
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пән бойынша білімді бағалау схемасы
Барлық мамандықтар үшін
№ |
Сабақ және жұмыс түрлері |
Баллдар саны min / max |
1 |
Ағымдық бақылау:
|
3,5 / 7,5 0,5 х15апта=7,5
9,5 – 17,5 1,12 х 15 апта =17,5
7 /15 1,0 х15 апта =15
|
II |
Аралық бақылау:
|
10 / 20 10х 2 = 20
|
|
Барлығы |
30 / 60 |
III |
Қорытынды бақылау: Емтихан |
20 /40 |
|
Барлығы |
50 /100 |
Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
|
Емтихан бағасы |
Баллдық бағалау ( %)
|
1 |
3 (қанағаттанарлық) |
23 / 28 |
2 |
4 (жақсы) |
29 / 34 |
3 |
5 (өте жақсы) |
35 / 40 |
Білімді бағалау шкаласы
баға |
балл |
%-тік мазмұны |
дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
Д+ |
1,33 |
55-59 |
|
Д |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанғысыз |
2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
Ағымдағы есеп шот- мезгілсіз салым немесе коммерциялық банктер мен жинақтау орталықтарының талап еткенге дейін салынатын салымдар. |
Ағымдағы операциялар баланстық оң сальдосы- ағымдағы операциялар баланстық есебінің оң сальдосы. |
Ағымдағы операциялардың есеп шоты- мемлекеттің төлем балансының бір бөлігі. Бұл бөлікте тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты қадағыланады және инвестициядан таза табыс пен трансферттік төлемдердің көлемі көрсетіледі. |
Адам капиталы теориясы- бұл концепция бойынша адамдардың жалақысы адам капиталының инвестициясына байланысты, жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын инвестицияны үлкейту арқылы өсіруге болады. |
Айырбаа бағамы – шетел валютасының бірлігі үшін басқа валюта иеленушінің төлейтін құны, бір ел ақшасының екінші ел ақшасына айырбасталу бағасы. |
Активтілігі төмен экономика- таза ішкі инвестициялары нольден төмен экономика. |
Актив жағынан ақшаға сұраныс – адамдардың жинақ жинау үшін ақшаға деген сұраныс. |
Ақырғы резерв – банктің нақты резервінің сомасы . |
Ақша – несие саясаты – инфляциялық емес өндіріске жету мақсатында ақша ұсынысын өзгерту арқылы жалпы экономикалық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің макроэкономикалық саясатының маңызды бөлігі. |
Ақшаға жалпы сұраныс – келісімдер мен ақшаға актив жағынан сұраныс жиынтығы. |
Ақшша айналымының жылдамдығы – қажеттілікке байланысты 1 жылдың ішінде ақшаның қанша рет болғанын көрсетеді. |
Аралас капитализм – Үкімет пен жеке тұлғалар экономикалық ресурстарды реттеу арқылы шешім шығару. |
“Арзан” ақша саясаты- айналыстағы ақша массасын ұлғайту саясаты. |
Ауызша келісім механизмі – жұмыс істеу шарттарын жақсарту мақсатында жұмыс күшінің өз еңбегін кәсіподақтар арқылы ұсынуы. |
Ашық рынок операциялары – ҚР үкіметінің бағалы қағаздарды федералды резервті банктерде сату және сатып алу операциялары. |
Ашық экономика – тауарларды экспорттайтын және импорттайтын ел экономикасы. |
Баға деңгейі- мемлекеттің ішінде жасалған тауарларға қойылған орташа баға. |
Баға дискреминациясы- бір мезгілде бір тауарды басқа бағамен, әр түрлі тұтынушыларға сату. |
Баға және табыс икемділігі- тауардың бағасының және жұмысшылардың жалақысының өзгеруі, бағаның және жалақының көтерілу және түсу қабілеттілігі. |
Баға жетекшілігі- олигополия жағдайында фирмалар арасында баға қалыптастыру. |
Баға ориентирі- үкімет шешімі бойынша тауардың оған жұмсалған еңбек шығыннан аспау тиіс. |
Баға тұрақтандыру- мемлекетпен белгіленген ең төменгі баға, және бұл деңгейді сатушы мен қызмет көрсетушінің құқығы жоқ. |
Бағалық функцияны реттеу – тауартар мен ресурстарға деген сұранысты өсіру үшін бағалық функцияны реттеу. |
Бағаның төменгі шегі – үкімет арнатқан тепе-теңдік бағасынан артық минималды баға. |
Болжамды кіріс – салықтар төленгеннен кейінгі кіріс , оларды деке қажеттіліктерге қолдануға болады. |
Бюджетке өзгерістер енгізу- бюджетке заңды түрде өзгеріс енгізу. |
Бюджеттің оң сальдосы, бюджет артықшылығы- Үкімет табысы шығысынан жоғары. |
Валюта – қағазды және металлды ақша. |
Валютаның айырбас бағамы –бір ел валютаының екінші ел валютасына айырбасталатын бағам. |
Валюта бағамы – валюта айырбастау бағамы. |
Гиперинфляция (ұшқыр)– бағаның жылдам көтерілуі. |
Дамушы елдер - өнім өндіру шикізатының жетіспеушілігі, артта қалған технология , төмен дәрежелі білім, жоғары дәрежелі жұмыссыздық, халық санының тез өсуі және көбінесе ауыл шаруашылығында мамандану тән Африка, Азия және Латын Америкасы елдері жатады. |
Дауыс беру қайшылығы (парадоксі) - тауар мен қызметтер ұсынысына байланысты дауыс берушілердің ішінен көп бөлігі халық күтімін қанағаттандырмайды. |
Девальвация – валюта бағамының заңмен қойылған бағадан түсуі. |
Дүниежүзілік банк – банк, оған 151 мемлекет кіреді және ол дамып жатқан елдердің дамуы үшін қарызға ақша береді. |
Дүниежүзілік сауда ұйымы – 1994ж ҒАТТ шеңберінде құрылды. |
Екі жақты монополия – нарықта белгілі бір тауар өндіруге бір ғана тұтынушы мен бір ғана сатушы. |
Елдің төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық іс-әрекеттерінің. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді.
|
Әлемдік баға - әлемдік сұраныс пен ұсыныс қатынасы негізінде анықталатын тауарлар мен қызметтердің халықаралық бағасы. |
Еңбек- адамдардың ойлау қабілеттері, бұл қабілеттер тауар және қызмет көрсетуге қолданылады. |
Еңбек бөлінісі - өнімді өндіру үшін талап етілетін еңбек бқлінісі. |
Еңбек нарығындағы алалау – кәсіпкердің, кәсіпорын қожасының кейбір топ өкілдерін ұлтына, нәсіліне, діни сезіміне, жынысына байланысты жұмысқа алмауы, не болмаса артық көрінетін топтарға қарағанда еңбегіне неғұрлым аз төлем ақы ұсынуы. |
Жабық экономика - тауар мен қызметті экспорттамайтын және импорттамайтын ел . |
Жалақы қоры- экономиканы еңбекпен қамтамасыз ететін адамдардың кірісі. |
Жалақыға және бағаға бақылау орнату – белгілі бір уақыт аралығында баға мен жалақының максималды көлемін заңнамалық кезекпен қою. |
Жалпы Ұлттық өнім – кез-келген ел азаматтарының бір жйлдағы өз елі ішінде және басқа елде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. |
Жалпы Ішкі өнім (ЖІӨ) (ЖҰӨ) – бір жылда сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.мемлекет ішінде өндірілген дайын тауар мен қызметтің жалпы нарықтағы бағасы. |
Жалыққан жұмысшылар - жұмыс күші қатарынан шыққандар, жұмыс орнын таба алмаған жұмысшылар. |
Жедел дипозит – депозиттік мекемелерге проценттік шоттар әкелуші. |
Жеке сектор- мемлекет ішіндегі жеке шаруашылықтар мен фирмалар. |
Жеке табыс – барлық үй шаруашылықтары табыстары мен трансферттік төлемдер жиынтығы. |
Жеке тұтыну шығыстары – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына ұзақ және қысқа уақытқа қолдану қызметтеріне жұмсаған шығыстары. |
Жетпіс саны (70) Ережесі- жылдар санын анықтау тәсілі, бұл жылдары баға деңгейі 2 есе жоғарылуы мүмкін, 70 саны инфляцияның жылдық деңгейіне бөлінеді. |
Жетілген бәсеке – жетілген бәсеке орнамаған барлық нарықтар жатады, монополия, монопсония, монопалистік бәсеке, олигаполия, олигапсония. |
Жинақ қоры – салық төлегеннен кейінгі, қажет тауарларға жұмсалмаған табыс бөлігі. |
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді қисығы – белгілі мерзімдегі жиынтық ұсыныстың қисығы баға деңгейінің өзгеруіне әсері . |
ЖІӨ анықтаудың шығындар бойынша әдісі – дайын өнім және қызметті өндіруге кеткен барлық шығындарды қосу арқылы ЖІӨ өлшеу әдісі |
Жоспарланған инвестиция - фирмалар және үкіметтің тауарлар мен қызметтер сатып алуға жоспарлап отырған шығындар жиынтығы. |
Жоспарлы экономика (плановая экономика)- Үкімет ресурстарды бөлетін экономика. |
Жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту саясаты- кәсіптік оқытуды ұйымдастыратын, жұмыс орындары туралы ақпарат беретін және жұмыссыздықты төмендететін программа және саясат. |
Жұмыспен қамтылған халық деңгейі- нақты уақытта жұмыс күшінің құрамындағы жұмысы бар адамдар саны. |
Жұмыссыздық деңгейі- жалпы жұмыс күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын үлесі.
|
Жұмыссыздықтан сақтандыру- бұл сақтандыру бағдарламасы кәсіпкерлерден алынатын салықтан қаржыландырады да, жұмыссыздарға төленеді. |
Жұмысшы күш – 16 жастан бастап жалпы адам саны , жұмыс істеуші немесе жұмыссыз, психологиялық жағдайы жарамсыз ауруханаларда жататындардан басқалары. |
Заңмен белгіленген резерв, депозит- минималды салым деңгейі, және бұл деңгейді депозиттің мекемелер сақталуы тиіс. |
Импорт – басқа елдердегі өндірістегі өнім қызметін алу үшін жеке тұлға, фирма немесе үкіметтің шығысы. |
Импорт ұсынысының қисығы – төмен түсетін қисық , нақты дүние жұзілік баға деңгейіне сай импортталатын көлемі көрінеді |
Импорттық бәсеке – бір елдің фирмасы өнім мен қызметті импорттау барысында басқа елдің фирмаларымен бәсекеге түсуі. |
Импорттық тауарлардың әсері- мемлекеттің таза экспорт көлемінің ондағы бағалар арасындағы кері байланыс. |
Инвестицияларға сұраныс қисығы – әр-түрлі пайыз мөлшерлемесі деңгейінде инвестициялар көлемін көрсететін қисық |
Инвестициялаудың қаржылық көзі – мұндай инвестициялар үй шаруашылықтарында қор ретінде жинақтауды қажет етпейді, бірақ бұларға қосымша еңбек қолданады |
Индустрия (отрасль)- фирмалар тобы (немесе бір ғана фирма) ұқсастығы бар тауарлар өндіреді. |
Инновациялар - өндіріске жаңа өнім түріне енгізу, немесе базисті ұйымдастырудың жаңа формасын енгізу. |
Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін төмендету үшін қысқаруға тиісті жиынтық сұраныс көлемі.
|
Ішкі баға – мемлекет ішінде қалыптасқан тауар мен қызметтің бағасы. Ұсыныс пен сұраныстың байланысы арқылы анықталады. |
Ішкі мемлекеттік қарыз – Осы мемлекет ішіндегі фирмаларға, мекемелерге қарыз болуы. |
Қалыпты табыс (кіріс) – кәсіпкерлік табыстың бір бөлігі; кәсіпкерлік қасиетін сақтау мақсатында фирманың төлеуі тиіс арнайы төлемдер; кәсіпкерлік қасиеті үшін минималды төлем (кіріс) |
Қалыпты тауар – бұл тауарды тұтынушы кез-келген бағамен алуға дайын, оның өз табысының өсуіне (кемуіне) байланыссыз |
Қалыпты экономика- бұл экономиканың түрінде әдет-ғұрыптар экономикалық ресурстарды пайдалануда үлкен роль атқарады. |
Капитал қозғалысы балансының оң сальдосы- капитал қозғалысы баланс есебінің оң сальдосы. |
Капитал қозғалысының есеп шоты- мемлекеттің төлем балансының бір бөлігі, бұл бөлікте капиталдардың келуі және кетуі қадағаланады. |
Капиталды шетке шығару – корпорациялар мен фирмалардың, мемлекеттің басқа елдерге капиталды ақша, несие, тауар түрінде орналастыруы. Шетелге капитал шығарудың мақсаты инвестициялау немесе салым салу арқылы өз еліне қарағанда, пайданың мөлшерін көбейтіп, барынша көп пайда табу. |
Картель – фирмалар арасында өнімге баға қоюға, өнім өндіру көлемін белгілеуге және рынокты географиялық бөлігінің өнімді өткізуге нақты жазба түрінде немесе ауызша келісімге келу. |
Квази қоғамдық, квази мемелеттік өнім - өнімге немесе қызыметке ерекше дәйек таратылуы мүмкін, болатын яғни пайданы көп ағымы келетін жағдайда мемлекет оның өндірісін кеңейту арқылы ресурсқа деген дифицитті алдын алады. |
Квази мемлекеттік банк – үкіметпен бақыланатын бірақ, жекеменшік болып табылатын банк. |
Кедейшілік көлемі- кірісі үкімет белгілеген деңгейден төмен халықтың бөлігі. |
Кедейшілік- халық табысы төмен болуы, дамыған мемлекеттердің басты мәселелерінің бірі. |
Кейнсиандық экономикалық теория – экономистердің көбісімен қабылданған макроэкономикалық принцип. Экономика өзінің ресурстарын толық пайдалануды өзі қамтамасыз ете алмайды, сондықтан фискалдық және ақша – несие саясатын қолдануы мүмкін. |
Кәсіподақ –жұмысшылар тобы, өздерінің қызығушылықтары мен қорғаныштарын және өздерінің жағдйларын жақсарту барысында жұмылдыратын мекеме. |
Кәсіподақтық мекеме – кәсіпорындағы кәсіпкердің жұмыскерлер жалдауы немесе ол адам кәсіподақ құрамының мүшесі немесе белгілі бір мерзім ішінде сол құрамға мүше болатын адам. |
Кіріс бойынша ақша айналымының жылдамдығы – ақша айналымвнвң жылдамдығына байланысты. |
Кіріс әсері- тұтынушының сатып алу қабілетіне тікелей әсер етеді. |
Кіріске байланыссыз төлемдер - кәсіпорынға салынатын жанама салықтар. |
Классикалық экономикалық теория – 30- жылдарға дейін көптеген термин қабылданған макроэкономикалық теория. Экономика өзінің ресурстарын толығымен қолданады және экономикаға мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген қағиданы ұстанады. |
Қоғамдық игілік – бұл тауарлар мен қызметтердің өндірісі мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі. |
Корреляция – системалық және сертті орнатқан екі рядты бір-бірімен байланысқан мәлімет. |
Қос салық салу – корпорацияларының таза табыстарының, төленетін дивиденттерге салынатын салық. |
Қосылған құн – кәсіпорындар ме фирмалардың өз ішінде тікелей қосымша өндірілген тауар бағасының бір бөлігі. Қосымша құн фирманың, кәсіпорынның шығаратын өнімдері мен тауарларын сатудан, қызмет көрсетуден түскен ақшамен, оны өндіруге материал, шикізат, жартылай өнім сатып алғандағы шығындарының айырмашылығымен есептеледі. |
Коуз теоремасы- бұл теорема бойынша күтпеген жағдайларды шешу үшін екі жақтың келісімі керек. |
Көпұлтты корпорация - өз тауарларын шетелдерде шығарып, сату мүмкіндігі бар фирмалар. |
Күрделі мультипликатор – ЖІӨ өзгеруіне байланысты салықтық түсімдер мен импорттың көлеміне әкеп соқтырады. |
Күтілген инфляция – белгілі уақыт мерзімінде күтілген тең көлемді инфляция. |
Күтілмеген инфляция- кенеттен болатын инфляция, экономиканы зардартарға әкеледі. |
Құрылымдық жұмыссыздық- бұл жұмыссыздықтың түрі тауар өндіру технологиясы өзгергенде немесе тауарға сұраныстың өзгеруіне байланысты пайда болады. Бұл жағдай көбінесе жұмыскерлердің біліктілігінің төмендеуінен пайда болады. |
Құрылымдық тапшылық- толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік шығындардың салық түсімдерінен асып кетуі. |
Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныстың қисығы – белгілі бір мерзімде жиынтық ұсыныс қисығының ресурс бағасы тұрақты болғанда , жалпы баға деңгейінің өзгеруі. |
Қысқа мерзімді тауар- тауарды пайдалану уақыты 3 жылдан кем. |
Ликвидность (өтімділік)– сатып алу қабілетінен айырыла бастаған уақытта тез әрі жеңіл ақшаға аударылатын ақша немесе зат. |
Мезгілдік өзгеріс – мезгілдік өзгерісіңе қарай 1 жылдың ішіңде экономикалық активтілігінің артуы немесе төмендеуі . |
Мемлекеттік борыш – ішкі және сыртқы несие берушілерге мемлекеттің берілмек сомасы. |
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттің кірістері мен шығыстарын анықтайтын экономикалық теорияның бөлігі. |
Мемлекеттік қарызды қаржыландыру -өтелген бағалы қағаздарды жаңа бағалы қағаздарға ауыстыру. |
Мемлекеттік қарызды төлеп алу - өтеу мерзімі жеткенде мемлекеттік құнды қағаздар иелеріне тиісті ақшадай төлем жасап, мемлекеттің қарыз көлемін азайту. |
Мемлекеттік сектор – мемлекеттік экономиканың бір бөлігі, толығымен мемлекет бақылауында болады. |
Мемлекеттік төлемдер- мемлекеттің ақшалай төлемдері, осы төлемдер үшін мемлекет ағымдағы өндірістің тауарлар мен қызметтерін алады. |
Мемлекеттің трансферттік төлемдері- өнім өндірмесе де төленетін төлемдер (үкіметтің ақшалай шығындары). |
Минималды жалақы – кәсіпкердің заңды тұрғыда жұмыскерлерге 1 сағат жұмыс уақытына төлейтін ең төмен еңбек ақы. |
Міндетті резерв – заңдастырылған резерв түрі. |
Монетаризм – монетарлық ережеге сүйене отырып, жалпы өнім көлемінің өзгерісі мен баға деңгейі өзгерісі ақша ұсынысының өзгерісіне байланысты болуы. |
Монополия – бұл нарықта сатушылар саны біреу және баға мен ұсынысқа әсер ету мүмкіндігі жоғары. |
Монопсония – белгілі бір өнімнің бір ғана сатып алушысының болуы. |
Мультипликатор (инвестициялық)– тепе-теңдік жалпы ішкі өнім өзгерісінің инвестициялар көлемінің өзгерісіне қатынасы. |
Нақты инвестиция- нақты жоспар бойынша жеке фирмалардың инвестициялары. |
Нақты кіріс әкелетін баға- тауар өндірушіге нақты пайда әкелетін баға ставкасы. |
Нақты валюта бағамы - екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы. |
Негізгі капиталды тұтыну- негізгі капиталды бағалау, жапы ішкі өнімді құру үшін пайдаланады. |
Номиналды (атаулы) жалақы – баға деңгейін ескермейтін ақшалай жалақы. |
Номиналды (атаулы) жалпы ішкі өнім – ағымдағы бағамен есептелген жалпы ішкі өнім (баға өзгерісін ескермейді) |
Номиналды (атаулы) пайыз мөлшерлемесі – инфляцияны ескермейтін ағымдағы бағам |
Номиналды (атаулы) табыс – жеке тұлғалар немесе белгілі топтың белгілі уақыт аралығында алған ақша қаражатының көлемі. |
Ойын теория- бұл теория бойынша кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін шахмат, покермен салыстыруға болады. |
ОПЕК елдері – 1970 жылы 13 мұнай өндіруші елдер арасында қалыптасқан картель, басты мақсаты мұнайға баға белгілеу, ОПЕК-ке мүше елдердің мұнайды экспорттауға мүмкін көлемін орнату.Әлемдік дәрежеде мұнай экспорттауда үстемдік ететін елдер арасындағы картель. |
Орталық банк - негізгі функциясы мемлекеттегі ақша массаларымен жұмыс істеу болып табылатын банк. |
Оукен заңы – жұмыссыздық пен ЖҰӨ арасындағы кері байланысты білдіреді. Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. |
Өсуші сала – фирмада экономикалық кірістер болған кезде өндіру көлемі ұлғая түспек. |
Өсуші экономика – бұл экономикада таза ішкі инвестицияның нөлден жоғары болуы. |
Пайыз ставкаларының әсері- бағаның көтерілуі ақшаға сұраныстың өсуіне әкеледі, осыған байланысты пайыз ставкасының өсуіне әкеледі және мемлекет ішіндегі жалпы шығынның қысқаруына әкеледі. |
Пайыздық мөлшерлеме - қолданылған ақшаның бағасы немесе капитал, |
Паритетті баға (паритетная цена)- ауылшаруашылық өніміне баға, бұл баға өнім иесіне өнім көлемін өзгертпей жылдан жылға ақшалай табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді. |
Патентті заңдар (патентные законы)- федералды заңдар, жасап шығарушылар үшін 17 жыл мерзімде белгілі бір өнім мен машина өндірісіне берілетін ерекше құқық. |
Прогрессивті (үдемел») салық- салықтың орташа мөлшерлемесі салық төлеушінің табысы өскен сайын көтеріледі, табысы төмендесе ставкасы да төмендейді. |
Пропорционалды салық- салықтың орташа мөлшерлемесі табыстың жоғарылауы мен төмендеуіне байланыссыз. |
Протекционалық баға салығын рұқсат етпеу - ішкі тауар өндірушілерін шетелдік өндірушілердің бәсекелесінен сақтау мақсатындағы баға. |
Пайыз теориясы- бұл теория бойынша несие беру орталықтарына сұраныс олардың пайызына байланысты. |
Рационалдық күтімдер теориясы- бұл гипотеза бойынша фирмалар және шаруашылықтар ақша-несие саясаты және мемлекеттің бюджет саясаты оларға белгілі әсер етеді деп ойлайды, және өздері көп пайда табу үшін белгілі іс-әрекеттер жасап, бұл саясатты жоққа шығарады. |
Ревальвация – валюта құнының жоғарылауы. |
Регресивтік салық (керә үдемелі)– салық төлеушінің табысы жоғарлаған сайын төленетін салықтың орташа мөлшерлемесі азаяды. |
Резервтік норма – депозиттік міндеттемелердің минималды орнатылған пайызы. |
Ресми резервтер (официальные резервы)- мемлекеттің орталық банкісіндегі шетел валютасы. |
Ресурстар нарығы – бұл нарықта үй шаруашылықтары сатылады , ал фирмалар сатып алады. |
Рецессиондық үзіліс – тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес денгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем. |
Рикардо эквивалентінің теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің қарыздық көлемі тауар өндіру көлеміне және жұмыспен қамтуға әсер етеді немесе әсер етпейді. |
Сақтандыру мекемесі – сақтандыру ассоцациясы , сақтандыру банкі немесе кредиттік союз. |
Сақтандыру шоты – депозиттік мекемедегі шот, бұл салымшыға пайыздық кіріс әкелкді және кез – келген кезде ала алады. |
Сақтау мерзімі жоқ салымдар – коммерциялық банктегі салымдар, оған чек беріледі, ағымдағы есеп және ағымдық есептегі ақша. |
Салалық бақылау - өнім өндіру көлеміне және өнім бағасына үкімет тарапынан бақылау орнауы, әлеуметтік бақылауға кері бақылау түрі. |
Салықтың орташа мөлшерлемесі - жалпы төленетін салықтың сомасының жалпы болжанған салық көлеміне қатынасына тең. |
Сауда мен тариф жөнінлегі бас келісім – бұл келісім 1948 жылдан бастап жұмыс істейді. Келісімнің мақсаты саудадағы кемсітушілікті бірте-бірте жою, тарифтік емес бірқатар шектеулерді алып тастау. |
Селлер –Кефовер заңы – клейтон заңына ішінара өзгерту, егер бір фирма басқа фирма активін алу арқылы бәсекелестікті төмендетсе , онда ол активты алуға тыйым |
Сей заңы – макроэкономиканың қағидасы, игіліктер ұсынысы өздігінен сұранысты тудырады |
Симпсон – Родина заңы - осы заң1982жылы АҚШ – та тұрушыларға легалдық дәрежені қажетті құжат жоқ тұлғаларға әкелді және жоққа шығарды . |
Сирек ресурстар – жердің жетіспеуі, капиталдың , еңбектің және кәсіпкерлік ыңғайдың жоқтығы. |
Соңғы өнім – сатып алынған тауардың соңғы мақсатқа қолдану. Яғни қайта сатуға, қайта өңдеуге немесе қайта өңдеуге емес. |
Специализация – индивидтерді қолдану барысында фирманың бір тауарды қндіруге жұмсалатын ресурстар. |
Стагфляция – жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты бір мезгілде бағаның өсуі. |
Статикалық экономика – бұл экономикада таза жеке ішкі инвестиция нольге тең, ал жалпы ішкі жеке инвестиция амортизациялық төлемдерге тең. |
Субсидия- мемлекетпен немесе фирмалармен төленетін қайтарымсыз төлем. |
Сыртқы қарыз – мемлекеттің шетел азаматтарына қарыз болуы, фирмаларға және мекемелерге. |
Сыртқы сауда тапшылығы – ақшамен бағаланған шетелден тауар әкелудің шетелге тауар шығарудан артықтығы. |
Сыртқы төлемдер – жеке адамдардың, фирмалардың және үкіметтің басқа елдердің тауарларын сатып алуға қызмет түрлерін пайдалануға валюта жұмсауы. Сыртқы төлемдерге шетелге ақша аудару, инвестициялық табысты басқа елде ұстау, капиталды шетелге шығару. |
Табиғи монополия – тауар өндіру, тауар сату мен қызмет көрсетуде ресми түрде мойындалған дара иелік. Мұндай дара иелік монополистің табиғи құқығына, не болмаса мемлекет пен барлық халық үшін экономикалық пайда келтіреді, деген ұғымынан туындайды. Мемлекеттік дара иелік көпшілік жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, энергия жүйелері темір жол, мұнай, газ құбырларын пайдалану, салаларында т.б. |
Табыс – жұмысшылардың алатын ақшалай кірісі, жалақа ставкасына теңестірілген , кеткен еңбектің көлеміне көбейтіндісіне тең (істелген уақыт саны). |
Табыс саясаты- наминалды жеке табысқа, тауар мен қызметтер бағасына үкімет саясатының әсері. |
Таза бәсекелестік- фирмалардың стандартталған тауарлар сататын нарығы, мұнда кіруге де шығуға да болады, және фирма баға қалыптастыра алмайды, фирмалар көп, сатып алушылар көп. |
Таза жалақы – номиналды еңбекақысына жұмыскердің алатын тауар мен қызметтер көлемі. |
Таза пайыздық мөлшерлеме – ақшалай қатынастағы пайыздық мөлшерлеме. Инфляцияның төмендеуіне байланысты номиналды пайыздық мөлшерлемеге тең. |
Таза салықтық түсімдер- үкіметтің салықтық түсімдерінен трансферттік төлемдерді аламыз. |
Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз |
Тариф туралы Смит – Хоули заңы – АҚШ – тың тарихындағы ең жоғарғы кедендік баж салығын өнімдерге орнатты , импортты қысқарту және ішкі экономиканың өсуін ынталандыру мақсатымен қарастырылды . |
Тауар балансы- экспорт пен импорттың арақатынасы. |
Тауар нарығы – үй шаруашылығына қажетті заттарды сатып алатын нарық . |
Тауар өндіру факторы- экономикалық ресурстар: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеті. |
Тафта – Харли заңы – мемлекет профсоюзды қолдаудан олардың қызметін мемлекеттік реттеуге өту . |
Тәуекелді сақтандыру- бұл жағдай үлкен шығындарға әкелуі мүмкін, бірақ, бұл шығындарды сақтандырукөлемін сатып алу арқылы айналып өтуге болады. |
Тұтыну тауарлары- адам қажеттілігін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер. |
Ұзақ мерзімді тауар- тауарды пайдалану уақыты 3 жылдан артық. |
Ұлттық шот дайындау – Елде өндірістің жалпы кірістерін есептеп, статистикалық мәліметтерге жүгіну. |
Ұсыныс факторы- ресурстардың артуы, техникалық білімдердің немесе тауар сапасының артуына байланысты ұсыныстың артуы. |
Ұсыныс экономикасы - макроэкономиканың бөлігі |
Филлипс қисығы – жұмыссыздық деңгейі мен баға деңгейі (инфляция) арасындағы кері байланысты көрсететін қисық . |
Фискалды салық- үкіметтің кірістерін толықтыру үшін енгізіледі. |
Фискалдық, қаржы-бюджеттік саясат - халықты жұмыспен қамту үшін және инфляцияға қарсы саясат жүргізу үшін мемлекеттік шығыстар мен салықтар арқылы үкіметтің өзгерістер енгізуі. |
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдардың өз еркі бойынша бір жұмыстан басқа жұмысқа орын ауыстыру кезіндегі жұмыссыздық. |
Халқаралық валюта резервтері – шетел валютасы, немесе басқа да активтері, мысалы: алтын, оларды әр ел өзінің төлем балансындағы дефицитін жабуға қолданады. |
Халқаралық валюта нарығы– бұл нарықта бір ел валютасы екінші ел валютасына айырбасталады |
Халқаралық даму және қайта құру банкі - әлемдік банк |
Халықаралық алтын стандарты – 19 ғ. аяғы – 20 ғ. басы аралығында жүзеге асқан халықаралық валюталық система, осы системаға байланысты әр ел өзінің ақша бірлектерінің құның белгілі бір мөлшердегі алтын көлемімен айқындайды. |
Халықаралық валюталық қор – уақытша төлем балансының тапшылығы орнаған елдерге қарыз беруге және валюта бағамын қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған |
Циклдық тапшылық- салықтық түсімдердің кемуінен пайда болған бюджет тапшылығы, нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық тапшылық арасындағы айырма. |
Шектелген кәсіподақтар – жаңа мүшелердің кіруіне шектеу қойылған, кейбір жұмыс күштерінің болмауына байланысты шектеу жүргізу. |
Шерман заңы - монополияның қылмыстық әрекеттері айтылады, егер фирмалардың бір –бағаны көтеру және сауданы қысқарту мақсатында бір бірімен келісіп монополия орнатуға әрекет етсе, үкіметке немесе зиян шегуші жаққа істеген қылмыстарына соттың іс қозғауға құқық берілуі. |
Экономикалық болжау- шығыстар мен кірістерді есептеу арқылы алдағы өзгерістерді болжап, соған сай шешім қабылдау. |
Экономикалық интеграция- мемлекеттерідің шаруашылықтарының арасындағы байланыстар, олардың қосылуы немесе жартылай қосылуы. |
Экономикалық өсім (өрлеу) - ұлттық өнімнің сан жағынан көбейуі мен сапа жағынан жетілдірілуі. |
Экономикалық рента- жерді немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдалану үшін төленетін төлем. |
Экономикалық ресурстар- жер, еңбек, капитал, тауар мен қызмет көрсету үшін кәсіпкерлік қабілеттілікті пайдалану. |
Экономикалық саясат- белгілі бір мақсаттарға жету үшін немесе экономикалық мәселелерді шешу үшін үкіметтің бағытталған әрекеттер жиынтығы. |
Экономикалық табыс- фирманың жалпы кірісінен жалпы шығыстарын алғанда қалатын қаражат. |
Экономикалық цикл- экономика активтілігінің көтерілуі немесе түсуінің жылдар сайын қайталануы немесе экономика деңгейінің құлдырауы мен көтерілуінің бірнеше жылдар аралығында қайталануы. |