылар және жалдаушылар бір-бірімен кездеседі. Жердің бағасы мен оны жалдау ақысы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты қалыптасады.

Жер нарық экономикасында сату және сатып алу объектісі болады. Жердің бағасы жерге төлейтін жалдау ақысына немесе жер рентасына тура байланысты. Жердің бағасы – болашақтағы жер рентасының дисконтталған құны. Егер жерден алынатын болашақтағы жылдық рента – R, жылдық несиенің пайыздық мөлшерлемесі– і болса, жердің бағасы мына өрнекпен анықталады:

PL = R / і

Мысалы, жылына жерден алатын рента 10 000 теңге, ал несиенің пайыздық мөлшерлемесі 10 %болса, жердің бағасы:

PL = 10000 / 10 * 100 = 100000 теңге болады.

Негізгі терминдер мен түсініктер

Ресурстардың жетілген бәсекелес нарығы. Туынды сұраныс. Еңбекке сұраныс. Еңбек ұсынысы. Еңбектің шекті өнімі. Капиталдың шекті өнімі. Еңбектің шекті шығыны. Капиталдың шекті шығыны. Еңбектің шекті табысы. Капиталдың шекті табысы. Атаулы жалақы. Нақты жалақы. Монополист фирманың еңбекке сұранысы. Екі жақты монополия. Капитал нарығы. Дисконтталған құн. Пайыз мөлшерлемесі. Жер нарығы. Дифференциалды рента. Экономикалық рента.

12 . Жалпы экономикалық тепе-теңдік

және қоғамдық береке

    1. . Жеке және жалпы тепе-теңдік

    2. . Вальрас үлгісі

    3. . Эджуорт қорабы

    4. . Парето – тиімділік

2.1 Жеке және жалпы тепе-теңдік.

Бұған дейін бір-бірімен бөлек жеке нарықтарды зерттедік. Алайда нарықтар өз ара бір-біріне тәуелді болып табылады – олардың біреуіндегі өзгеріс, басқасындағы баға мен өнім көлеміне немесе бір нарықтағы тауар екіншісінің өндірістік ресурсы болғандықтан және тауарлар өзара ауыстырушы немесе толықтырушы болғандықтан бір-біріне айтарлықтай әсер етеді.

Микроэкономикада екі типтегі үлгі қолданылады.

  1. Оңтайландыру (оптималдау)– бұл жеке экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерін (тұтынушы, өндіруші, ресурс иелері) зерттейді.

Тепе-теңдік үлгісі – бұл экономикалық субъектілердің өзара қатынастарын зерттейді. Тепе-теңдік үлгілері өз тұрғысынан жеке, көпнарықты және жалпы тепе-теңдік болып бөлінеді.

Жеке тепе-теңдік үлгісінде әр бір жеке экономикалық агент өзінің жеке мақсатына жетуге тырысады, яғни басқалардан тыс өзінің жағдайын оңтайландыруға ұмтылады. Әрбір тұтынушы өз бюджеті төңірегінде қажеттілігін максималдауға, ал өндіруші өзінің өндіріс функциясы шекарасында пайдасын молайтуды көздейді.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік – бұл барлық нарықтардың бір мезгілде тепе-теңдікте болуы, ал әрбір субъект өзінің жеке мақсатты функциясын максималдауды көздейді.