Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

8.2. Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті табыс және жалпы табыс.

Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар көлемін өзгерте отырып, бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты. Нарықта монополиялық билік орнатудың негізгі алғышарты – фирманың өніміне сұраныс қисығының теріс көлбеу орналасуы.

Бәсекелес фирманың шекті табысы тауардың бағасына тең (P=MR). Себебі фирма тауардың бағасына әсер ете алмайды, барлық тауар бір бағамен сатылады. Ал, монополист қосымша тауар сату үшін оның бағасын арзандатуы керек. Сондықтан баға шекті табыстан жоғары болады (P>MR).

Монополист фирманың өніміне сұраныс пен шекті табыстың қисықтары теріс көлбеу орналасқан (29-сурет).

Егер монополистің өніміне сұраныс бағаға икемді болса, бағаның төмендеуі шекті табысты төмендеткенмен, жалпы табысты өсіреді. Демек, сұраныстың бағаға икемділігі монополиске бағаны жалпы табыс ең жоғарғы деңгейге жеткенше төмендете отырып, сататын өнім көлемін өсіруге мүмкіндік береді. Егер сұраныстың бағаға иекмділігі бірге тең болса, бағаның өзгерісі жалпы табысты өзгертпейді, өйткені шекті табыс нольге тең.

MR

Ed>1

Ed=1

MR

Ed<1

  1. Q

TR MR>0 MR<0

TR

MR=0

  1. Q

29-сурет. Монополистің өніміне сұраныс қисығы,

шекті табыс және жалпы табыс

Бағаны одан әрі арзандату шекті табысты нольден түсіреді, ал жалпы табыс қысқара бастайды. Бұл жағдайда сұраныс икемсіз болады. Сондықтан, монополист баға мен өнім көлемін өзгерте отырып, пайданы мейлінше арттыру туралы шешімді тек қана сұраныс бағаға икемді болған жағдайда ғана қабылдайды. Монополист барынша көп пайдаға МС=MR болғанда жетеді.

8.3. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі және монополиялық тепе-теңдік.

Монополист пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін шекті табыс пен шекті шығынды теңестіруі керек (МС=MR). Бірақ монополист фирманың шекті табысы сататын тауар бағасынан төмен (МR<P).

Монополист фирмаға пайданы мейлінше көтеру үшін екі мәселені шешуге тура келеді. Біріншісі - - пайданы мейлінші жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіншілік беретін өндіріс көлемін аныќтау. Екіншісі - сататын өнімге баға білгілеу. Осы мәселелердің шешу жолдарын 30- суреттегі графиктің көмегімен талдауға болады. Пайданы көтеретін өндіріс көлемі Qmax Е нүктесіндегі шекті табыс пен шекті шығынның тендігімен аныќталынады. Енді сататын тауардың бағасын аныќтауымыз керек. Ол үшін Е нүктесінен сұраныс ќисығына ќарай (Е нүктесінен А нүктесіне ќарай) тік сызыќ жүргіземіз. Содан кейін А нүктесінен абсцисс осіне ќарай түзу сызыќ жүргізу арќылы бағаны аныќтаймыз. Qmax өнім көлеміне сұраныс туғазу үшін фирма өзінің өніміне Pm бағасын белгілейді. Баға белгілі болғаннан кейін оны шығынмен салыстырамыз.

Орташа шығынның мөлшерін аныќтау үшін А нүктесінен өнім көлемінің осіне ќарай жүргізілген тік сызыќтың орташа шығынның ќисығын ќиып өтетін В нүктесін белгілейміз. Енді осы В нүктесінен абсцисс осіне ќарай түзу жүргізу арќылы АСm мөлшерін анықтаймыз. АСm бағадан төмен. Демек, Qmax өнім көлемін Pm бағасымен сата отырып, монополист фирма әрбір өнімнен (Pm - Acm) экономикалыќ пайда алады. Әрбір өнімнен түскен пайданы жалпы сатылған өнім көлеміне көбейтсек, фирманың жалпы пайдасын аныќтаймыз:

(Pm - Acm)* Qmax.

Сонымен, монополист фирманың ќысќа мерзімде экономикалыќ пайда алуының алғышарты:

(MR=MC) < P > AC.

Р MC

Экономикалық пайда

AC

А

Рm

A Cm В

E

MR D

0 Q max Q

30-сурет. Монополист фирманың пайданы өсіруі.

Егер монополист өзінің өніміне Pm бағасынан жоғары баға белгілесе, фирманың шекті табысы шекті шығыннан артыќ болады. Бұл пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін аныќтайтын ережеге сәйкес келмейді (MR=MC). Шекті табыстың шекті шығыннан артыќ болуы фирманың өнім көлемін өсіруге әлі де мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Яғни, фирма өнім көлемін өсіре отырып, жалпы пайданы өсіре алады. Ал, егер фирма өніміне Pm бағасынан төмен баға белгілесе, шекті шығын шекті табыстан асып кетеді. Бұл жағдайда пайдасын мейлінше көтерем деген фирмаға өнім көлемін ќысќартуға тура келеді.

Егер фирманың өніміне сұраныс ќысќарса немесе фирманың шығыны өссе, монополистің зиян шегуі де мүмкін. Оны 31- суреттегі графиктен көруге болады.

Р, С Экономикалық зиян

AC

MC

A

ACm

B

Pm

D

E MR

0 Qmax Q

31- сурет. Монополист фирманың зиян шегуі

Нарыќтағы сұраныс ќысќарса, оның ќисығы орнын төмен солға ќарай жылжытады. Сұраныс ќисығымен бірге шекті шығынның ќисығы да орнын төмен ќарай өзгертеді. Шекті табыс пен шекті шығынның тендігіне (MR=MC) сәйкес келетін Qmax өнім көлемінде пайда алу үшін сұраныс жеткіліксіз және ACm > Pm. Сондыќтан фирманың зияны ACmABPm төртбұрышының көлеміне тең. Демек, ќысќа мерзімде (MR = MC) < P < AC жағадайында монополист фирма экономикалыќ зиян шегеді.