Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

9.4. Бағалық емес бәсеке. Жарнама.

Монополиялық бәсекелес нарықта фирмалар тауарлардың сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен көп айналысады. Тауарларды ерекшелендіруде бағалық емес бәсеке, соның ішінде жарнама үлкен роль атқарады. Жарнаманың мақсаты тұтынушы талғамын жаңа өнімге бейімдеу (35-сурет).

Баға, шығындар

AC3 AC - жарнамамен

K

AC1 N

AC2 М жарнама шығындары

AC жарнамасыз

0 Q1,3 Q2 Q Өндіріс көлемі

35- сурет. Жарнаманың өндіріс көлемі мен орташа шығындарға әсері

Монополиялық бәсекелес нарықта тауарға жарнама жасау және оны өткізу үшін фирмалар көптеген шығын жұмсайды. Егер фирма жарнаманы ұтымды жүргізсе өніміне сұраныс көбейіп, сауда көлемі өссе, шығындар ақталады, ал керісінше жарнама табыссыз болса зиян шегуі мүмкін. 86-суретте жарнаманың өндіріс көлемі мен орташа шығындарға қалай әсер ететіні берілген.

Мәселен, алғашқы шығындар АС1, өндіріс көлемі Q1 деп жорамалдайық. Егер жарнама өте ұтымды болып, тұтынушыларды фирманың тауары қызықтырса, тауарға сұраныс өседі де өнім көлемі Q2-ге көбейеді. Бұл жағдайда ұтымды жарнамаға байланысты тиімді өндіріс ауқымы орташа шығындарды төмендетеді (АС2 < АС1). Егер жарнама дұрыс жүргізілмесе, онда фирма алғашқы көлемді (Q1 = Q3) жарнамаға шығындарды қоса есептегендегі жоғары бағамен сатуға мәжбүр болады, яғни АС (Р)3 > АС (Р)1. Сондықтан жарнаманың ұтымдылығы фирманың қызметінде шешуші болмаса да басты орынды алады.

Негізгі терминдер мен түсініктер

Монополиялық бәсеке. Өнімді ерекшелендіру. Монополиялық бәсеке жағдайындағы өндіріс көлемі және баға. Тауарлар тобы. Артық өндіріс қуаты. Бағалық емес бәсеке. Сату шығындар.

10. Олигополия нарығы

10.1. Олигополия нарығының ерекшеліктері

10.2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы.

10.3. Курно дуаполиясының үлгісі

10.4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»

10.5. Олигополия нарығындағы «баға қақтығысы»

10.6. Баға белгілеудегі жетекшілік.

10.1. Олигополия нарығының ерекшеліктері

Олигополия грек тілінен аударғанда «oligos»- бірнеше, «poleo» - сатамын деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты олигополия нарығына тән сипат саладағы фирмалар санының көп еместігі. Көбінесе фирмалардың саны 10-нан аспайды. Мұндай жағдай, мысалы, түсті металдар (болат, мыс, алюминий т.б.), әйнек, гипс өнеркәсібінде қалыптасқан. Сондай-ақ өндірістің шоғырлануы автомобиль өнеркәсібінде айтарлықтай орын алады. Мыс.: АҚШ-та 80-ші жылдары автомобильдер өндірісінің 95 пайызы үш компанияға «Дженерал Моторс», «Форд», «Крайслердің» үлесінде болды. Олигополия нарығында жұмыс істейтін фирмалардың саны аз болғандықтан олардың әр-біреуінің нарықтағы үлестері жоғары болады.

Олигополиялық жағдай стандартталған тауарлар саласында да (түрлі-түсті металдар), дифференциалданған (ерешеленген) тауарлар (автомобильдер, тұрмыстық техникалар т.б.) нарығында да кездеседі.

Олигополияның тағы да бір ерекшелігі бұл салаға кіруге кедергілердің (тосқауылдардың) жоғары болуы. Тосқауылдардың болуы ең алдымен өндіріс ауқымына байланысты.

Олигополист фирмалар бір-бірімен тығыз байланыста және тәуелді болады. Олигополист фирмалардың өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдеріне әсер ететін негізгі фактор – бәсекелестердің шешімі. Сондықтан олигополист фирмалардың тек қана сұраныстың ерекшелігімен ғана емес, бәсекелес фирмалардың қабылдаған шешімдерімен де санасуларына тура келеді.

Олигополияға тән тағы бір жағдай бұл салада басым жетекші (лидер) фирманың болуы. Басым фирма тауардың бағасы мен сату көлемінің өзгерісіне едәуір ықпал етеді. Баға туралы келісімге келген фирмалар басым фирманың белгілеген бағасына бағытталады. Алайда, егер басым фирма белгілеген баға басқа фирмалардың мүдделеріне сәйкес келмесе, онда басым фирма баға туралы шешімді қайта қабылдайды.