Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

3.2. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі

Сұраныстың қиылысқан икемділігі (Edc) - Ү тауарының бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарына сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей өрнектермен анықталады:

Edc=(∆QX/∆py)(py/QX),

мұнда, Edc-қиылысқан икемділік коэффициенті;

QX-х тауарына сұраныс көлемі;

Рy- у тауарының бағасы;

  1. Егер х және у – бір-біріне тәуелсіз тауарлар болса, онда Edc=0;

  2. Егер х және у – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болса, онда Edc> 0;

  3. Егер х және у – бірін-бірі толықтыратын тауарлар болса, онда Edc< 0;

Сұраныстың табыстық икемділігіі)- тұтынушы табысының көлемі 1%-ға өзгерген кезде қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті -Edc

EdI=∆Qd%/∆Id%=(∆Qd/∆I)·(I/Qd)

EdІ-дың шамасы тауарлардың қасиеттеріне байланысты болады:

- егер EdI>0 болса, онда тауар «қалыпты немесе толық бағалы» тауарлар категориясына жатады;

- егер EdI<0 болса, онда тауарлар –сапасыз тауарлар болады;

- егер EdI=0 болса, онда- бұлар бейтарап тауарлар болады.

Қалыпты тауарлар үшін EdI –дың шамасы олардың тұтынушылар үшін маңыздылық деңгейіне тәуелді:

- егер тауар бірінші қажеттілік дәрежесіндегі болса, онда 0<Edi<I;

- екінші қажеттілік дәрежесіндегі немесе күнделікті қажетті тауарлар үшін- EdI=1;

- ұзақ уақыт қолданылатын және сән- салтанат тауарлары үшін - EdI>1.

3.3. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің үш уақыт мерзімі.

Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор – қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген кезде ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.

Ұсыныстың бағалық икемділігі Ep(S) - баға 1%-ға өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсететін шама.Ұсыныс икемділігінің коэффициенті:

ESp=∆QS%/∆p%=(∆QS/p)·(p/QS).

Ұсыныстың баға өзгеруіне сезімталдығы төмендегідей болуы мүмкін:

1) жоғары -1<ESp<∞ - ұсыныс икемді (22-сурет);

2) әлсіз, болымсыз - 0< ESp<1 – ұсыныс икемсіз (23 -сурет);

3) ұсыныстың баға өзгеруіне бірлік реакциясы, икемділігі бірге тең ұсыныс болады - ESp=1

Екі ерекше жағдай болуы мүмкін:

  1. ESp=0 – ұсыныстың баға өзгеруіне сезімталдығы өте икемсіз немесе абсолютті икемсіз. Ұсыныс қисығы қатаң вертикаль түзу болады (25-сурет).

  2. ESp=∞ -ұсыныстың баға өзгеруіне сезімталдығы өте икемді немесе абсолютті икемді. Ұсыныс қисығы қатаң горизонталь түзу болады (26-сурет).

Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар:

  1. ресурстардың мобильділігі;

  2. уақыт мерзімі.

Әдетте ұсыныс икемділігін бағалауда үш уақыт кезеңін қарастырамыз:

1) дәл қазіргі кезең немесе өте қысқа мерзім кезеңі;

2) қысқа мерзім кезеңі;

3) ұзақ мерзім кезеңі.

Нарықтың өте қысқа мерзімді жағдайында ұсыныс өте икемсіз - ESp= 0. Бағаның өсуі ұсынысты өзгертпейді.

Қысқа мерзімді кезеңде өндірістік қуаттар өзгермейді. Ұсыныс басқа өндіріс факторларының өзгеру салдарынан өседі – 0<ESp<1 – ұсыныс икемсіз.

Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың өндірістік қуаттары, сондай-ақ саладағы фермалар саны да өзгереді. Сондықтан ұсыныс икемділігі жоғарыда айтылған екі жағдайдан гөрі жоғары болады.