Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

4.2. Талғамсыздық қисықтары және бюджет шектеулері (ординалистік концепция)

Сұранысты талдаудағы ординалистік (реттік) әдістеме кардиналистік (сандық) әдістемеге қарағанда осы заманғы деп айтылады. Пайдалылықты нақты сандық мөлшермен өлшеу мүмкін болмағандықтан, ординалистер реттік тәсілді ұсынған.

Реттік әдістемеде сұранысты зерттеу үшін талғамсыздық қисықтары мен бюджет сызықтары қолданылады.

Талғамсыздық қисығы (indifference curve) - тұтынушыға бірдей пайдалылық әкелетін екі тауардың (тауарлар жиынтығының) түрлі тіркестерін көрсетеді (7-сурет).

y

U

0 x

7-сурет. Талғамсыздық қисығы

Талғамсыздық қисығына мынадай қасиеттер тән:

1. Талғамсыздық қисығы теріс көлбеу орналасады. Өйткені тұтынушы аз тауарға қарағанда көп тауарды қалайды.

2. Талғамсыздық қисықтары ешқашанда қиылыспайды. Себебі бір талғамсыздық қисығының бойында орналасқан тауарлар жиынтығы әкелетін пайдалылық бірдей.

3. Талғамсыздық қисықтары координат басынан алыстаған сайын, олардың бойындағы тауарлар жиынтығы әкелетін пайдалылық жоғары болады. Сондықтан тұтынушы әрқашанда төмен жатқан талғамсыздық қисығының бойында орналасқан тауарлар жиынтығына қарағанда жоғары орналасқан тауарлар жиынтығын таңдайды.

Талғамсыздық қисықтарының жиыны талғамсыздық картасын құрайды

Талғамсыздық қисықтарының теріс көлбеу орналасуы және ойыс болуы ауыстырудың шекті нормасының азаюымен түсіндіріледі. Ауыстырудың шекті нормасы (marginal rate of substitution) (MRS)х тауарын 1 бірлікке көбейткенде у тауарының қанша бірлігінен бас тарту керек екендігін көрсетеді және бұл жағдайда осы тауарлар жиынтығының жалпы пайдалылығы тұрақты күйде қалуы керек:

MRS=∆y/∆x

Егер талғамсыздық қисықтары тұтынушылар талғамдарын көрсететін болса, онда бюджет сызығы олардың мүмкіншіліктерін анықтайды.

Тұтынушының бюджеттік қисығы (Budget constraint) – бұл тұтынушының табысты толықтай пайдаланған жағдайда қол жеткізуге болатын тауарлар (игіліктер) жиынтығын көрсететін сызық (8-сурет) Екі тауар үшін бюджет шектеулерін келесі формуламен көрсетуге болады: PQ+PQ<I.

y

K

8-сурет. Бюджет сызығы.

Бұдан көретініміз, барлық тауарларды алуға кететін шығындар тұтынушының табысынан (I) асып түспейді. Бюджет сызығы кординаттар осьтерін К және L нүктелерінде қиып өтеді: К= I/P ;L= I/P

Бюджет сызығының көлбеуі х және у тауарлары бағаларының қатынасына тең: Р/Р.

Тауарлар бағаларының арақатынасының өзгерісі бюджет сызығының көлбеу бұрышын өзгертеді.

Тұтынушының табысы өзгергенде бюджет сызығы да өзгеріп отырады.