
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тепе-теңдік.
9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері.
9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
9.3. Манделл-Флемингтің ашық экономика үлгісі.
9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
Ашық экономика мынадай екі жағдайға негізделеді:
1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды және импорттайды.
2) Елдер әлемдік қаржы нарығында несие алады және береді.
Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі.
Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, эгзогендік түрде қабылданады.
Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алар.
Ашық экономиканың негізгі белгілері:
- ЖҰӨ -дегі сыртқы сольдо квотасы;
- өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі;
- тұтынудағы импорт үлесі;
- ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
Ашықтық деңгейі сыртқы сауда көлемі мен үкіметтің саяси бағытына байланысты. Мысалы: Ұлыбритания салыстырмалы ашық экономика болып табылады, өйткені ол сыртқы саудаға тәуелді. АҚШ экономикасы жабық экономикаға жақын, өйткені оның дамуына сыртқы сауда көп әсер етпейді.
9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
Макроэкономикалық тепе-теңдік – экономикалық жүйенің балансталған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік – толық жұмысбастылық пен инфляциясыз жағдайдағы сұраныс пен ұсыныс тепе- теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік проблемасы бюджеттік-салық және ақша-несие саясаты көмегімен жиынтық сұранысты реттеу арқылы шешіледі.
Сыртқы тепе-теңдік – валюта бағамының тағайындалған (тұрақты) және құбылмалы режиміндегі төлем балансының нөлдік сальдосы немесе елдің валюта рыногындағы тепе-теңдігі. Валюта рыногындағы тепе-теңдік бұл - елге валюта түсімдері мен шетелдерге валюта төлемдерінің сәйкестігі.
Ашық экономиканың классикалық үлгісі мемлекеттік реттеуді қажет етпейді. Төлем балансының теңсіздігі ішкі бағалардың өзгеруінің автоматты механизімі мен алтын валюта резервтерінің бір елден басқа елге қозғалысы арқылы өздігінен реттеледі.
Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-тендіктің Кейнстік механизмі мемлекеттік реттеу шараларына сүйенеді.
Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
Бастапқыда ашық экономиканың кейінстік үлгісі тағайындалған валюта бағамына негізделді. Бұл принцип 1944 жылғы Бреттон-Вуд жүйесінің негізін құрды және ол 1970 жылға дейін өмір сүрді. Валюта бағамының тұрақтылығы IS-LM-ВР үлгісіндегі ВР қисығының тұрақтылығын білдіреді.
Ашық экономикадағы алғашқы жағдай суретте берілген. Өндіріс көлемі - Ү1, пайыз мөлшерлемесі R1 деңгейінде орналасқан. Экономикада не ішкі, не сыртқы тепе-теңдік байқалмайды. Нақты өндіріс көлемі әлеуетті (Ү2) деңгейден төмен (47-сурет).
ВР қисығы тұрақты болғандықтан Е2 нүктесінде тауар және ақша нарықтарының қисықтары қиылысуы тиіс. Кейнстік теорияға сәйкес
R
BP
IS
R2
E2
LM
R1
Е1
0 Y1 Y2 Y
47-сурет
мемлекет қандай шаралар жүргізуі қажет? Ең алдымен тауар нарығында тепе-теңдік орнату қажет. Ол үшін мемлекеттік шығындарды көбейту керек. Сонда тауар нарығының қисығы IS оңға IS/ қисығына жылжиды (48-сурет)
R
IS/ BP
IS LM/
→
R2 E2
↑
LM
E1
R1
Е3
Y1 Y2 Y3 Y
48-сурет
Егер пайыз мөлшерлемесі R1 деңгейінде сақталса, онда Ү3 өндіріс көлемін өндірер едік. Бірақ онда ақша рыногындағы тепе-теңдік бұзылады. (Е3 нүктесі LM қисығынан төмен жатыр). Валюта рыногінде да теңсіздік күшейе түседі, өйткені өндіріс көлеміне байланысты таза импорт өседі. (Е3 нүктесі ВР қисығынан алыс жатыр).
Ондай жағдайды болдырмас үшін мемлекет экспансиялық (ынталандыратын) қаржы саясатымен бірге қатаң ақша-несие саясатын жүргізуі қажет, яғни Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартуы тиіс. Бұл LM қисығын солға-жоғары LM/ қисығына жылжытады. Осындай бір-біріне қайшы екі әрекетті үйлестіру арқылы, кейнсшілдердің ойынша, Y2 R2 деңгейінде бір мезгілде ішкі және сыртқы тепе-теңдікті (Е2 нүктесінде) орнатуға болады. Алайда мұндай саясат көп елдерді ұзақ күйзеліске әкелді. Сөйтіп Бреттон-Вуд валюта-қаржы жүйесі «құбылмалы» бағам жүйесіне ауыстырылды. Бреттон-Вуд жүйесінің құбылмалы бағамға ауыстырылуы кейнстік үлгіге түзетулер енгізуді талап етті.