Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

8.7. Монополияны мемлекеттік реттеу

Монополист фирмалардың ќанша жағымды жаќтары болғанымен, олардың нарыќтағы ќызметтері мемлекеттің реттеуін талап етеді. Монополист фирмалардың ќызметтерін реттеу немесе баќылау үшін алдымен монополиялыќ биліктің дәрежесін аныќтау ќажет. Монополиялыќ билікті аныќтау барысында толып жатќан ќиындыќтар кездеседі. Соған ќарамастан экономистер екі индексті әдісті ќолдана отырып, нарыќтағы монополиялыќ биліктің белгілерін іздейді.

Лернер индексі. Монополиялыќ биліктің бір белгісіне бағаның шекті және орташа шығындардан жоғары болуы жатады. Бағаның шекті шығыннан ќаншалыќты жоғары екенін Лернер индексінің көмегімен, баға мен шекті шығынның айырмашылығын бағаға бөлу арќылы аныќтайды:

L=P-MC/P,

мұндағы L - монополиялыќ биліктің индексі, Р - баға, МС - шекті шығын.

Лернер индексінің мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады . Р мен МС расындағы айырмашылық өскен сайын монополиялық билік те күшейе түседі.

Херфиндаль-Хиршман индексі. Фирманың нарыќта сатылатын өнімдердегі пайыздыќ үлесі өскен сайын оның монополиялыќ билігінің дәрежесі де өседі. Бұл бағаны шекті шығыннан жоғары белгілеуге мүмкіншілік береді. Херфиндаль-Хиршман индексінің (Ihh) көмегімен нарыќтағы шоғырлану дәрежесін аныќтаймыз:

Ihh=S12 + S22 + S32 + … + SN2,

мұндағы S1 - нарыќќа ең көп өнім шығаратын фирманың үлесі, S2 -одан кейінгі фирманың үлесі.

Егер салада 1 фирма болса онда S – 100 %, ал Н =10000 болады. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S – 1 %, Ihh =100 болады. Мысалы АҚШ-та сала ең жоғары монополияланған деп есептелінеді, егер Ihh=1800 жоғары болса. Бұл индекс монополияға қарсы саясатта қолданылады.

Осы аталған белгілерге байланысты мемлекет монополиялыќ билікті әр түрлі механизмдердің көмегімен реттейді.

Негізгі терминдер мен түсініктер

Таза монополия. Монополиялық билік. Нарыққа кіруге тосқауыл. Табиғи монополия. Жасанды монополия. Қысқа және ұзақ мерзім кезеңіндегі монополия. Монополияны мемелекеттік реттеу. Лернер индексі. Херфиндаль-Хиршман индексі. Бағалық алалау. Нарықты бөлу. Монопсония.

9. Монополиялық бәсеке нарығы

9.1. Монополиялық бәсеке нарығының болу жағдайлары

9.2. Монополиялық бәсеке жағдайындағы баға және өндіріс көлемі.

9.3. Монополиялық бәсеке нарығындағы қысқа және ұзақ

мерзімдегі тепе-теңдік.

9.4. Бағалық емес бәсеке. Жарнама.

9.1. Монополиялық бәсеке нарығының болу жағдайлары.

Монополиялық бәсекелес (monopolistic competition) нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар әрекет етеді. Ол фирмалардың арасында сыбайлас келісімдердің болуы мүмкін емес, сондықтан әр фирма өзі тәуекел етіп, өздігінен бағалық саясат жүргізеді. Көбінесе бұл нарықта ұсақ фирмалар қызмет етеді. Ірі фирма болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді.

Бұл салаға кіру оңай, бірақ кедергілер жоқ деп айтуға болмайды. Кедергілер ретінде өнімге берілетін патенттерді, лицензиялар (рұқсат қағаздар) мен сауда маркаларын алуға болады. Алайда оның таза монополиядан айырмашылығы, берілетін патенттер мен лицензиялар ауыстырушы тауарларға берілетіндіктен ерекше сипатта болмайды.

Монополиялық бәсекеші фирмалар көбінесе ауыстырушы тауарлар ұсынады. Сондықтан өндірілетін тауарлар дифференциалданады, яғни тауарлар өзіндік қасиеттеріне қарай ерекшеленеді. Тауарлардың ерекшеленуі тек сапа жағынан емес, сондай-ақ тауарларға қосымша өзгешелік беру арқылы да жүзеге асырылады.