Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Негізгі терминдер мен түсініктер

Сұраныс заңы. Сұраныс функциясы. Сұраныс қисығы. Сұраныс көлемінің өзгеруі. Сұраныстың өзгеруі. Ұсыныс заңы. Ұсыныс функциясы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс көлемінің өзгеруі. Ұсыныстың өзгеруі. Нарықтық тепе-теңдік. Тапшылық. Сұраныс артықшылығы. Ұсыныс артықшылығы. Сұраныс бағасы. Ұсыныс бағасы. Салыстырмалы статикалық талдау. Тепе-теңдік тұрақтылығы. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі. Өрмекші торы тәрізді үлгі.

3. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі. Нүктелік және доғалық

икемділік

3.2. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Сұраныстың табыстық

икемділігі

3.3. Ұсыныс икемділігі: ұғымы, өлшемі, түрлері, факторлары.

Ұсыныс икемділігінің үш уақыт мерзімі.

3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі.

Нүктелік және доғалық икемділік

Нарықтағы жағдайында сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зертеу үшін сұраныстың икемділік коэффиценті пайдаланылады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффицент – зерттеліп отырған сұраныс функциясының факторы 1%-ға өзгергенде сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффиценті қолданылады:

  • бағалық икемділік коэффиценті;

  • табыстық икемділік коэффиценті;

  • қиылысқан икемділік коэффиценті.

Сұраныстың бағалық икемділік коэффиценті Ер(D) тауардың бағасы 1%-ға өзгерсе, онда сол тауарға деген сұраныстың қанша %-ға өзгеретінін көрсетеді. Бағалық икемділікті Ер(D) анықтағанда төмендегідей икемділік коэффициенттерін қолданамыз:

Еdр=∆Qd%/∆p%=(=∆Qd%/∆p)·(p/Qd) - нүктелік икемділік.

Еdр=(∆Qd/∆p) · ((р12)/(Qd1+Qd2) )- доғалық немесе сызықтық икемділік.

Qd1, Qd2 -1-және 2 кезеңіндегі тауардың бағасы.

Р12-1,2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.

Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады Ер (D)<0, себебі тауар бағасы төмендегенде сұраныс көлемі жоғарылайды және керсінше, тауар бағасы жоғарылағанда сұраныс көлемі төмендейді. Бірақ икемділікті бағалаған кезде көбінесе бұл көрсеткіштің абсолюттік мәні қолданылады η=׀EP(D) ׀ (минус таңбасы ескерілмейді).

Егер│Edp│> 0 болса, онда зерттеліп отырған тауар Гиффен тауары болады.

Сұраныстың бағалық икемділіктері:

1. │Edp│>1 – сұраныстың баға өзгеруіне сезімталдығы өте жоғары. Бағаның р1-ден р2-ге төмендеуі сұраныс көлемін Q1-ден Q2-ге дейін бірталай өсіреді, ал жалпы түсім (Р∙Q) жоғарылайды, тауарға сұраныс икемді болады

2. │Edp│<1 – сұраныстың баға өзгеруіне сезімталдығы әлсіз. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін азғантай шамаға өсіреді, сондықтан жалпы түсім (Р∙Q) төмендейді, тауарға сұраныс икемсіз болады.

3. │Edp│= 1 - Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін дәл сондай шамаға өсіреді, сондықтан жалпы түсім (Р∙Q) өзгермейді, сұраныстың бірлік икемділігі болады.

Тауарға бағалық икемділіктің екі ерекше жағдайы:

Қарастырып отырған тауарды тұтынушылар сатып алатын тек бір ғана баға болады. Бағаның кез келген өзгерісі тауардан толық бас тартуға (егер баға жоғарыласа) немесе сұраныстың (D1) шектен тыс көбеюіне (егер баға төмендесе) әкеледі. Бұл жағдайда сұраныс абсолютті икемді (өте икемді) болады, икемділік көрсеткіші шексіздікті көрсетеді ЕРD = 0

Тауар бағасының өзгеруі сұраныс көлемін (D2) ешқандай өзгерте алмайды, мұндай сұранысты абсолютті икемсіз (өте икемсіз) деп аталады. Сұраныс қисығы вертикаль-тік болады және баға қалай өзгерсе де сұраныс өзгермейді ЕРD =0

Сұраныс икемділігіне әсер ететін негізгі факторлар:

  1. Қарастырып отырған тауарды ауыстыратын тауарлар (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым сұраныс икемді болады.

  2. Қарастырып отырған тауардың тұтынушы бюджетіндегі үлесі неғұрлым жоғары болған сайын,соғұрлым икемділік жоғары болады.

  3. Қажетті тауарларға (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) сұраныс икемділігі төмен болады.

  4. Қарастырып отырған тауарды пайдаланудағы мүмкіндіктердің (бағыттардың) алуан түрлі болуы да икемділікке әсер етеді. Бұл мүмкіндіктер алуан түрлі болған сайын икемділік жоғары болады.

  5. Бағалық икемділікке әсер ететін басты көрсеткіштің бірі-уақыт факторы. Ұзақ уақыт мерзімімен салыстырғанда қысқа уақыт мерзімінде сұраныс икемділігі төмен болады. Икемділіктің уақытқа байланысты өзгеру тенденциясы былай түсіндіріледі: уақыт өту ағымында әрбір тұтынушы өзінің тұтыну себетін өзгертуге, яғни алмастырушы тауарлар табуына мүмкіндіктері болады.