Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

10.5. Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы».

Олигополист фирмалардың арасындағы бәсеке әрбір фирманың нарықтағы үлесін өсіру үшін жүргізіледі. Осы мақсатпен олигополист фирмалар «баға қақтығысына» әкелетін саналы түрдегі бәсекеге түседі. «Баға қақтығысы» дегеніміз –олигополист фирмалардың бірінен кейін бірінің бағаны төмендетуі. Оның салдарын 38- суреттен көруге болады.

Р,С

Р* D

Р1

Р2

Р3 АС=МС

Q* Q1 Q2 Q3 Q

38-сурет. «Баға қақтығысының» салдары.

Салада екі фирма жұмыс істейді. Олардың орташа шығындары тең. Фирмалар Р* бағасымен Q* өнім көлемін өндіре отырып, өзара нарықты бөліседі және экономикалық пайда алады. Егер фирмалардың біреуі бағаны Р1 деңгейіне дейін түсіре отырып, өнім көлемін Q1 өсіерсе, ол нарықты жалғыз өзі басып алу арқылы пайдасын көбейтеді. Оған жауап ретінде екінші фирма бағаны Р2 деңгейіне дейін түсіреді де, нарықта Q2 өнім көлемін ұсына отырып, өзінің билігін орнатады.

Пайдасынан айрылған бірінші фирма бағаны орташа шығынға тең Р3 баға деңгейіне дейін түсіруге мәжбүр болады. Баға орташа шығынға теңескенде екі фирманың біреуі де экономикалық пайда ала алмайды.

Баға қақтығысының нәтижесінде жетілген бәәсекелес нарыққа тән тепе-теңдік орнайды; Р3= АС=МС. Осы теңдікті Бертран теңдігі дейді. Сонымен, олигополист фирмалар «баға қақтығысын» баға орташа шығынға теңескенге дейін жүргізеді.

«Баға қақтығысынан» тұтынушылар ұтады. Бірақ «баға қақтығысы» ұзаққа созылмайды. Олигополист фирмалар «баға қақтығысына» түспеу үшін бір-бірімен баға белгілеу және нарықты бөлу туралы жасырын келісімге келуге ынталы болады. Сондықтан бұл үлгіні «жасырын келісімге келу» үлгісі деп атайды

10.6. Баға белгілеудегі жетекшілік

Олигополия нарығындағы өзара келісе отырып, баға белгілеу немесе нарықты бөлісу онай жұмыс емес және оған заң жұзінде тыйым салынған. Сондықтан олигополист фирмалар өзара келісімнің жасырын түрлерін кең қолданады. Соның бірі – баға белгілеудегі «жетекшілік».

Жетекші фирма-олигополист нарықтағы жалпы сұраныстарың мөлшерін және оның бағаға икемділігін ескере отырып, өзінің өніміне сұранысты (Dж қисығы) анықтайды. Таза сұранысты анықтау үшін жетекші фирма саладағы басқа фирмалардың (кез-келген бағамен сата алып өнім көлемін нарықтағы сұраныс (D қисығы) мөлшерінен алып тастайды. Жетекші фирма озінің MRЖ=МC теңдігіне сүйене отырып, нарқтағы сұраныстың икемділігіне байланысты Рж деңгейіндегі бағамен qж өнім көлемін ұсынады.

Жетектегі фирмалар жетектеушінің бағасын (Рж) қабылдайды. Осы бағамен олар qf өнім көлемін өндіріп ұсынады. Сонымен жалпы нарықтық ұсыныс qD= qж+ qF болады.

Р, С МС

D

MRж Dж

qж qD Q

qF

39-сурет. Баға белгілеудегі жетекшілік.

Баға белгілеудегі жетекшілік саясатын жүргізу және экономикалық пайда алу нарыққа кіруге қойылған кедергілерге байланысты. Ұзақ мерзімде нарыққа жаңа фирмалар кіруі мүмкін. Сондықтан олигополистер өздерінің экономикалық жағдайларын сақтап қалу үшін нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне баға тарапынан кедергі қояды. Ол үшін олигополистер салаға кіруге ынталы фирмалардың орташа шығындарын бағалай отырып, ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде баға белгілейді. Егер жаңа фирмалардың орташа шығындары салалық орташа шығыннан жоғары болса, салаға кіруге мүмкіндік болмайды. Себебі олигополист фирмалар белгілеген бағамен өнімдерді сату оларды банкроттыққа әкеледі.

Жетекші фирмалар нарықтан өзінің бәсекелестерін ығыстырып шығару үшін бағаны қысқа мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде белгілеулері де мүмкін. Бағаны түсіруден шеккен зиянды жетекші фирмалар ұзақ мерзімде қайратып алуға үміттенеді.

Баға арқылы жаңа фирмалардың нарыққа кіруіне кедергі қою немесе бәсекелестерді нарықтан шығару мақсатымен, олигополистер уақытша монополиялық биліктен бас тартады.