Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

9.2. Монополиялық бәсеке жағдайындағы баға және

өндіріс көлемі.

Егер жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы көлденең түзу орналасса (абсолютті икемді), ал монополистің сұраныс қисығы нарықтық сұраныс қисығына сәйкес келеді. Демек монополиялық бәсекеші фирманың сұраныс қисығы теріс көлбеулі және таза бәсекеші фирмаға қарағанда икемсіздеу, ал монополиске қарағанда икемдірек болады. Икемділік деңгейі бәсекеші фирмалардың санына, тауардың ерекшелігіне байланысты болады. Нәтижесінде тауардың ерекшелігі бағаның ерекшелігіне әкеледі. Егер жетілген бәсекеші жағдайында Рс. бағасымен Qс көлемі өндірілсе, монополиялық бәсеке жағдайында Рm. бағасымен Qm көлемі өндіріледі. (33-сурет).

Р

Рm N M AC

Pс Dc

Dm

0 Q m Qс Q

33 – сурет. Монополиялық бәсеке жағдайындағы өнім көлемі және баға

Сонымен монополиялық бәсеке жағдайында өндіріс көлемі жетілген бәсекешіге қарағанда аз, ал орташа шығындар (АС) мен баға жоғары болады: (Qm < Qс; Рm > Рс).

9.3. Монополиялық бәсеке нарығындағы қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік

Қысқа мерзім кезеңінде монополиялық бәсекелес фирма пайда табуы да, зиян шегуі де мүмкін. Сұраныс қисығы теріс көлбеу болғандықтан монополялық бәсекеші фирма сұраныстың икемділігіне байланысты өнім көлемін өзгерте отырып, баға белгілейді немесе бағаны өзгерте отырып, мейлінше көп пайда әкелетін өнім көлемін анықтайды. Монополиялық бәсеке нарығында пайданы мейлінше жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемі MR = MC теңдігімен анықталады. Егер фирма өнімінің бағасы орташа шығыннан жоғары (MR = MC) < P > ACmin болса, ол қысқа мерзімде экономикалық пайда алады. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі 34-суретте көрсетілген. MR мен MC –ның қиылысу нүктесінде фирма Qm көлемін өндіреді. Егер осы баға таза бәсеке жағдайында қалыптасса, онда фирма Qс көлемін өндірген болар еді.

Р МС

AC

Рm

Pc

D

MR

0 Qm Qс Q

34- сурет. Қысқа мерзім кезеңіндегі монополиялық фирманың

теңдігі

Ұзақ мерзімде нарықтағы фирмалар жаңа кәсіпорындар салу арқылы өнім көлемін өсіре алады. Экономикалық пайда нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне себеп болады. Нарыққа кіруге ешқандай кедергі болмағандықтан, ұзақ мерзімде экономикалық пайда жойылады да монополиялық бәсеке нарығы таза бәсеке нарығына ауысады

Осы өзгерістер сұраныс пен шекті табыс қисықтарын экономикалық пайда жойылғанша төмен жылжытады. Нарықта ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік орнайды. Оны 85- суреттен көреміз. Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайында сұраныс қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығын қисығына жанама болып сызылады. Сұраныстың төмендеуінен фирма MR = LRMC теңдігімен анықталынатын өнім көлемін (Qm) сату үшін бағаны (Pm) ұзақ мерзімдегі орташа шығын (LRAC) деңгейінде белгілейді. А нүктесінде экономикалық пайда нольге тең.

Егер нарықтағы сұраныс одан әрі төмендесе, фирмалар зиян шегеді және нарықтан шығуға тура келеді. Ал нарықта қалған фирмалардың өніміне сұраныс қисығы мен шекті табыс қисықтары жоғары қарай жылжи бастайды. Себебі нарықтағы тауар санының кемуі нарықта қалған фирмалардың бағалары мен шекті табыстарын өсіреді. Сұраныс пен шекті табыстың қисықтары нарықта қайтадан жаңа теңдік орнағанша жоғары қарай жылжиды.