Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Негізгі терминдер мен түсініктер

Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Сұраныс икемділігінің коэффициенттері. Ұсыныстың бағалық икемділігі. Ұсыныс икемділігінің үш уақыт мерзімі. Өндіруші икемділігі.

4. Тұтынушы теориясы

4.1. Игіліктің пайдалылығы және тұтынушының таңдауы

(кардиналистік концепция)

4.2. Талғамсыздық қисықтары және бюджет шектеулері (ординалистік

концепция)

4.3. Тұтынушының тепе-теңдігі (оптимумы).

4.4. Баға-тұтыну қисығы. Табыс-тұтыну қисығы. Энгель қисығы.

4.5. Ауыстыру әсері және табыс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий

бойынша).

4.1. Игіліктің пайдалылығы және тұтынушының таңдауы (кардиналистік концепция)

Тұтынушының іс-әрекетін зерттеудің үш әдістемесі бар:

1. Кардиналистік.

2. Oрдиналистік.

3. Табыс әсері мен ауыстыру тиімділігі негізінде тұтынушы іс-әрекетін зерттеу.

Кардиналистік (сандық) теория тұтынушы тауарлар мен қызметтердің пайдалылықтарын өлшей алады және соған сәйкес өзінің тұтынушылық талғамын құрайды деген көзқарасты ұстанады.

Сонымен, пайдалылықтың кардиналистік әдістемесі тауарлар жиынтығына сандық мән береді. Бірақ пайдалылықтың дәрежесін нақты анықтау немесе өлшеу мүмкін емес. Киімнің пайдалылығы тамақтың пайдалылығына қарағанда екі немесе үш есе артық деп айту қиын. Ол тек салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым.

Тұтынушының іс-әрекетін талдаудың кардиналистік әдістемесі шекті пайдалылық теориясына негізделеді.

Пайдалылық (U- utility) - адамның кез-келген игілікті тұтынудан алатын қанағатану сезімі. Пайдалылықты жалпы және шекті деп бөледі.

Жалпы пайдалылық (ТU - total utility) – бұл тұтынылатын барлық игіліктердің пайдалықтарының жиынтығы (5-сурет).

TU

0 Q

5-сурет. Жалпы пайдалылық.

Шекті пайдалылық (MU- marginal utility) – берілген тауарлардың қосымша 1 бірлігін тұтынған кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі: MU= =∆TU/∆Q

Шекті пайдалылық қисығы 6-суретте көрсетілген.

Шекті пайдалылықтың азаю заңы - тұтынатын тауардың саны өскен сайын оның әрбір қосымша бірлігінің шекті пайдалығының азаюы. Бұл заң сұраныс заңының негізі болып табылады.

M U

0

6 -сурет. Шекті пайдалылық.

Сұранысты реттеуде шекті пайдалылық концепциясын қолдану үшін келесідей маңызды болжам жасаймыз: әрбір тұтынушы ерекше ұтымды және ол тауарларды сатып алу кезінде осы тауарлардан алатын жалпы пайдалылығын жоғарлатуға ұмтылады. Бұған жету үшін жалпы (интегралды) пайдалылықты мейілінше арттыру тәртібін сақтау керек: егер тұтынылатын игіліктердің 1 бірлігіне шаққандағы шекті пайдалықтары бірдей болса, онда тұтынушы ең жоғары деңгейде қанағат алады.

MU/P= MU/P= ....MU/P – кардиналистік концепциядағы тұтынушы тепе-теңдігінің шарты.