
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
1.1. Макроэкономика пәні және зерттеу әдістері
1.2. Макроэкономикалық үлгілер
1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
Макроэкономика – ұлттық экономиканың даму заңдылықтары мен бағыттарын, оны реттеудің құралдары мен әдістерін тұтас түрде зерттейтін экономикалық ғылымның саласы. Макроэкономиканың зерттеу обьектісі жиынтық экономикалық көрсеткіштер.
Макроэкономикалық талдаудың обьектісіне төмендегідей негізгі проблемалар жатады: инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өрлеу, экономикалық субьектілердің табыс деңгейі мен оны пайдалану.
Макроэкономиканың субъектілері:
-үй шаруашылығы;
-фирмалар (бизнес);
-мемлекет;
-сыртқы орта (шетелдік сектор).
Макроэкономика жиырмасыншы ғасырларда пайда болды деп есептейміз. Алайда оның түп тамыры одан әрі екі ғасырға ұласады. Макроэкономиканың заңдылықтарын ашуда алғашқы қадам жасаған француз мектебінің өкілі Франсуа Кенэ болды. Ол өзінің “экономикалық кесте” деген еңбегінде жиынтық қоғамдық өнім құрылымын тұтас халық шаруашылық тұрғысынан анықтап берді.
Макроэкономика басқа да ғылымдар сияқты зерттеудің жалпы және айрықша әдістерін қолданады.
Жалпы ғылыми әдістерге:
- ғылыми абстрактылы; талдау және қорыту; тарихи және логикалық бірлік; жүйелі-функционалдық; экономикалық-математикалық үлгілеу; нормативті және позитивті тәсілдердің сәйкестігі.
Дегенмен әрбір ғылымда өзіндік айрықша әдістері болады. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі – агрегаттау. Агрегаттау- әр түрлі жекелеген құбылыстар мен процестерді тұтас жүйеге біріктіру. Агрегатталған шамалар (нарықтық пайыз мөлшерлемесі, ЖҰӨ, бағаның жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі) нарықтың ахуал-жағдайлары (конъюктурасы) мен оның өзгерісін сипаттайды.
1.2. Макроэкономикалық үлгілер
Макроэкономикада экономикалық үлгілер кең қолданылады. Макроэкономикалық үлгілер дегеніміз әр түрлі экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын анықтау, оларды логикалық, сызбалық, математикалық, алгебралық түрде бейнелеу.
Макроэкономикалық үлгілер бюджеттік-салық, ақша-несие, валюталық және сыртқы сауда саясаты құралдарының үйлесімділігін оңтайландыруға, экономиканың циклдық ауытқуларын басқарудағы үкіметтің қолданатын шаралары мен Орталық Банктің саясатын келістіруге мүмкіндік береді. Соның ішінде экономикалық агенттердің инфляциялық күту динамикасын ескеретін үлгілердің маңызы зор. Оларды макроэкономикалық болжауда қолдану экономикаға орасан зор зиян әкелетін күтпеген инфляцияның болу қаупін төмендетеді.
Макроэкономикада қолданылатын жалпылама үлгілер: айнымалы ағындар үлгісі, Кейнс үлгісі, IS-LM үлгісі, Маркс үлгісі, Солоу үлгісі, Домар үлгісі, AD-AS үлгісі, Самуэльсон үлгісі, Харрод үлгісі т.б. макроэкономикалық талдаудың жалпы құралдары болып табылады және ұлттық сипатқа ие емес. Кез келген үлгі нақты елдің экономикасына «қолайлы» немесе «қолайсыздық» белгісіне байланысты емес, оның көрсеткіштерінің экономикалық үрдістер динамикасын зерттеудегі пайдалылық белгісіне байланысты бағалануы тиіс.