Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • макроэкономикалық тепе-теңдікті классикалық тұрғыдан талдау

Талдау сұрақтары:

1. Өндірістік функция. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік;

2. Ақша рыногындағы тепе-теңдік;

3. Жалпы тепе-теңдіктің классикалық үлгісі.

Негізгі түсініктер:

Классикалық мектеп. Сэй заңы. Классикалық дихотомия. Ақшаның сандық теориясы. Фишер теңдеуі. Кебридждік мектеп теңдеуі.

Есептер:

  1. Келесі мәліметтер берілген:

S=0,25y-10

I=30

Анықтау керек;

А) ұлттық табыстың тепе-теңдік мағынасын;

Б) тепе-тең ҰТ және жинақ ақша көлемін, егер болашақта табыстың төмендеуі күтілетін болса, ағымды табыстың әрбір деңгейінде үй шаруашылықтары жинақ ақша қорын 10 бірлікке көбейтеді.

В) тепе-тең ҰТ және жинақ ақша көлемін, егер кәсіпкерлер болашақта сұраныстың төмендеуін күтетін болса инвестицияларды 20 бірлікке қысқартады.

Бақылау түрі: синквейн жазу, конспект тексеру

Әдебиеттер тізімі:

1. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.

3-ші тақырып. Игіліктер рыногы

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты: Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік үлгісін талдау

Талдау сұрақтары

  1. Тұтыну функциясы.

  2. Инвестиция функциясы.

  3. Қор жинағы функциясы.

  4. Тепе-теңдік өндіріс көлемі деңгейі.

  5. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

Негізгі түсініктер

Тиімді сұраныс. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шекті бейімділік. Қор жинағына шекті бейімділік. Тұтынуға орташа бейімділік. Қор жинағына орташа шекті бейімділік. Инвестиция функциясы. Автономды инвестиция. Индуцирлі инвестиция. Пайыз мөлшерлемесі. Инвестициялық мультипликатор. Акселератор. Рецессиялық үзіліс. Инфляциялық үзіліс. Үнемдеу парадоксы.

Есептер:

  1. Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I

C=100+0,8Yd

I=50

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Жинақ ақша және тұтынудың тепе-тең деңгейін.

В) егер шығару көлемі 800-ге тең болса, онда жоспарланбаған өнімнің босалқы қорының өсімі қандай?

Г) егер автономды инвестициялар 100-ге дейін өссе? Онда тепе-тең шығару қалай өзгереді? Тепе-тең деңгейінің өзгерілуін графиктік түрде көрсетіңіз.

  1. Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I+G+Xn

C=300+0,8Yd

I=200+0,2Y

Xn=100-0,04Y

G=200

t=0,2

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.

  1. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынуға орташа бейімділікті, қор жинағына орташа бейімділікті, тұтынуға шекті бейімділікті, қор жинағына шекті бейімділікті. Тұтыну және қор жинағы графиктерін құрыңыздар.

Өндіріс және табыс деңгейі (долл.)

240

260

280

300

320

340

360

380

400

Жинақ ақша (долл.)

-4

0

4

8

12

16

20

24

28

  1. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд.теңге. Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек:

А) Өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгерді;

Б) Жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгерді;

В) Тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс.

  1. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 т. және тұтынуға шекті бейімділік 0,8. Анықтау керек:

А) инвестициялар көлемін;

Б) мультипликатор көлемін;

В) тұтынуға шекті бейімділігіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді?

  1. Кестелік және талдау әдістерімен жұмысбастылықтың тепе-тең деңгейін және өндіріс көлемін анықтаңыздар. Инвестициялар 20 млрд. долл. құрайды, ал жұмысбастылық деңгейі, өндіріс көлемі және тұтыну төмендегі кестеде берілген. Анықтау керек тұтынуға және қор жинағына шекті бейімділікті, тұтынуға және қор жинағына орташа бейімділікті.

Жұмысбастылықтың мүмкін деңгейлері (млн. адам)

Өндірістің нақты көлемі (млрд. долл.)

Тұтыну (млрд. долл.)

1,40

370

375

2,45

390

390

3,50

410

405

4,55

430

420

5,60

450

435

6,65

470

450

7,70

490

465

8,75

510

480

9,80

530

495

10,85

550

510

Пікір-сайыс.

Өткізу тәртібі: Студенттер екі топқа бөлінеді. Жеке табыстардың қайнар көздерін анықтап , олардың әрекет ету механизмін талдайды.

Бақылау түрі: конспект, сұрақтарды талдауға қатысу

Әдебиеттер тізімі:

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.

2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М.: Изд-во МГУ: 1997.

3. Курс экономической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001.

4. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997.

5. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 246

6. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.

4-ші тақырып. Ақша рыногы