Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

7. Жетілген бәсеке нарығы

7.1. Жетілген бәсеке нарығына жалпы сипаттама

7.2. Қысқа мерзім кезеңіндегі жетілген бәсекеші фирма

7.3. Қысқа мерзім кезеңіндегі бәсекелес фирманың және саланың ұсыныс қисығы

7.4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі фирма және ұсыныс

7.5. Бәсекелес нарықтағы тұтынушылар мен өндірушілердің ұтысы

7.1 Жетілген бәсеке нарығына жалпы сипаттама

Жетілген бәсеке нарығы – нарықтық бағаға әсер ете алмайтын, саны өте көп шағын фирмалар әрекет ететін нарықтық құрылым. Оның ерекше белгілеріне мыналар жатады:

1. Өнімнің біртектілігі. Фирмалар бір – бірінен айырмашылығы жоқ өнімдер ұсынады, сондықтан өз бәсекелестерінің өнімін толықтай алмастыруға қабілетті.

2. Нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар әрекет етеді.

3. Сатушылар мен сатып алушылар «баға қабылдаушылар» болып табылады. Саны өте көп өндірушілердің жиынтық ұсыныстағы үлестері аз. Олар өнім көлемін өзгерту арқылы нарықта қалыптасқан бағаны өзгерте алмайды.

3. Нарықтағы жағдайлар туралы толық ақпараттың болуы. Өндірушілер мен сатушылар тауар, баға, технология және болашақ пайда туралы толық хабардар болады.

4. Салалық тосқауылдардың болмауы. Салаға немесе нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне немесе шығып кетуіне ешқандай кедергілер қойылмайды.

5. Фирмалардың тәуелсіздігі. Фирма шешім қабылдағанда басқа бәсекелестерінің іс-әрекетін ескермейді.

Жетілген бәсекеші фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, оны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Сондықтан бәсекеші фирма өнімнің кез келген көлемін нарықта қалыптасқан бағамен сатады. Осыған байланысты жеке өндірушінің сұраныс қисығы көлденең түзу сызық түрінде орналасады (27 «Ә»- сурет)

Жеке фирманың өніміне сұраныс пен нарықтық сұраныс қисығын ажырата білу керек. Салалық немесе нарықтық сұраныс қисығы теріс көлбеу орналасады, баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасды (27 «А»- сурет). Ал жеке фирма кез- келген өнім көлемін нарықта қалыптасқан бағамен сатады және жалпы нарықта қалыптасқан жағдайда оны өзгерте алмайды.

P S P

Ро ---------------- Ро

D

Qо Qн Q1 Q2 Q3 Qф

А - Нарықтық сұраныс Ә - Фирманың өніміне сұраныс

27-сурет. Жетілген бәсекеші фирманың сұраныс қисығы

Өнімнің әрбір қосымша бірлігі тұрақты бағамен сатылады, сондықтан шекті табыс MR (total revenue) нарықтық бағаға тең болады (MR=Р). Ал шекті табыс (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығына (D) сәйкес келеді, өйткені Р=D. Бір дана өнімнен түсетін орташа табыс АR (average revenue) та бағаға тең болады АR=Р. Жалпы табыс (ТR) сатылатын тауар көлеміне байланысты өзгереді: ТR= QхР (28-сурет).

P

ТР

Po D= MR=AR

Q

28-сурет. Жетілген бәсекеші фирманың сұраныс қисығы

Пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау үшін өндіруші шекті табысты шекті шығынмен салыстырады. Егер шекті табыс шекті шығыннан артық болса, қосымша сатылған өнім пайданы өсіреді. Қосымша өнім сатылғанда фирамның пайдасы шекті пайда мөлшеріне өседі. Шекті пайда шекті табыс пен шекті шығынның айырмашылығы:

Шекті пайда = MR – MC

Егер шекті табыс шекті шығыннан кем болса, қосымша сатылған өнім пайданы төмендетеді. Пайданы мейлінше арттыру үшін фирма өнім көлемін шекті табыс пен шекті шығын бір – біріне теңескенге дейін өсіреді.

MR = MC

Бұл ереже барлық нарықтық құрылымдарда қызмет істейтін фирмаларға ортақ.