Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

4.3. Тұтынушының тепе-теңдігі (оптимумы).

Бюджет сызығының U2 талғамсыздық қисығымен жанасу нүктесінде (Е) тұтынушы тепе-теңдігі (Consumer equilibrium) орнайды (9-сурет). Бұл нүкте тұтынушы қажеттіліктерін ең жоғары деңгейде қанағаттандырады. Е нүктесінде MRS тауарлар бағасының кері қатынасына тең болады: MRS =P/P.

y

U2 U3

K U1

E

0 L x

9-сурет. Тұтынушы тепе-теңдігі

Қарастырған жағдай екі тауарды сатып алу кезіндегі тепе-теңдік деп аталады.

4.4. Баға-тұтыну қисығы. Табыс-тұтыну қисығы. Энгель қисығы.

Баға-тұтыну қисығы (price-consumption curve) - бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушы талғамы қалай өзгеретінін көрсетеді.

10-суретте (жоғарғы жағында) тұтынушының табысы мен талғамы өзгермей, тек бір тауарға (Х) бағаның өзгерісі нәтижесінде тұтынушының тиімді жағдайының өзгерісі берілген. Баға Рх. –тен Р’х – қа төмендегенде KL бюджеттік сызығы KL1 жағдайына ауысады. Тұтынушының оптималды теңдестік жағдайы Е1 нүктесінен Е2 нүктесіне жылжиды. Осындай теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін қосу арқылы «баға-тұтыну қисығы» деп аталатын ЕЕ қисығын табамыз.

Баға-тұтыну қисығы негізінде сұраныс қисығын құруға болады 10-сурет (төменгі жағы). Ол үшін «баға-тұтыну» қисығының бойында орналасқан тұтынушының теңдік нүктелерінен төмен қарай екінші графиктің абцисс өсіне перпндикуляр түсіреміз. Ординат өсінде тауардың бағасын белгілейміз. Егер тұтынушы Рх деңгейінде Х1 тауарын сатып алатын болса, онда Р’х,деңгейінде Х2 тауарын сатып алады. Осындай мәліметтер негізінде Х тауарына сұраныс қисығын (DD) құруға болады (35-сурет).

Т

10-сурет. Баға-тұтыну қисығы және сұраныс қисығы.

ұтынушының табысы өзгергенде (баға тұрақты) оның тиімді жағдайының қалай өзгеретінін қарастырамыз. Тұтынушының табысы өскен сайын оның бюджеттік сызығы KL-дан K1L1 жағдайына ауысады.

Тұтынушының талғамсыздық қисығы U1U1 –ден U2U2 – ге жылжиды (36-сурет). Е1, Е2 нүктелеріне тұтынушының тиімді таңдаулары сәйкес келеді. Суреттен Е2 жиынтығында Е1 – ге қарағанда көп тауарлар бар екенін көруге болады. Осы нүктелер тізбегін қосу арқылы «табыс-тұтыну» қисығын GG, табуға болады. Табыс-тұтыну қисығы (income-consumption curve) – табыс өскендегі тұтынушы талғамының өзгерісін көрсетеді. Бұл қисықты кейде «тұрмыс деңгейінің қисығы» деп атайды (11-сурет).

У

K1 U2 G

U1

К Е2

Е1 U2

G U1

0 Х

L L1

11 –сурет - Қалыпты тауарларға табыс-тұтыну қисығы

Табыс-тұтыну қисығы оң көлбеулі, өйткені табыс өскен сайын тұтынылатын Х және У тауарларының көлемі ұлғаяды. Мұндай тауарларды қалыпты тауарлар деп атайды.

Тауарлар төмен сапалы болғанда «табыс-тұтыну» қисығы координаттар осіне қарай бұрылады. Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну көлемі азаятын тауарлар. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі сапасыз тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде табыс-тұтыну қисығының көлбеуі теріс болады.12 – суреттен табыс өскен сайын бір тауардың тұтынылуы өсіп, екінші тауар көлемінің қысқарғанын байқауға болады.

12-сурет. Табыс-тұтыну қисығы.

а – Х – сапасы төмен тауар; Yжоғары сапалы тауар;

б – Х – – жоғары сапалы тауар;; Y – сапасы төмен тауар;

Табыс-тұтыну қысығы жеке Энгель қисығын құруға мүмкіндік береді. Энгель қисығы – баға мен тұтынушы талғамы өзгермеген жағдайдағы тұтыну көлемі мен табыс арасындағы байланысты бейнелейді. Қалыпты тауарларға Энгель қисығы оң көлбеулі болады. Нақты өмірде тұтынушылар көбінесе агрегатталған тауарлар жиынтығын қарастырады – азық-түлік, өнеркәсіптік, қызмет т.б. Бұл жағдайда Энгель қисығы Энгел шығындары қисығына ауысады Энгел шығындары қисығы - тұтынушының табысы мен тауарлар жиынтығына шығындар арасындағы байланысты сипаттайды.

38-сурет. Энгель шығындарының қисығы. а – қалыпты тауар; б – сапасы төмен тауар; в – жоғары сапалы тауар.