
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
10.1. Инфляция: мәні, себептері және түрлері.
10.2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары.
10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
10.1. ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ
Инфляция – елдегі жалпы баға деңгейінің тұрақты өсуінен ақшаның құнсыздануы. Бірақ бұл барлық тауарларға баға өседі деген емес. Инфляция деңгейі өте жоғары болғанының өзінде кейбір тауарларға баға тұрақты болады.
Мысалы: 1970-1980 жылдары АҚШ-та инфляция деңгейі өте жоғары болды, бірақ магнитофон, электр сағаттар, жеке компьютерге баға төмендеді.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздылары мыналар болып табылады:
Мемелкеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып кетуі. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қоюы.
Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.
Инфляцияны болу себептеріне байланысты сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы бөледі.
Сұраныс инфляциясы – тауар көлеміне байланысты артық ақшаның пайда болуы. Бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір біріне сәйкес келмей, сұраныстың ұсыныстан артып кетуі. Мұны кей жағдайда «аз тауардың соңынан көп ақшаның жүруі» деп те атайды. Тауарларға сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі. Мәселен, тауарға сұраныс өскенде AD қисығы AD1 қисығына жылжиды, нәтижесінде баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі (43-сурет)
Ұсыныс инфляциясы – өндіріс шығындарының өсуіне байланысты бағаның көтерілуі. Шығындардың өсуі шикізатқа бағаның өсуіне, мемлекеттің саясатына, кәсіподақтардың іс әрекетіне байланысты болуы мүмкін. Мысалы: кәсіпорындардың іс-әрекетіне келетін болсақ олар жалақыны көтеруді талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорынның шығындары өседі де кәсіпкер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Суретте ұсыныс AS –дан AS1 жағдайына жылжығанда, баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі (44 –сурет)
Р Р AS1
AS AS
Р2
Р2
Р1 AD1 Р1
AD AD
0 Y1 Y2 Y 0 Y1 Y2 Y
43- сурет 44 - сурет
Құрылымдық инфляция сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының ортасындағы аралық инфляция болып табылады. Ол салааралық сәйкестіктің бұзылу жағдайында туады. Жетілдірілген жаңа шикізаттардың, тауарлардың пайда болуынан сұраныс бір саладан басқа салаға ауысады. Ол сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан, саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі
Шведтік экономист Б.Хансен инфляцияны ашық және басылыңқы (жасырын) деп бөледі.
Ашық инфляция – бағаның тұрақты өсу жағдайында байқалады.
Басылыңқы инфляция – баға мен жалақы мемлекеттің қатаң бақылауында болғанда пайда болады. Ол тауар тапшылығында, өнім сапсының төмендеуінде, көлеңкелі экономикада, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Инфляцияны қарқынына байланысты бірнеше түрге бөледі:
Баяу инфляция – баға деңгейі жылына баяу (10 %-дан төмен) өседі.
Қарқынды инфляция – Баға деңгейі жылына 20 %-дан 200 %-ға дейін жылдам өседі.
Ұшқыр инфляция – айналымдағы ақша саны мен баға өте күрт жылдамдықпен 200%-дан жоғары 1000%-ға дейін өседі.
Инфляция деңгейі баға индексі арқылы өлшенеді.
Инфляция деңгейі = ТБИаж – ТБИбж