Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Семинар сабақтарының тапсырмалары

1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • макроэкономика теориясының негізгі сұрақтарын оқу.

Талдау сұрақтары:

1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері.

2. Баға индекстері: Ласпейрас. Пааше, Фишер.

3. Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуелділіктер.

Негізгі түсініктер:

Макроэкономиканың пәні. Макроэкономиканың объектісі. Макроэкономиканың субъектісі. Макроэкономикалық үлгілер. Экзогендік өзгермелілер. Эндогендік өзгермелілер. Ex post. Ex еnte. Статикалық күту концепциясы. Адаптациялық (бейімделу) күту концепциясы. Тиімді күту концепциясы. Қорлар. Ағындар.

Қайталап еске түсіретін түсініктер

Ұлттық есеп-шот жүйесі (ҰЕЖ). Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). Ұлттық табыс (ҰТ). Жеке табыс (ЖТ). Қолда бар табыс (ҚБТ). Тұтыну (С). Инвестиция (I). Қор жинағы (S). Амортизация. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу. ЖҰӨ -ді шығын бойынша есептеу. Аралық өнім. Соңғы өнім. Қосылған құн. Ласпейрас индексі. Пааше индексі. Фишер индексі. Нақты ЖҰӨ. Номиналды (атаулы) ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы. Көлеңкелі экономика.

Есептер:

  1. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

Тұтыну шығындары (С) = 2300

Инвестициялар (I) = 700

Мемлекеттік шығындар (О) = 800

Мемлекеттік трансферттер (TR) = 100

Мемлекеттік қарыз бойынша %-ті төлеу (N) = 100

Салықтар (T) = 800

ЖІӨ = ЖҰТ

Есептеңдер:

А) жеке жинақтар;

Б) мемлекеттік жинақтар;

В) мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін. Тапшылықтың 80%-ға жуығы облигация шығарумен қаржыландырылады.

  1. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. долл.):

Трансферттік төлемдер

4,0

Жалпы ішкі инвестициялар

16,2

Бизнеске салынатын жанама салық

7,0

Жеке табыс салығы

2,6

Таза экспорт

1,1

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы

2,8

Амортизация

7,9

Жеке тұтыну шығындары

77,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық

1,4

Әлеуметтік сақтандыру салымдары

0,2

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу

8,5

А) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

Б) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

В) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті? (есеп ЖІӨ=ЖҰӨ жағдайында шығарылады).

  1. Қоғамда 3 игілік өндіріледі және тұтынылады. Төмендегі кестеде игіліктер көлемі мен бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген. Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін есептеңдер. (1992 ж. базалық кезең)

Жылдар

1992

1992

2002

2002

бағасы

Саны

бағасы

саны

кітаптар

20

20

30

7

джинсілер

52

10

75

5

теледидарлар

1200

5

800

3

Бақылау түрі:

  • кіріспе бақылау;

  • конспект тексеру.

Әдебиеттер тізімі:

1.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика -: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 6-39 беттер

2.Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В. -М., 2004

3. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 13

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. 4. 4. .Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 9

5. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.

2-ші тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың

классикалық тәсілі