Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

11.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы

Ресурстардың жетілген бәсекелі нарығының ерекшеліктері:

1. Сатып алатын ресурстардың бағасы нарықтағы бәсекенің дәрежесіне байланысты болады. Жетілген бәсекелі ресурстардың нарығында сатып алушылар олардың бағасына әсер ете алмайды. Ресурстардың бағалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты қалыптасады.

2. Көптеген фирмалар біркелкі ресурстарды сатып алу үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Ресурстарды ұсынушылардың да саны өте көп болады;

3. Әрбір сатып алушы нарықта ұсынылған ресурстардың қызметінің аз ғана бөлігін сатып ала алады. Сол сияқты әрбір сатушының да ұсынысы нарықтық ұсыныстың аз ғана бөлігін құрайды. Сондықтан олар сұраныс пен ұсыныстың көлемін өзгерте отырып нарықтағы ресурстардың бағасын өзгерте алмайды;

4. Ресурстардың жетілген бәсекелі нарығына кіруге немесе шығуға шектеулер қойылмаған. Ресурстардың иелері нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты өзінің иелігіндегі ресурстарды әр түрлі бағыттарға, бір саладан екінші салаға немесе бір аймақтан екінші аймаққа тез ауыстыра алады.

Пайдасын көтерем деген фирма еңбек ресурсының қызметіне сұраныс білдіргенде, шекті шығын мен шекті табысты салыстыру принципіне сүйенеді. Фирма қосымша өнім көлемін өсіру үшін қосымша еңбек ресурсының қызметіне сұраныс білдіреді. Бірақ бұл сұраныстың мөлшері, қосымша еңбек ресурстарының көмегімен өндірілетін қосымша өнім мен оны сатқаннан түсетін қосымша табыстың мөлшеріне байланысты болады.

Еңбектің шекті өнімін сатқаннан түсетін табысты еңбектің шекті табысы (МRPL) немесе ақшалай шекті өнім дейміз. Еңбектің шекті өнімінен түскен табысты анықтау үшін еңбектің шекті өнімін қосымша өндірілген өнімнен түскен табысқа көбейту керек:

MRPL = (MPL) (MR),

мұндағы MR - өнімді сатқаннан түскен шекті табыс, MPl- еңбектің шекті өнімі. (Қосымша еңбек бірлігінің көмегімен өндірілген қосымша өнім).

Еңбектің шекті өнімі қосымша еңбек бірлігінің көмегімен өндірілген қосымша өнім: MPL=∆Q/∆L.

Шекті табыс фирманың қосымша өнімді сатқаннан түскен қосымша табыс: MR=∆TR/ ∆Q.

Олай болса, еңбектің шекті өнімнің табысы:

MRPL = (∆Q/∆L) (∆TR/ ∆Q) = ∆TR/ ∆L.

Бұл теңдік әрбір сатып алынған еңбек бірлігі өзгергендегі жалпы табыстың өзгерісін көрсетеді.

Дайын өнімдердің жетілген бәсекелі нарығында шекті табыс өнімнің бағасына тең (MR=P). Яғни, еңбектің шекті өнімінен түскен қосымша табыс (MRPL) сатылатын шекті өнімнің құнына (VMPL) тең;

MRPL =VMPL, мұндағы VMPL= MPL . P

Қосымша еңбекті жалдауға шыққан қосымша шығынды еңбектің шекті шығыны (МІС) дейді. Еңбектің бәсекелес нарығында қосымша еңбектің қосымша шығыны бір күндегі еңбекақыға тең (МІС =W). Еңбектің шекті өнімнен түскен шекті табыс еңбекақыдан жоғары болса (MRPL>W=MIC), қосымша жұмысқа қабылданған жұмыскер фирманың табысын өсіреді. Табыс еңбекке шыққан шығыннан артық болады. Демек, еңбектің қызметіне сұраныс VMPL =MRPL = W= MICтеңдігіне дейін өседі.

Еңбекке салалық сұраныс - әрбір мүмкін баға деңгейінде жеке фирмалардың еңбекке сұраныстарының жиынтығы. Басқа факторлар өзгермей, нарықтағы еңбекақы төмендесе, еңбекке салалық сұраныс өседі. Нарықта ұсынатын тауар саны көбейеді де, ол тауардың бағасының төмендеуіне әкеледі. Бағаның төмендеуі қосымша еңбек өнімінің шекті табысын азайтады. Ол MRPL қисығын төмен солға жылжытады. Одан еңбекке салалық сұраныстың қысқарғанын көреміз. Сонымен, еңбекақының төмендеуі өнім көлемі мен оның бағасына әсер ету арқылы саладағы еңбекке сұраныстың төмендеуіне ықпал етеді.

Еңбекке сұраныстың еңбекақыға икемділігі – еңбекақының әрбір пайыздық өзгерісіне байланысты еңбекке сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісі. Оның коэффициентін былай анықтайды: EL= (∆L/L)/( ∆W/W, мұндағы L – еңбектің сағатпен өлшенетін саны, W – саладағы еңбекақының нарықтық ставкасы.

Еңбекке нарықтық сұраныс - кез келген баға деңгейіндегі барлық салалардың еңбекке сұраныстарының жиынтығы. Нарықтық сұраныстың мөлшерін анықтау үшін аймақтағы барлық салалардың әр түрлі баға деңгейінде білдіретін салалық сұраныстарының мөлшерін қосамыз.