Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Негізгі терминдер мен түсініктер

Өндіріс. Өндіріс факторлары. Технология. Өндірістік функция. Қысқа уақыт мерзімі (немесе қысқа мерзімдік жоспарда). Ұзақ уақыт мерзімі (немесе ұзақ мерзімдік жоспарда). Изокванта. Изокванталар картасы. Шекті өнімділіктің азаюы заңы. Өндipic ауқымы өcyiнiн ұлғаймалы әcepi. Өндіpic аукымы өcyiнiн тұракты әcepi Өндіpic аукымы өcyiнiн теріс әcepi. Кобба-Дуглас функциясы

6. Өндірістік шығындар

6.1. Өндірістік шығындар: мәні, түрлері.

6.2 Изокоста. Өндірушінің теңдігі.

6.3. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндipic шығындары

6.4. Ұзақ мepзiм кезеңіндегі өндіріс шығындары

6.1. Өндірістік шығындар: мәні, түрлері

Өндіріс шығындарын зерттеуде оларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Өндірушілердің ресурстар нарығынан сатып алатын өндіріс факторларына жұмсайтын шығындарын сыртқы немесе бухгалтерлік шығындар дейді. Бухгалтерлер активтер мен пассивтердің өзгерістерін бакылау аркылы фирманың icтегeн жұмысына баға береді. Бухгалтерлік шығындарға жабдыктаушылардан сатып алынған өндіріске қажет әртүрлі ресурстардың құны жатады. Оларға шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амартизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. Бұл шығындарды фирманын айқын шығындары деп те атайды (49 - сурет).

Экономикалық шығындар - өндipic үдерісінде колданылатын барлык (сыртқы және iшкi) ресурстарға шығындар. Демек, экономикалық шығындар = сыртқы шығындар + ішкі шығындар (оның ішінде қарапайым пайда).

Қарапайым пайда – кәсіпкерлікпен айналысуга мүмкіндік беретін ең төменгі пайда. Тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе сатумен айналысу үшін фирма ең болмаса карапайым пайда алуы керек. Сондықтан карапайым пайда iшкi шығындардың құрамында есептелінеді. Ол банктер төлейтін пайыз мөлшерлемесіне байланысты анықталады. Экономикалық шығындарды есептеу фирманың icтeгeн жұмысына бaғa 6epiп қана коймай, оның болашағын да болжауга мүмкіндік береді.

Ө ндірістік шығындар

Сыртқы шығындар - жабдыктаушылардан сатып алынған өндіріс ресурстарының құны (шикізаттар мен материалдарға, жолдамалы жұмысшылар жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар.

Ішкі шығындар - өз меншігіндегі ресурстарды колданудың баламалы құны (ғимараттың жалға берілмеу шығындары)

Қарапайым пайда

Айқынсыз

шығындар

Айқын

шығындар

Бухгалтерлік шығындар

Экономикалық шығындар

Қайтарылмайтын шығындар

19-сурет. Өндірістік шығындар құрылымы

Бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан аз болады. Бұл бухгалтерлік және экономикалық пайданың айырмашылығын көрсетеді. Оларды былай анықтайды:

Экономикалық = жалпы - бухгалтерлік - ішкі - қарапайым

пайда кipic шығындар шығындар пайда

Бухгалтерлік пайда = жалпы кipic – бухгалтерлік шығындар

Баламалы шығындар айкын болмағанымен, оларды фирма шешім кабылдағанда міндетті түрде ескереді. Фирмада айкын, 6ipақ шешім қабылдағанда ecкepiлмeйтін шығындар да болады. Оларды кайтарылмайтын шығындар дейді.