
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті “Фиилипс қисығы” көрсетеді (46-сурет).
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі U1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) өте жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие шараларын қолданады, олар өз кезегінде сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды
(Инфляция деңгейі %)
Р
Р3
Р2
Р1
0 U1 U 2 U3 U (жұмыссыздық деңгейі %)
46- сурет
Мұндай жағдайлар экономиканың дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның деңгейі U3 болады
ХХ ғасырдың 70 жылдары көптеген елдерде Филлипс қисығын теріске шығаратын, яғни бір мезгілде жұмыссыздық пен инфляцияның болу жағдайлары байқалды. Экономикалық теорияда бұл құбылысты стагфляция деп атады. Сөйтіп жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс кері емес, тура тәуелділікке ауысты.
ХІ – дәріс ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары, көрсеткіштері мен типтері.
11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (Харрод-Домар) үлгісі.
11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (Солоу) үлгісі.
11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі.
11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
Экономикалық өсу – барлық елдер үшін негізгі экономикалық проблема. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсу түсінігін әржақты пайымдайды. Бір экономистер экономикалық өсуді әлеуетті және нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көбейуі деп түсіндірсе, басқалары экономикалық өсуді өндірістік қуаттың өсуі, адам басына шаққандағы нақты өні көлемінің өсуі деп сипаттайды.
Отандық әдебиеттерде экономикалық өсуді нақты өнім көлемінің ұзақ мерзімді өсуі ретінде қарастырады. Экономикалық өсу – ұлттық өнімнің сан жағынан көбейуі мен сапа жағынан жетілдірілуі.
Экономикалық өсудің қайнар көзі неде?
Экономика өсуінің қайнар көзі – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.
Экономикалық өсу процесі өзара байланысты бірнеше факторларға байланысты. Макроэкономикада экономикалық өсу факторларының 3 тобын бөліп қарастырады:
Ұсыныс факторлары:
табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі;
еңбек ресурстарының сапасы мен көлемі;
негізгі капитал қорының көлемі;
технология деңгейі.
Сұраныс факторлары:
баға деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар;
мемлекеттік шығындар, таза экспорт.
Бөлу факторлары:
ресурстарды өндірісте толық әрі ұтымды пайдалану;
ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.
Экономикалық өсуде ең маңызды орынды ұсыныс факторлары алады. Жоғарыда берілген экономикалық өсу факторларының өзара байланысын өндіріс мүмкіншіліктер сызбасы бейнелейді. Бұл берілген технология деңгейінде, берілген еңбек пен табиғи ресурстар көлемінде өндіруге болатын әр түрлі игіліктер сәйкестігін көрсетеді. (56-сурет).
Инвестициялық
тауарлар
А
С
экон. өсу.
В Д Тұтыну тауарлары
56-сурет
Экономикалық өсуді өлшеу үшін нақты өнімнің жалпы (ЖҰӨ, ЖІӨ) немесе адам басына шыққандағы көлемінің абсолютті өсімі мен өсім қарқыны қолданылады.
∆У = Уt – Уt-1 немесе Уt = ∆Уt / Уt-1
мұндағы: t – уақыт индексі.
Экономикалық өсу көрсеткіштері:
Өсу коэффиценті = есептік кезең көрсеткіші/ базистік кезең көрсеткіші
өсу қарқыны = өсу коэффиценті х 100%
өсім қарқыны = өсу қарқыны – 100%
Номиналды (атаулы) экономикалық өсу – ағымдық бағамен есептелген экономикалық өсу.
Нақты экономикалық өсу – базалық бағамен есептелген экономикалық өсу.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты өнімнің өсу жылдамдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерісінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін. Соған байланысты экономикалық өсудің бірнеше типтерін ажыратады:
Экономикалық өсуді екі типке бөледі:
Экстенсивті – тұрақты техника негізінде еңбектің орташа өнімділігін сақтай отырып қосымша қорларды пайдлану арқылы өнім көлемін көбейту
Интенсивті (қарқынды) – бұл технология деңгейін көтеру арқылы өнім көлемін көбейту, яғни өндіріс факторларының тиімділігін арттыру арқылы өнімді ұлғайту.
Аралас – факторлардың өсуімен қатар техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнім көлемінің өсуі.