Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Негізгі терминдер мен түсініктер

Олигополия. Табиғи олигополия. Баға қақтығысы. Ойын теориясы. Нәтижелер матрицалары. «Тұтқындар диллемасы». Максимин стратегиясы. Картель. Баға көшбасшысы. Ішінара монополия. Нарыққа кіруді шектейтін баға.

11. Өндіріс факторлары нарығы.

11.1 Ресурстарға сұраныс және өндіріс факторлары нарығының

ерекшеліктері.

11.2 Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы

11.3 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы

11.4 Капитал нарығы және пайыз мөлшерлемесі

11.5 Жер нарығы және рента.

11.1. Ресурстарға сұраныс және өндіріс факторлары нарығының ерекшеліктері

Өндіріс факторлары нарығында фирмалар өнім өндіруге қажетті өндіріс факторларын (еңбек, капитал, жер) сатып алады немесе оларға уақытша қолдану үшін сұраныс білдіреді. Өндіріс факторларының қызметінің ақысы (бағасы) нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Бірақ ресурстар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталынады.

Соңдықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс дейді. Егер тұтынушылар нарықтағы тауарға сұраныс білдірмесе, сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды. Кез келген ресурсқа туынды сұраныстың тұрақты болуы, біріншіден, ресурстың өнімділігіне, екіншіден, ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтағы бағасына байланысты.

Ресурстарға сұраныстың еркшеліктері ресурстарды өндіріс факторы ретінде қолданудың ерекшеліктерімен де анықталады. өндіріс факторларын жеке-жеке қолдануға болмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады. Сондықтан капиталға өскен сұраныс еңбекке де сұранысты өсіреді. өндіріс процесінде көптеген ресурстардың әр түрлі үйлесімдері қолданылады. Ресурстардың үйлесімдерін өзгерту қысқа және ұзақ мерзім уақытына байланысты болғандықтан, ол ресурстарға деген сұранысқа да әсер етеді.

Фирмалар мейлінше аз шығынмен көп пайда табу үшін ресурстардың ұтымды үйлесімдерін қолдануға мүдделі болады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін екі ереже орындалуы керек. Бірінші ереже: мейлінше аз шығын ережесі. Белгілі өнім көлемін аз шығынмен қамтамасыз ету үшін әрбір ресурсқа шыққан соңгы теңгенің шекті өнімі бірдей болуы керек. Егер өндірісте екі фактор ғана (капитал және еңбек) қолданылады деп жорамал жасасақ, мейлінше аз шығынға қол жеткізу үшін мына теңдік орындалуы керек:

MPL/PL=MPK/PK, (1)

Мұндағы mpl –еңбектің шекті өнімі, pl –еңбектің бағасы, mpk – капиталдың шекті өнімі, pk -капиталдың бағасы.

Екінші ереже: пайдалы мейлінше өсіру ережесі. Пайданы мейлінше өсіру үшін тек шығынды төмендету жеткіліксіз. Бұрынғы тақыраптардан біздің білетініміз, пайдалымейлінше өсіру үшін MR=MC теңдігін қамтамасыз ету керек. Енді осы теңдікті бірінші ереженің талабына сәйкес қарастырамыз.

Экономикалық ресурстарды қолданудан алатын пайданы мейлінше арттыру үшін олардың ақшалай шекті өнімдері бағаларына тең болулары керек. Мысалы, екі факторлы өндірісте PL=MRPL және PK=MRPK болулары керек. Бұл ережені басқаша былай көрсетеміз:

MRPL/ PL = MRPK/ PK=1 (2)

Жетілген бәсекелі нарықта жұмыс істейтін фирма пайдасын мейлінше арттыру немесе шығының мейлінше қысқарту үшін шекті шығынын шекті табыспен (MR=MC) немесе шекті шығынын нарықтағы өнімнің бағасымен (Р=МС) теңестіруі керек.

MRPL/ PL = MRPK/ PK=1 және Р=МС теңдіктері бір-біріне қайшы келмейді. Оны дәлелдеу үшін (2) теңдіктің кері мөлшерін аламыз:

PL/ MRPL= PK / MRPK =1. (3)

Жетілген бәсекелі тауар нарығында ақшалай шекті өнімнің мөлшерін анықтау үшін шекті өнімді (МР) тауардың бағасына (Рх) көбейтеміз. Сондықтан (3) теңдікті қайта жазамыз:

PL/ (MPL*Рх)= PK / (MPK *Рх)=1. (4)

(4) теңдіктің екі жағында тауардың бағасына (Рх) көбейтсек, келесі теңдікті аламыз:

PL/ MPL= PK / MPK =Рх.