Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік

Енді ВР қисығы құбылмалы болғанда ішкі және сыртқы тепе-теңдік қалай орнайтынына тоқталамыз.

Алғашқыда экономика «ішкі» тепе-теңдік жағдайында (49-сурет). Валюта рыногының қисығы (ВР) ішкі тепе-теңдіктен (Е1 нүктесінен) жоғары-солға орналасқан.

R

BP

IS

E1 LM

R1

0 Y1 Y

49-сурет

Төлем балансының тапшылығы (валютаның елден таза кетуі) ұлттық валютаның девальвациясына әкеледі. Нәтижесінде ВР қисығы оңға-төмен ВР/ қисығына жылжиды. Бұл төлем балансын жақсартады (валюта бағамының төмендеуі тауар экспортын ынталандырады, импортты тежейді). Таза экспорттың өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі.

Нәтижесінде тауар нарығының қисығы IS жоғары-оңға IS/ қисығына жылжиды. Валюта бағамының өзгерісі ақша нарығы өзгерісіне тікелей әсер етпейтіндіктен LM қисығы сол күйінде сақталады.

Ұлттық валюта девальвациясының шамасын дұрыс анықтаған жағдайда тепе-теңдіктің үш қисығы бір нүктеде (Е2) қиылысады. Пайыз мөлшерлемесі мен өнім көлемі өседі (Y2 >Y1 , R2 > R1) (50-сурет)

R

IS/ BP ВР/

IS

→ →

R2 LM

R1 Е2

Е1

Y1 Y2 Y

50-сурет

Екінші жағдайда ішкі тепе-теңдік төлем балансының оң сальдосына сәйкес келеді. ВР қисығы ішкі тепе-теңдіктен (Е1 нүктесінен) төмен, оң жағында орналасады (51-сурет).

R BP

IS LM

Е1

R1

0 Y1 Y

51-сурет

Капиталдың келуі ұлттық валютаға сұранысты молайтады да ақша ревальвациясына әкеледі. ВР қисығы солға-жоғары ВР/-қа жылжиды. Бұл импорттың өсіп экспорттың қысқаруына әкеледі. Нәтижесінде жиынтық

сұраныс қысқарады. Тауар нарығының қисығы IS/ қисығына солға-төмен жылжиды. Үш қисықтың IS, LM және BP қиылысу нүктесінде (Е2) бір мезгілдегі тепе-теңдік орнайды )(52-сурет). Өндірістің нақты көлемі мен пайыз мөлшерлемесі бастапқыдан төмен болады (Y2 <Y1 , R2 < R1).

R

IS BP/

IS/ ← BP

LM

R1 E1

R2

Е2

0 Y2 Y1 Y

52-сурет

Жоғарыда сипатталған валюта бағамы өзгерісінің бір мезгілде «ішкі» және «сыртқы» тепе-теңдіктің орнауына әсері импорт пен экспорттың жылдам өзгеруін болжайды. Өйткені кейнстің «ашық» экономика үлгісі қысқа мерзімге арналған.