Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

5.3. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар

¥зақ мерзім кезеңінде өндipicтe колданылатын барлык факторлар езгермелі болады. Фирмалар өндipic ауқымын езгерту арқылы өнім көлемін езгерту мүмкіншілігіне ие болады. ¥зақ мepзiмде өндipic факторлары мен өнім көлемінің арасындағы байланыска өнімділіктің кему заңы және қысқа мерзімге тән жағдайлар әсер етпейді.

Бірдей өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын өндіріс факторларының әр түрлі үйлесімдерін (комбинацияларын) көрсететін қисықты изокванта (isoquant) деп атайды. Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатынын көрсетеді.

14-суретте 50 дана өнімнің изоквантасы көрсетілген. Егер 60 дана өнім беретін капитал мен еңбектің үйлесімін алатын болсақ, онда оның изокванта қисығы 50 дана өнімнен жоғары орналасады. Ал 40 дана өнім беретін екі фактордын үйлесімінің изоквантасы координат басына жақын орналасады.

К

K1 A

∆К

B

K2 Q = 50

∆L

L1 L2 L

44- сурет. Изокванта қисығы

Осылайша бір-біріне қатар орналасқан бірнеше изокванта қисықтарын изокванталар картасы (isoquant map)деп атайды (15 -сурет)

Изокванта қисығына мынадай қасиеттер тән:

1.Изокванта қисығы теріс көлбеу орналасады. Өнім көлемін өзгертпеу үшiн капитал шығынын азайтқан сайын еңбек шығынын көбейту керек.

2. Изокванталар координат басынан алыстаған сайын олардың бойында жатқан факторлар үйлесімдері беретін өнім көлeмi көп болады.

3. Изокванта қисықтары ешқашанда қиылыспайды. Себебі бір изокванта қисығының бойында орналасқан ресурстар беретін өнім көлемі бірдей болады.

Изоквантаның көмегімен бip факторды екінші фактормен алмастырудың технологиялық шегін анықтауға болады. Капиталды еңбекпен алмастырудын технологиялық шекті шамасы (нормасы) MRTS өндіріс көлемін өзгертпей-ак әpбip еңбек бірлігімен алмастыруға болатын капиталдың мөлшерін көрсетеді.

К

Q3=60

Q2 = 50

Q1= 40

L

15- сурет. Изокванталар картасы

Бұл капиталды еңбекпен алмастырудын технологиялық шекті шамасының төмендейтінін көрсетеді

MRTSLK= - ( ΔК/ ΔL) = MPL / MPK

Еңбекті капиталмен алмастырудың технологиялық шекті шамасы капиталды алмастыратын еңбек мөлшерімен анықталынады:

MRTSKL= -(Δ L/ ΔК) = MPK / MPL

Еңбекті капиталмен алмастырғанда өндіріс көлемін өзгертпеу үшін еңбектің санын азайтқан сайын капиталдың санын көбейтуге тура келеді. Оны 45- суреттегі изокванта қисығының бойындағы A нүктесінен B нүктесіне қарай козғалу арқылы көруге болады.

Өндipic факторларын алмастырудын технологиялық шекті шамасын талдағанда еңбек пен капитал 6ip-6ipiн толық алмастыра алмайтынын ұмытпау қажет. Өндipic факторлары 6ip-6ipiн толықтырады. Сондықтан оларды алмастырудың технологиялық шекті шамасы төмендейді. Изоквантаның қисықтары турақты өнім көлемінің шеңберінде факторларды алмастырудын шегі бар екенін және алмастыру барысында әр түрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.