Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать
    1. Нарықтық тепе-теңдік, оның үлгілері

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі және олардың үйлесімі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асады. Бұлар нарықтағы тепе теңдік пен теңдестік бағаның құрылуына әсерін тигізеді.

Нарықтық теп-теңдік (market equilibrium) – бұл нарықтағы тауарларға сұраныс пен олардың ұсынысы тең болатын жағдай.

Нарықтық тепе-теңдікті анықтаудың екі үлгісі қалыптасқан: Вальрас бойынша және Маршалл бойынша.

Егер нақты баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса , онда өндірушілердің көбірек өндіруге ынтасы молаяды , ал сұраныс көлемі Q1D- ге қысқарады. Бұл жағдайда ұсыныс артықшылығы бағаны түсіруге ықпал етеді.

Егер нақты баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен, артады). Нәтижесінде нарықта тапшылық орнайды да, сұраныс артықшылығы бағаны көтеруге әкеліп соқтырады.

Бірінші жағдайда бағаның төмендеуі өндірушілер арасындағы бәсекеге байланысты болса, екінші жағдайда тұтынушылар арасындағы бәсеке бағаны көтереді.

Нарықтық тепе-теңдікті сипаттаудың мұндай әдісі Вальрас бойынша тепе-теңдік деп аталады.

Мұндай әдіске баламалы әдіс Маршалл бойынша тепе-теңдік. Оның негізгі мағынасы, нарықтық тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс артықшылығы емес, сұраныс (тұтынушы) бағасы мен ұсыныс (өндіруші) бағасына байланысты орнайды. Мәселен, егер ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен төмен, ал сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғары болса, онда өндірушілер көбірек өндіруге тырысады.

Егер өндіріс көлемі тепе-теңдік деңгейден көп, ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары болса, онда бұл жағдай өндірушілерді өнім көлемін қысқартуға мәжбүр етеді

Нарықтық тепе-теңдікті анықтаудың аталған екі әдісінің айырмашылығы: Вальрас сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне көңіл бөлді, сондықтан оның сұраныс және ұсыныс функциясы былайша беріледі:

QD = QD(P), QS = QS(P),

ал тепе-теңдік шарты былайша болады:

QD (P)= QS(P).

Маршалл өз теориясында «сұраныс бағасы», «ұсыныс бағасы» деген ұғымдарға негізделді. Оның сұраныс және ұсыныс функциясы төмендегідей:

РD = PD(Q), РS = РS(Q),

ал тепе-теңдік шарты:

PD(Q) = РS (Q).

2.4. Нарықтың салыстырмалы статикасы.

Статикалық үлгілерде уақыт факторы ескерілмейді. Олар динамикалық процестердің бірсәттік (мезеттік, қас-қағым сәттегі) «фотосуреттері» тәрізді. Осындай қас-қағым сәттерді салыстыру «салыстырмалы статика» әдісі деп аталады. Мұнда нарықтың әр-түрлі тепе-теңдік жағдайы қарастырылады, ал бір жағдайдан екінші жағдайға өту үдерісі есепке алынбайды.

Салыстырмалы статика әдісінде уақыт факторы тікелей әсер етпесе де, біздер ұсыныстың сұраныстағы өзгерістерге бейімделу жылдамдығына байланысты оны жанама түрде ескеруімізге болады.

Ол үшін салыстырмалы статика әдісін пайдаланғанда уақыт аралығын үш кезеңге бөлеміз. Біріншіден, барлық өндіріс факторлары тұрақты деп қарастырылады. Ол кезеңді дәл қазіргі (өте қысқа) мерзім кезеңі деп атайды. Бір факторлар тұрақты, басқа факторлар өзгермелі деп қарастырылатын кезең қысқа мерзім кезеңі деп аталады. Үшіншіден, барлық факторлар өзгермелі деп қарастырылатын уақыт кезеңі ұзақ мерзім кезеңі деп аталады.

Дәл қазіргі кезеңде өндіруші өнім көлемін сұраныстың өзгеруіне бейімдеуге мүмкіндігі келмейді, өйткені барлық факторлар тұрақты. Бірақ өндірушінің сұранысқа бейімделуі сатылатын тауардың табиғи қасиетіне байланысты. Егер тауар жылдам бұзылатын болса, онда ұсыныс қисығы абцисс өсіне перпендикуляр тік сызық түрінде орналасады. Сұраныстың өзгеруі (өсуі немесе төмендеуі) бағаның өзгеруіне әкеледі, бірақ ұсынысқа әсер етпейді

Егер тауарды сақтау мүмкіндігі болса, онда ұсыныс қисығы екі бөліктен құралады: біреуі – оң көлбеулі, екіншісі – тік сызық түрінде.

Қысқа мерзім кезеңінде сұраныстың өзгеруі тек бағаға ғана емес, өндіріс көлеміне де әсер етеді. Ұсыныс қисығы екі бөліктен тұрады: біріншісі оң көлбеулі және оның бұрыштық көлбеуі өндіріс қуатына байланысты. Екіншісі тік сызық тұрінде орналасқан. Ол қысқа мерзім кезеңінде кейбір өндіріс факторлары тұрақты болғандықтан өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндіктің жоқ екенін көрсетеді

Ұзақ мерзім кезеңінде өндірушінің өндіріс факторларын өзгертуге толық мүмкіндігі бар. Сондықтан ол өндіріс қуатының пайдалану деңгейін, яғни өндіріс ауқымын сұранысқа бейімдей алады. Ұзақ мерім кезеңіндегі мүмкін болатын үш жағдай бар. Біріншісінде, өндіріс ауқымының өзгерісі тұрақты шығындар жағдайында болса, тепе-теңдік өндіріс көлемі тұрақты баға деңгейінде өседі. Екінші жағдайда, өндіріс ауқымының өзгерісі шығындардың өсуінен болса (мыс. жалақының өсуі), онда тепе-теңдік өндіріс көлемінің көбейуі тепе-теңдік бағаның өсуімен қатар жүреді Үшінші жағдайда, өндіріс ауқымының өзгерісі шығындардың төмендеуінен болса (мыс. шикізатқа бағаның төмендеуі), онда тепе-теңдік өндіріс көлемінің көбейуі тепе-теңдік бағаның төмендеуімен қатар жүреді