Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

7.5 Өндірушілер мен тұтынушылардың ұтысы және бәсекелес нарықтың тиімділігі

Тұтынушының ұтысы (ТҰ) – тауарға төлеуге даяр ең ең жоғарғы баға мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық. Сұраныс қисығының теріс көлбеу орналасуы баға төмендеген сайын сатып алатын тауар санының көбейетінін көрсетеді.

Тұтынушының жалпы ұтысы - сатып алатын тауарлар үшін төлегісі келетін баға мен сол тауарларды сатып алуға жұмсалған нақты шығын арасындағы айырмашылық (29-сурет). Мысалы, тұтынушы тауарды өте жоғары бағалайды. Оның тауар үшін төлеуге дайын бағасы Pm-ге тең. Нарықтағы сұраныспен ұсынысқа байланысты қалыптасқан тепе-тең баға Р1. Тауарды жоғары бағалайтын тұтынушылар нарықтағы тепе-тең бағадан ұтыс алады. Сұраныс қисығы мен нарықтағы тепе-тең бағаның арасындағы Р1PmЕ үшбұрышының ауданы тұтынушылар ұтысының көлемін көрсетеді.

Р , ТҰ , ӨҰ

Pm

ТҰ S=MC

Р1 Е

ӨҰ

P=AVC А

D

0

Q1 Q

29 - сурет. Тұтынушы мен өндірушінің ұтысы

Өндірушінің ұтысы (ӨҰ)- өнімнің ең төменгі бағасы мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық. Ең төменгі баға тауарды өндіруге жұмсалған шекті шығынға тең. Егер нарықтық баға шекті шығыннан жоғары болса өндірушінің пайдасы өседі. Тепе-теңдік жағдайда өндірушінің ұтысы 0 тең болады. Себебі баға шекті шығынға тең. Өндірушінің ұтысын экономикалық рента деп те атайды. Өндірушінің жалпы ұтысы - сатылған өнімнен түскен табыс пен осы өнімді өндіруге қажетті ең аз шығын арасындағы айырмашылық. 69-суреттегі АР1Е үшбұрышының ауданы өндірушінің ұтысын көрсетеді..

Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстары жалпы қоғамның әл-ауқатын сипаттайды. Сондықтан мемлекеттің экономикалық саясаты, тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстарына әсер ету арқылы қоғамның әл-ауқатын да өзгертеді.

Негізгі терминдер мен түсініктер

Жетілген бәсеке. Бәсекелес фирма. Экономикалық пайда. Шекті түсім. Шекті пайда. Іс-әрекетті тоқтату нүктесі. Ұсыныстың қысқа мерзімдік қисығы. Ұсыныстың бағалық икемділігі, Өндіріс саласы. Еркін кіру. Еркін шығу. Салалық тепе-теңдік. Ұзақ мерзімдік бәсекелестік тепе-тендік. Сала ұсынысының ұзақ мерзімдік қисығы. Өндіруші ұтысы. Тұтынушы ұтысы.

8. Монополия және монополиялық билік.

8.1. Монополияға жалпы сипаттама.

8.2. Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті табыс және

жалпы табыс.

8.3. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі және

монополиялық тепе-теңдік

8.4. Ұзаќ мерзім кезеңіндегі монополия.

8.5. Монополиялыќ биліктің экономикалыќ және әлеуметтік

шығындары.

8.6. Бағалық алалау (дискриминация)

8.7. Монополияны мемлекеттік реттеу.

8.1. Монополияға жалпы сипаттама

Жетілген бәсекеге қарама-қарсы таза монополия («грек сөзінен аударғанда «моно» - жалғыз, «полио» - сатамын) – жакын алмастырушы жоқ тауар өндіретін немесе сататын жалғыз фирма жұмыс істейтін жағдай.

Таза монополияға тән сипаттамалар:

  1. «Фирма» және «сала» түсініктері бір мағына береді;

  2. Сатып алушыларда таңдау мүмкінігі болмайды;

  3. Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай отырып бағаны кез-келген бағытта өзгертеді және оны басқара алады.

  4. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан, оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың да сұраныс қисығы болады және ұсынылған тауардың бағасын анықтайды;

  5. Таза монополия бәсекелестіктен тосқауылдармен қорғалады.

Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар - бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Барлық кедергілер екі түрге бөлінеді:

Табиғи - бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау);

Жасанды - институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділсіз іс-әрекеттері ).

Егер фирманың монополиялық билігі заң жүзінде қорғалған болса, оны жабық монополия дейді. Патенттер мен авторлық құқықты немесе жана технологияны қолдана отырып, нарықта билік орнатқан фирмаларды ашық монополистер дейді. Олардың нарықтағы билігі уақытша болады. Кейбір өнімдер мен қызметтерді (халықты ыстық сумен, жылумен, газбен қамтасыз ету қызметтері) көлемі үлкен жалғыз фирмаларда өндірген арзанға түседі. Ол өндіріс көлемінің үнемділігінен туындайды. Сондықтан жеке фирмалар мемлекеттің бақылауымен сондай өнімдер мен қызметтерді өндіруге ие болады. Оларды табиғи монополистер дейді.