
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •Курстың пререквезиттері- бұл пәнді игеруде септігін тигізетін пәндер
- •Курстың постреквезиттері- бұл курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •Студент курстың соңында білуі керек
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1. Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2.Практикалық-зертханалық сабақтарының тізбесі:
- •Студенттердің өздігінен дайындалатын сұраќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Курс саясаты.
- •9. Білімді бағалау туралы мәліметтер
- •10. Бағалар қою саясаты.
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Глоссарий.
- •3. Қысқаша дәрістер жинағы.
- •1. Микроэкономикаға кіріспе
- •Микроэкономика: пәні, обьектісі, субьектілері.
- •Микроэкономиканың әдістемелік негіздері
- •1.3. Экономикадағы таңдау және өндіріс мүмкіншілігінің шектеуі
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.
- •2.1. Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс функциясы.
- •2.2. Ұсыныс және оған әсер ететін факторлар.
- •Нарықтық тепе-теңдік, оның үлгілері
- •2.4. Нарықтың салыстырмалы статикасы.
- •2.5. «Өрмекші торы» тәріздес үлгі
- •2.6. Нарықты мемлекеттік реттеу
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •3. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі.
- •3.2. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі
- •3.3. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің үш уақыт мерзімі.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •4. Тұтынушы теориясы
- •4.1. Игіліктің пайдалылығы және тұтынушының таңдауы (кардиналистік концепция)
- •4.2. Талғамсыздық қисықтары және бюджет шектеулері (ординалистік концепция)
- •4.3. Тұтынушының тепе-теңдігі (оптимумы).
- •4.4. Баға-тұтыну қисығы. Табыс-тұтыну қисығы. Энгель қисығы.
- •4.5. Ауыстыру әсері және табыс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий бойынша).
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •5. Өнд1р1с теориясы
- •5.1. Өндіріс және өндіpic функциясы.
- •5.2 Қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс. Шекті өнімділіктің кему (азаю) заңы
- •5.3. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар
- •Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •6. Өндірістік шығындар
- •6.1. Өндірістік шығындар: мәні, түрлері
- •Ө ндірістік шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •6.2. Изокосталар және өндірушінің тендігі
- •6.3. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндipic шығындары
- •6.4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс шығындары
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •7. Жетілген бәсеке нарығы
- •7.1 Жетілген бәсеке нарығына жалпы сипаттама
- •7.2. Қысқа мерзім кезеңіндегі жетілген бәсекеші фирма
- •1. Фирманың пайданы мейілінше арттыру жағдайы.
- •2. Фирманың зиянын мейілінше азайту жағдайы.
- •3. Фирманың қарапайым пайда алу жағдайы.
- •4. Жетілген бәсекеші фирманың қызметін тоқтатуы.
- •7.3 Қысқа мерзім кезеңіндегі бәсекелес фирманың және саланың ұсыныс қисығы
- •7.4 Ұзақ мерзім кезеңіндегі фирма және ұсыныс
- •7.5 Өндірушілер мен тұтынушылардың ұтысы және бәсекелес нарықтың тиімділігі
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •8. Монополия және монополиялық билік.
- •8.1. Монополияға жалпы сипаттама
- •8.2. Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті табыс және жалпы табыс.
- •8.3. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі және монополиялық тепе-теңдік.
- •8.4. Ұзаќ мерзім кезеңіндегі монополия
- •8.5. Монополиялыќ биліктің экономикалыќ және әлеуметтік шығындары
- •8.6. Бағалық алалау (дискриминация)
- •8.7. Монополияны мемлекеттік реттеу
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •9. Монополиялық бәсеке нарығы
- •9.1. Монополиялық бәсеке нарығының болу жағдайлары.
- •9.2. Монополиялық бәсеке жағдайындағы баға және
- •9.3. Монополиялық бәсеке нарығындағы қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік
- •9.4. Бағалық емес бәсеке. Жарнама.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •10. Олигополия нарығы
- •10.1. Олигополия нарығының ерекшеліктері
- •10.2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы
- •10.3. Курно дуополиясының үлгісі
- •10.4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»
- •«Тұтқындар дилеммасы» үлгісі
- •10.5. Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы».
- •10.6. Баға белгілеудегі жетекшілік
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •11. Өндіріс факторлары нарығы.
- •11.1. Ресурстарға сұраныс және өндіріс факторлары нарығының ерекшеліктері
- •Мұндағы mpl –еңбектің шекті өнімі, pl –еңбектің бағасы, mpk – капиталдың шекті өнімі, pk -капиталдың бағасы.
- •11.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы
- •11.3 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы
- •11.4 Капитал және пайыз мөлшерлемесі
- •11.5 Жер нарығы және рента
- •12 . Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •2.1 Жеке және жалпы тепе-теңдік.
- •12.2 Вальрас үлгісі.
- •12.3 Эджуорт қорабы
- •Айырбас тиімділігі
- •12.4 Парето – тиімділік.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •13. Сыртқы әсерлер теориясы
- •13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері.
- •13.2. Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
- •13.3. Коуз теоремасы.
- •13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері
- •13. 2 Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
- •13.3. Коуз теоремасы
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •14. Қоғамдық игіліктер
- •14.1. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері
- •14.2. Таза қоғамдық игіліктерге сұраныс және олардың ұсынысы
- •14.3. «Билетсіздер (қояндар)» проблемасы
- •14.4. Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •4. Семинар сабақтарына арналған тапсырмалар
- •Семинар сабағы
- •- Негізгі нарықтың механизмдерін оқу: бағаның құрылуы және бәсеке.
- •Семинар сабағы
- •Тапсырманың мақсаты:
- •Семинар сабағы.
- •6. Егер тұтынушының табысы өсетін болса, онда:
- •7. Егер бір игіліктің бағаы жоғарылайтын болса, онда:
- •8. Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегі шарттардың қайсысы орындалғанда жетеді?
- •Семинар сабағы
- •12. Өндірісте капитал мен еңбек 2 есе өсті. Соның нәтижесінде өнім шығару да 2 есе өсті. Ауқым өсуінің қандай тиімділігі байқалады?
- •Тапсырманың мақсаты:
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы.
- •15. Егер түсім 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құраса, онда фирманың пайдасы қандай болады?
- •17. Баға төмендігі көрсеткіштердің қайсысынан жоғары болғанда фирма шығындармен жұмыс істей алады?
- •Бақылау түрлері:
- •Семинар сабағы
- •9. Табиғи монополияға мысал бола алатын:
- •10. Баға белгілудегі "бас бармақ" тәртібінің мәні неде?
- •11. Монополияны енгізу:
- •15. Монополия нарығында баға мен шекті түсім арасында қандай арақатынас болуы керек?
- •16. Ең жоғары деңгейде пайда табу үшін монополист төмендегі шарттардың қайсысының орындалуына сәйкес келетін өнім көлемін шығару керек?
- •26.Монополиялық билікке болу үшін фирма:
- •27.Тиімді баға дискриминациясын іске асыру үшін төмендегілердің қайсысы қажет емес?
- •28 Нарықта әлеуметтік оңтайлы баға орнатылады дегенді былай түсінеміз:
- •Семинар сабағы. Сабақтың мақсаты:
- •Семинар сабағы.
- •Семинар сабағы
- •Талдау сұрақтары
- •7. Монопсония кезінде еңбектің шекті шығындары еңбекақымен салыстырғанда, одан:
- •8. Ең төменгі деңгейдегі еңбекақы туралы заңды енгізуден ұтатындар:
- •9. Еңбек нарығындағы екі жақты монополия келесімен сипатталады:
- •Бақылау түрлері:
- •Бақылау түрі: қысқаша конспект.
- •6. Ішінара тепе-теңдікті талдаудың жалпы тепе-теңдікті талдаудан айырмашылығы төмендегідей:
- •7. Егер екі тұлға игіліктерді өзара ауыстыратын болса, онда олардың әрқайсысы да ұтады, себебі:
- •8. Егер екі тұтынушы үшін екі игіліктің mrs-і тең болмаса, онда:
- •12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер. Семинар сабағы.
- •15. Мемлекет өндіретін қоғамдық игіліктер жиналатын салықтармен қаржыландырылады, бұл кезде оларды өндірудегі жоғары тиімділікке жету төмендегінің қайсысының көмегімен жүзеге асырады?
- •16. Бәсекелес нарықтар қандай көлемде таза қолғамдық игіліктер шығарады?
- •17. Шығарып тасталынатын қоғамдық игіліктерді кім өндіре алады?
- •Бақылау түрі: қысқаша конспект.
- •12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер.
- •6. Курстық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •6.1 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •6.2 Курстық жұмыстың құрылымы
- •6.3 Курстық жұмысты рәсімдеу
- •6.4 Курстық жұмысты қорғау тәртібі
- •6.5 Курстық жұмыс тақырыптары.
- •Курстық жұмыс «қазақстан республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері»
- •Әдебиет:
- •7. Аралық бақылау сұрақтары
- •8. Емтиханға арналған тестілік тапсырмалар
- •8. ӘдебиеттеР тізімі
4.5. Ауыстыру әсері және табыс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий бойынша).
Кез-келген тауар бағасының өзгерісі сұраныс көлеміне екі түрлі әсер етеді: табыс әсері және орын басу әсері. Табыс әсері (income effect) тауарға баға өзгерген жағдайда тұтынушы табысы мен сұранысының қалай өзгеретінін көрсетеді. Бағаның төмендеуі (өсуі) тұтынушының нақты табысын көбейтеді (азайтады), немесе оның сатып алу қабылетін көтереді (төмендетеді). Ауыстыру әсері (substitution effect) – тауарлар бағасының салыстырмалы өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Бір тауарға бағаның төмендеуі, басқа тауарға баға өзгермегенде оның арзандағанын білдіреді. Соған байланысты тұтынушы қымбат тауарларды арзандарымен ауыстырады.
Екі әсер нәтижесінде пайда болатын нақы табысты анықтаудың екі әдісі бар. Олар ағылшын экономисі Дж.Хикс пен орыс математик –экономисі Е.Е.Слуцкийдің аттарымен байланысты.
Хикс бойынша әртүрлі табыс бірдей қанағаттану (пайдалылық) деңгейін қамтамасыз ететін, яғни бір ғана талғамсыздық қисығының бойында жататын нақты табыс деңгейін көрсетеді.
Слуцкиий бойынша тек бірдей тауарлар жиынтығын қамтамасыз ететін табыс деңгейі өзгермейтін (тұрақты) нақты табыс ретінде қарастырылады .
Ауыстыру әсері әрқашанда теріс болады. Тауарға бағаның төмендеуі, тұтынушыны басқа тауарды (тауарлар жиынтығын) азайтып берілген тауарды көбірек алуға және керісінше, бағаның өсуі берілген тауарды басқа арзанырақ тауарлармен ауыстыруға итермелейді. Табыс әсері қалыпты тауарларға теріс болады, сапасыз тауарға оң болады және табыс-тұтыну қисығы теріс көлбеу орналасады, нейтралды (бейтарап) болады, егер табыс-тұтыну қисығы тік орналасса. Сапасыз тауарларға табыс әсері оң болады, өйткені тұтынушының нақты табысы немесе сатып алу қабілеті өскен сайын, ол сапасы төмен тауарларды аз алуға тырысады. Алайда көптеген сапасыз тауарларға теріс ауыстыру әсері оң табыс әсерін жауып отырады, нәтижесінде баға өзгерісінің жалпы әсері теріс болады. Сондықтан мұндай тауарларға сұраныс қисығы қалыпты тауарларға сияқты теріс көлбеулі болады. Тек сұраныс заңы бұзылған жағдайда ғана оң табыс әсері теріс алмастыру әсерін жабады – сұраныс көлемі баға өзгерісіне тура бағытта өзгереді. Мұндай тауарлар Гиффен тауарлары (Giffen good ) – бұл басқа факторлар тұрақты болғанда сұранысы баға өзгеруінің бағытымен бірдей өзгеретін тауар.
Негізгі терминдер мен түсініктер
Пайдалылық функциясы.. Талғамсыздық қисығы. Талғамсыздық қисығының картасы. Ауыстырудың шекті мөлшері. Ауыстырудың шекті мөлшерінің азаюы. Шекті пайдалылық. Бюджеттік шектеу. Тұтынушы тепе-теңдігі. Бұрыштық тепе-теңдік. Табыс әсері. Ауыстыру әсері. Гиффен тауарлары. Хикс бойынша ауыстыру әсері мен табыс әсері. Слуцкийдің ауыстыру әсері мен табыс әсері
5. Өнд1р1с теориясы
5.1 Өндіріс және өндіріс функциясы
5.2. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс. Шекті өнімділіктің кему заңы
5.3. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар
5.4. Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
5.1. Өндіріс және өндіpic функциясы.
Өндіріс - тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндіріс факторларын қолдану үдерісі. Өндipic процесінде қолданатын факторлардьң 6әpiн eкi топқа бөлеміз. Өндірісте материалдық түрде қолданылатын өндіріс факторлары (жер және өндipic құрал-жабдыктары) капитал ресурсына жатады, жұмыс күші мен кәсіпкерлік кабілет еңбек ресурсы болып табылады.
Өндіріс нәтижесінде өндірілетін тауарлар саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістің технологиялық әдісі дегеніміз өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды белгілі бір өңдеу үдерістері арқылы дайын өнімге (тауарлар мен қызметтерге) айналдыру. Өндіріс технлогиясының үнемі өзгepiп отыратыны белгілі. Бірақ өндірушінің қабылдайтын шешімі тұрақты (езгермеген) технология шеңберінде жүзеге асады деген болжау жасалады.
Тұрақты технология шеңберінде мейлінше көп өнім өндіру үшін қолданылатын өндіpic факторларынын үйлесімі мен өндірілген өнім көлемі арасындағы байланысты өндіріс функциясы (production function) дейміз. Егер өндірісте капитал мен еңбек ресурстары қолданылса, онда eкi факторлы өндіріс функциясын былайша керсетуге болады:
Q = f (L, K),
мұндағы Q - өндірілген өнім көлемі, f - функционалды байланысты көрсететін белгі, L - еңбек , К - капитал. Егер өндіріске жаңа технология енгізсе, онда басқа өндіpic функциясы пайда болады.
Өндіріс функциясы кез келген өндіріс үшін нақты мәліметтерге негізінде анықталады. Оны анықтау өндірісті жоспарлау үшін қажет болады.