Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары

1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі.

Тест сұрақтары

1. Экономикадағы атаулы ЖҰӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖҰӨ – 32 млрд. теңге. ЖҰӨ дефляторы қандай шамаға тең болады:

  1. 1,25.

  2. 0,8.

  3. 8.

  4. 1.

  5. 25.

2. Табыстар бойынша ұлттық табыс- бұл :

  1. рента, еңбекақы, капиталға түсетін пайыз, меншіктен түсетін түсім, корпорацияның пайдасы және дивиденттер.

  2. C + I + G – трансферттік төлемдер – жанама салықтар.

  3. Инвестициялар – қаражат қор жинақтау.

  4. Ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен қызметтердің құны.

  5. ЖҰӨ – амортизация.

3. Жалпы жеке инвестициялар төмендегідей есептеулер кезінде ескеріледі:

  1. ЖҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен .

  2. ЖҰӨ-ді табыстар ағыны әдісімен.

  3. ТҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен

  4. Жеке табысты.

  5. Ұлттық табысты.

4. Капиталды пайдаланғаны үшін аударым – бұл:

  1. Амортизация.

  2. Таза инвестициялар.

  3. Таза шетелдік инвестициялар.

  4. Капиталдың қалдық құны.

  5. Капиталдың нарықтық құны.

5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЖҰӨ-нің құрамына кіреді:

  1. Кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны.

  2. Үй шаруашылығындағы әйелдің қызметтері.

  3. Көршінің пайдаланылған автомобилін сатып алу.

  4. Брокерден жаңа акциялар сатып алу.

  5. Жеке меншік жерде жеке тұтыну үшін картоп егіп өсіру.

6. «Ағын» көрсеткіштерін анықтаңдар:

  1. Бюджет тапшылығы.

  2. Тұтынушы мүлкі.

  3. Индивидтің жинақ қоры.

  4. Жұмыссыздар саны.

  5. Мемлекеттік қарыз.

7. Тұтынушы ай сайын 1 кг сиыр еті мен 1 кг балық сатып алады деп ұйғарайық. Базистік жылы сиыр етінің де, балықтың да 1 кг-ның бағасы 1000 теңге болды дейік. 2002 жылы сиыр етінің бағасы көтеріліп, 200 теңге болды, ал балықтың бағасы өзгермей, бұрынғы қалпында қалды. Осыған орай 2002 жылы ТБИ төмендегідей болады:

  1. 3/2.

  2. 1/2.

  3. 2.

  4. 1.

  5. 2/3.

8. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз:

  1. Номинал (көрсетулі) ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы.

  2. Нақты ЖҰӨ-нің ЖҰӨ-ге қатынасы.

  3. Нақты ЖҰӨ-нің баға индексіне қатынасы.

  4. Нақты ЖҰӨ-нің ТБИ-ге қатынасы.

  5. Ағымдағы жылы шығарылған заттай өнімнің базистік жылға қатынасы.

9. Тұтыну шығындарын 250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну өсімшесінің жылдық қарқыны 2 %. Мемлекет шығыстарының шамасы тұрақты – 40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: I = 20 + 100 % / r, бұндағы r = 20 %. Осы деректерді пайдаланып, ЖҰӨ-ді есептеңіз:

  1. 320.

  2. 315.

  3. 318.

  4. 250.

  5. 255.

10. Тұтыну бағаларының индексі:

  1. Төменде айтылғандардың бәрі дұрыс.

  2. Ласпейрес индексі.

  3. Бағаның жалпы деңгейінің көрсеткіші.

  4. Тұтыну себетінің құн көрсеткіші.

  5. Инфляция қарқынын есептеу индексі.

11. Қор өзгермелілеріне жатады:

А) Тұтынушылық шығындар.

Ә) Бір жылдағы инвестицияның көлемі.

Б) Салым үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі.

В) Бір айдағы жұмыссыздар саны.

Г) Мемлекеттік қарыз.

12. Статикалық күту концепциясы бойынша:

А) Экономикалық субъектілер болашақта өткен жағдайлар қайталанады деп күтеді.

Ә) Экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді.

Б) Экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады.

В) Экономикалық субъектілердің тәжірибелерді нақты бағалауы.

Г) Дұрыс жауабы жоқ.

2-ші тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың

классикалық тәсілі

Тест сұрақтары

  1. Қандай экономистердің еңбектері классикалық мектепке жатады

А) К. Маркс, А. Маршалл, П. Самуэльсонның

В) А. Смит, Дж. С. Милл, Дж. М. Кейнстің

С) Ж. Б. Сэй, Д Рикардо , Пигудің.

Д) В.Ленин, К Маркс, Ф.Энгельстің

  1. Қандай жағдай классикалық мектептің бастапқы қағидасына жатады

А) Тиімді сұраныс ұсынысты тудырады.

В) Игіліктер ұсынысы сұранысты тудырады.

С) Экономикалық жүйенің жалпы тепе – теңдігі ақша нарығындағы тепе – теңдікке байланысты қалыптасады.

Д) Мемлекет экономикаға араласуы тиіс.

  1. Классиктердің тұжырымы бойынша еңбек нарығындағы тепе – теңдік – бұл:

А) Нақты жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

В) Атаулы жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

С) Барлық факторларды толықтай пайдалануға мүмкіндік беретін толық жұмысбастылық

Д) Өндіріс көлемін максималдайтын жұмысбастылық деңгейі.

  1. Тепе – теңдік пайыз мөлшерлемесі дегеніміз :

А) Ақша массасының ұсынысы мен сұранысы қиылысатын нүкте.

В) Қор жинағын ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

С) Инвестицияны ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

Д) Инвестицияға сұраныс қисығы мен қор жинағына сұраныс қисықтарының қиылысу нүктесі.

  1. Классиктердің көзқарастары бойынша:

А) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің өсу функциясы болып табылады.

В) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің кему функциясы болып табылады.

С) Инвестиция қолда бар табысқа тәуелді.

Д) Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді емес.

  1. Сэй ұсынған заңның кемшілігі

А) Сэй заңы бартерлік айырбасқа арналған

В) Ол заң экономикалық субьектілердің қор жинағын жоққа шығарады.

С) Қоғамда ақшаның болуы сату мен сатып алу арасында үзілісті тудырады.

Д) Барлық жауаптар дұрыс

  1. Дихотомия дегеніміз :

А) Ақша нарығында тепе – теңдіктің болмауы.

В) Ақша нарығының оқшаулығы.

С) Екі нарықтың болуы : біріншісі – нақты нарық, екіншісі – ақша нарығы.

Д) Ақша нарығында салыстырмалы бағаның қалыптасуы.

  1. Классиктер теориясы бойынша макроэкономикалық тепе – теңдік бұзылғанда қандай шаралар жүргізіледі:

А) Алтын қорды пайдалану арқылы экономикалық дамуды қосымша ынталандыру

В) Автоматты тұрақтандырғыштар болғандықтан мемлекеттің араласуы қажет емес.

С) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейін төмендету.

Д) Мемлекеттік құнды қағаздар шығару.

  1. Ақша жиынының көлеміне не әсер етеді.

А) Ақша массасының айналым жылдамдығы .

С) Экономикадағы баға деңгейі.

Д) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.

Е) Ұлттық өндіріс көлемі.

  1. Экономикадағы баға деңгейі неге байланысты:

А) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігіне.

В) Еңбек нарығындағы жағдай мен нақты жалақы деңгейіне.

С) Айналымдағы ақша жиынының (массасының) көлеміне.

Д) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне.

Дұрыс жауапты таңдаңыз:

  1. Классикалық мектеп өкілдері сұраныс экономикалық жүйедегі өндірісті анықтайды деп тұжырымдады.

  2. Сей заңына сәйкес әрбір өндіруші, өз тауары үшін ақша алып, басқа тауарды алуға дереу жұмсауы қажет.

  3. Классиктердің тұжырымы бойынша, тепе-теңдік 3 негізгі нарық негізінде қалыптасады: тауар нарығы, жұмыс күші және ақша нарығы.

  4. Классиктердің көзқарастары бойынша тепе-теңдік жағдайында өндіріс процесіне барлық факторлардың қатысуы мүмкін емес.

  5. Экономикалық жүйенің жалпы тепе-теңдігі жағдайында жеке нарықтарда теңсіздік болады.

  6. Классикалық тұжырым бойынша игіліктер және қызметтер нарығы жүйенің жалпы тепе-теңдігін орналастыруда шешуші рөл атқарады.

  7. Ақша нарығындағы тепе-теңдік классикалық үлгіде S және I тепе-теңдігі арқылы және тепе-тең пайыздық мөлшерлеме арқылы құралады.

  8. Кембридж мекетебінің теңдеуі M*V=P*y

  9. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекақы икемділігі арқылы құралады.

  10. Ақша жиыны неғұрлым көп болса, соғұрлым баға жоғары болады.

3-ші тақырып. Игіліктер рыногы

Тест сұрақтары

1. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі С факторының мағынасы:

  1. Тұтыну шығындары.

  2. Инвестиция шығындары.

  3. Мемлекеттік шығыстар.

  4. Таза экспорт.

  5. Амортизация.

2. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

  1. Тұтынуға шекті бейімділікті.

  2. Салық мөлшерлемесін.

  3. Еңбекақы мөлшерлемесін.

  4. Аренда ақысын.

  5. Автономиялық тұтынуды.

3. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі G факторының мағынасы:

  1. Мемлекеттік шығыстар.

  2. Тұтыну шығындары.

  3. Инвестициялық шығындар.

  4. Таза экспорт.

  5. Инвестиция.

4. Жеке қор жинғына төмендегілердің қайсысы жатады:

  1. Қолма-қол табыс пен тұтыну шығындарының айырмасы.

  2. Салықтар – мемлекеттік шығыстар.

  3. Салықтар – тұтыну шығындары.

  4. ЖҰӨ-нен тұтыну және мемлекеттік шығындарды алып тастағандағы айырма.

  5. ЖҰӨ-нен тұтыну шығындарын алып тастағандағы айырма.

5. Тұтыну функциясы берілген C = 120 + 0,2 (Y – T). Қор жинағы функциясын анықтаңыз:

  1. S = – 120 + 0,8(Y – T).

  2. S = 120 + 0,8(Y – T).

  3. S = – 120 + 0,2(Y – T).

  4. S = 120 + 0,2(Y – T).

  5. S = – 120 – 0,8(Y – T).

6. Тұтыну функциясы берілген C = 25 + 0,7(Y – T). Осы функцияның коэффиценттеріне экономикалық түсініктеме беріңдер:

  1. Автономдық тұтыну = 25, қолма-қол табыстың 1 теңгесінен 0,7-і тұтынуға, ал 0,3-і қор жинағына бағытталады.

  2. Қолма-қол табыс өскенде қаражат қор жинақтау 0,3-ке өседі, ал тұтыну 0,7-ге азаяды.

  3. Қор жинағына = 25, ал тұтыну – табыс 0,3-ке өскенде қысқарады.

  4. Қор жинағы = 0,7, ал тұтыну = 25.

  5. С = 25,7 және қолма-қол табыс өскен жағдайда өседі.

7. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдік үлгісі төмендегіні жорамалдайды:

  1. Тепе-теңдік нақты пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

  2. Тепе-теңдікті мемлекеттік шығыстар мен салықтардың өзгермелі шамалары анықтайды.

  3. Тепе-теңдік номиналды пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

  4. Тепе-теңдік тауарлар мен қызметтер нарығындағы өндірістің берілген технологиясымен анықталады.

  5. Тепе-теңдік қолма-қол табысқа тәуелді.

8. Инвестициялар 220-ға тең, бюджет артықшылығы 10-ға тең, экспорт = 175, импорт = 185. жеке қаражат қор жинақтауды анықтаңыз:

  1. 200.

  2. 210.

  3. 180.

  4. 150.

  5. 20.

9. Кейнстің тұтыну теориясының негізгі алғы шарттары:

  1. Пайыз мөлщерлемесінің әсері өте аз, тұтыну ағымдағы табысқа тәуелді және табыс өскенде ол орта есеппен алғанда азаяды.

  2. АРС және МРС шамалары бірден көп болады.

  3. АРС табыс өскен сайын өседі, содан кейін тұрақтана бастайды.

  4. Пайыз мөлшерлемесінің әсері келешектегі тұтынуды дисконттауда көрінеді.

  5. Пайыз мөлшерлемесінің әсері біршама, тұтыну тек ағымдағы табысқа ғана тәуелді емес және табыс өскен сайын орта есеппен ол да өседі.

10. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

А)Тұтынуға шекті бейімділікті.

В) Салық мөлшерлемесін.

С)Еңбекақы мөлшерлемесін.

Д)Аренда ақысын.

Е)Автономиялық тұтынуды.

4-ші тақырып. Ақша рыногы

Тест сұрақтары:

  1. «Ашық нарықтағы операциялар» термині нені мазмұндайды?

А) Халықты несиелуге байланысты коммерциялық банк қызметін.

В) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін.

С) Орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін.

D) Орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операциялары.

Е) Орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.

2. Қайсы жағдайда ақша массасының үйлесімсіздігі болуы мүмкін:

  1. Төмендегі жағдайлардың бәрінде.

  2. Коммерциялық банктер қосымша резервтерін арттырды.

  3. Тұрғындар қолда ұстап отырған ақша мөлшерін көбейтті.

  4. Коммерциялық банктердің тұрғындарға беретін несиелерінің көп бөлігіне сұраныс жоқ.

  5. Ұлттық банк міндетті резервтер мөлшерлемесін өсірді.

3. Егер ақша массасы 200 млрд.долл., ал Ms – 600 млрд.долл. болса, онда ақша мультипликаторы:

  1. 3.

  2. 3,33.

  3. 2,9.

  4. 2.

  5. Анықтау мүмкін емес.

4. Ұлттық банк ашық нарықта 8 млн.долл. көлемінде құнды қғаздар сатып алды. Ақша мультипликаторы 2,4-ке тең болса, онда ақша массасының көлемі қалай өзгереді:

  1. 19,2-ге артады.

  2. 8-ге артады.

  3. 19,2-ге артады.

  4. 16,5-ке кемиді.

  5. 16,5-ке өседі.

5. Ақша қызметтерінің қайсысы дұрыс айтылмаған:

  1. Құн өлшемі.

  2. Айналыс құралы.

  3. Табыс өлшемі.

  4. Төлем құралы.

  5. Әлемдік ақшалар.

6. Несиелік ақша қандай қызмет атқарады:

  1. Айналыс құралы.

  2. Төлем құралы.

  3. Жинақтау құралы.

  4. Әлемдік ақшалар.

  5. Байлықтың пайда болу құралы.

7. Ақшаның пайда болу себебі:

  1. Табиғатпен жаратылған.

  2. Мемлекеттік билікпен.

  3. Айырбастың дамуымен.

  4. Адамдардың тілегімен.

  5. Барлық жауаптар дұрыс.

8. Ақша мынадай қызмет атқарады:

  1. Жинақтау құралы.

  2. Төлем құралы.

  3. Шот бірлігі.

  4. Барлық аталғандар дұрыс.

  5. А және В жауаптары дұрыс.

9. Ақша ұсынысы М 500 млрд. доллорды құрайды. ЖҰӨ 3000 млрд. долларға тең, ақша айналымының жылдамдығы қандай?

А) 8

В) 10

С) 6

D) 60

Е) 0

10. Ақша массасы (жиыны) – бұл.

А) Берілген елдегі евро және американ доллар және өндірістік дамыған елдердің баска да валюталары.

В) Қолма-қол формадагы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

D) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Е) Бағалы металдар мен бағалы тастар.

5-ші тақырып. IS-LM үлгісі және жиынтық сұраныс

Тест сұрақтары:

1. LM қисығы нені көрсетеді:

  1. Ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

  2. Ақша ұсынысының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен табыс арасындағы байланысты.

  3. Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты.

  4. Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

  5. Нақты ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

2. Қай айнымалының өзгерісі IS қисығын солға қарай жылжытады:

  1. Салықтардың өсуі.

  2. Қолда бар табыстың өсуі.

  3. Мемлекеттік шығындардың өсуі.

  4. Инвестицияның өсуі.

  5. Салықтардың азаюы.

3. IS қисығы қандай өзара байланысты көрсетеді:

  1. Мемлекеттік шығындар мен салықтар тұрақты болған жағдайдағы сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

  2. Мемлекеттік шығындардың берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен табыс арасындағы байланысты.

  3. Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты.

  4. Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

  5. Нақты салықтардың берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

4. Егер инвестициялардың проценттік мөлшерлемеге тәуелділігі артса, онда:

  1. IS қисығы көлбеу болады.

  2. IS қисығы тік болады.

  3. IS және LM қисықтары өзгереді.

  4. LM қисығы тік болады.

  5. LM қисығы көлбеу болады.

5. LM қисығының көлбеуі мынаған байланысты:

  1. Ақшаның айналым жылдамдығына.

  2. Инвестициялық мультипликатор шамасына.

  3. Ақша мультипликаторының шамасына.

  4. Ақшаға мүлік ретінде артықшылық білдірудің шекті бейімділігіне.

  5. Автономды шығындар мультипликаторының шамасына.

6. ІS – LM үлгісінен мынадай тұжырым жасауға болады, пайыз мөлшерлемесі төмендегілердің өзара байланысы нәтижесінде анықталады:

  1. Тауар нарығының еңбек нарығымен.

  2. Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың.

  3. Ақша нарығының тауар нарығымен.

  4. Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың.

  5. Ақша нарығының құнды қағаздар нарығымен.

7. Ақша ұсынысының молаюы: