Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

10.4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»

Олигополия нарығындағы фирмалардың біреуінің қабылдаған шешімі екіншісінің қабылдайтын шешіміне әсер етеді. Сондықтан олар шешім қабылдағанда, өздерінің бәсекелестерінің қабылдайтын жауаптарын болжап білуге және оларды жан-жақты талдай отырып, өзінің пайдасына айналдыруға тырысады. Ойын теориясы – мүдделері бір-біріне қарсы олигополиялық фирмалардың бет алыстарын, қабылдайтын шешімдерін талдаудың әдісі. Оның көмегімен әрбір ойынға қатысушының стратегиясының нәтижесі бағаланады. Ол үшін ұтыс матрицасы құрастырылады. Ұтыс матрицасы бәсекелестің қабылдайтын шешіміне байланысты әрбір стратегиядан алатын ұтыс пен зиянды көрсетеді.

Егер А фирмасының баға белгілеу туралы қабылдаған шешімі В фирмасының қарсы қабылдаған шешіміне байланыссыз пайданы көтерсе, онда басымды стратегия теңдігі қалыптасады. Жоғарыда қарастырылған ойын теориясында басымды стратегия теңдігі жоқ.

А фирмасы В фирмасының қарсы қабылдайтын стратегиясын ескере отырып, өзінің барлық мүмкіншілігін жүзеге асырады. В фирмасы да А фирмасының шешімін ескере отырып, ұтымды шешім қабылдайды. Осындай жағдайда фирмалардың шешімдерін өзгертуге ынталары болмайды. Осындай теңдікті Нэш теңдігі дейді. Нэш теңдігі фирмалардың біржақты пайданы көтере алмайтындықтарын көрсетеді. Біздің мысалымыздағы Нэш теңдігі А мен В фирмалары бағаларын тұрақты ұстау туралы шешім қабылдағанда қалыптасады (пайданың өзгерістері 0; 0).

Егер В фирмасының жағдайын нашарлатпай, А фирмасының жағдайын жақсарту мүмкін болмағанда пайда болатын теңдікті Парето теңдігі дейді. Біздің мысалдағы Парето теңдігі пайданың өзгерістері – 5000; -5000 және 0; 0 болғанда қалыптасады. Себебі, осы жағдайда бір фирманың пайдасын көтеру екіншісінің пайдасын төмендетпей жүзеге аспайды.

В фирмасы А фирмасының болашақтағы жауабын ескере отырып, өнім көлемі туралы шешім қабылдайды. Ал А фирмасы пайдасын көтеру үшін В фирмасының өнім көлемін мойындайды. Оны Штакельберг теңдігі дейді. Штакельберг теңдігі пайданың +15000; -10000, -10000 +15000 өзгерістерінде қалыптасады.

«Тұтқындар дилеммасы» үлгісі

Бұл үлгі олигополиялық фирмалардың іс-әрекетін ойындар теориясы тұрғысынан қарастырады, яғни қатысушылардың ықтималдық жағдайлардағы іс-әрекетін математикалық тәсілдермен зерттейді.

Олигополия кезінде фирма бағалық стратегияны анықтағанда бәсекелесінің стратегиясына тәуелді болатын өзінің мүмкін пайдалары мен зияндарын бағалайды.

Суретте А және В фирмалары үшін ықтимал нұсқалар нәтижелері матрица түрінде келтірілген (1-кесте).

1-кесте. «Тұтқындар дилеммасы»

А фирмасының бағалық стратегиясы

В фирмасының бағалық стратегиясы

5 тенге

10 тенге

5 тенге

10 млн. тенге

6 млн тенге

10 млн. тенге

18 млн тенге

10 тенге

18 млн тенге

15 млн тенге

6 млн тенге

15 млн тенге

Баға туралы мәселелерді шеше отырып А және В фирмалары кооперативтік емес ойын жүргізеді, яғни өз бәсекелесінің іс-әрекетін ескере отырып олардың әрқайсысы өз бетінше бағаны анықтайды. Егер екі фирма бірдей баға белгілейтін болса, онда екеуінің табыстары да бірдей болады: баға 5 тенге болғанда әрқайсысының табысы 10 млн. тенге және баға 10 тенге болғанда 15 млн. тенгені құрайды. Ал егер біреуі төмен баға, екіншісі жоғары баға белгілесе, онда олардың табыстары әр-түрлі болады: 18 млн.тенге және 6 млн. тенге.

Мүмкіндіктердің ішінен ең нашарынан сақтану үшін, А және В фирмалары өз бағаларын бір мезгілде төмендетсе, онда олардың екеуі де пайданың белгілі бір бөлігінен айырылады (ең төменгі зияндар стратегиясы - 10 млн.тенге - 10 млн.тенге).

Бұл стратегия бір-біріне сенбейтін «тұтқындар» іс-әрекетіне ұқсайды.