
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
Валюта бағамы – бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасы.
Қазіргі кезде валюта бағамын белгілеуде екі әдіс бар:
1) Валютаның еркін айналымдағы бағамы (құбылмалы);
2) Тағайындалатын валюта бағамы (тұрақты).
Валютаның еркін айналымдағы (құбылмалы) бағамы бойынша бағам ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады.
Бұл әдістің тиімділігі: ол автоматты түрде түзетіліп төлем балансының артықшылығы мен тапшылығы жойылады.
Валютаның құбылмалы бағамына әсер ететін факторлар:
1. Тұтынушы талғамының өзгеруі.
2. Табыстың салыстырмалы азаюы.
3. Бағаның салыстырмалы өзгеруі.
4. Салыстырмалы нақты пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі.
5. Алыпсатарлық.
Тағайындалатын (тұрақты) валюта бағамы. Ұлттық валюталардың қатынасы заңды түрдегі валюталық паритетке негізделіп ресми түрде белгіленеді. Тұрақты валюта бағамы жүйесінде Ұлттық банк сыртқы және ішкі валюталардың салыстырмалы бағасын немесе валюта паритетін тағайындап отырады.
Құбылмалы валюта бағамы жағдайында валюта тапшылығы автоматты түрде жойылады. Ал тұрақты валюта бағамы жағдайында бұл проблеманы мемлекет шешуі керек. Валюта тапшылығын жою төмендегідей әдістермен жасалады:
Резервтерді қолдану. Бұл ең жеңіл тәсіл. Өйткені мемлекет иелігіндегі валюта қоры бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бірақ бұл әдістің кемшілігі егер теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда бұл саясаттан бас тарту керек болады.
Сауда саясаты. Бұл мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатында импортты шектеп, экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша кеден салығын салу арқылы шектейді. Алайда мұндай жасанды шектеулер экономиканың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Валюталық бақылау. Мемлекет шетке тауар шығарушыларға шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Жиналған валютаны шетелден тауар әкелушілерге бөліп береді. Сөйтіп импорт пен экспортты теңестіреді. Бұл әдістің кемшіліктері: сауданың бұзылуы, алалаушылық, таңдаудың шектелуі, «қара базар».
Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу арқылы шетел валютасына сұранысты шектейді.
Реттеу нысанына қарай валюта бағамын атаулы және нақты деп бөледі.
Атаулы (номиналды) валюта бағамы - екі ел валюталарының салыстырмалы бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін «валютаның айырбас бағамы» ұғымы қолданылады. Нақты валюта бағамы - екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы.
Сондай-ақ ұлттық валюта бағамын девизалық және айырбас бағамы деп бөледі.
Девизалық бағам – шет валютасы бірлігімен есептелген ұлттық валюта бағасы. Айырбас бағамы – ұлттық валюта бірлігімен есептелген шетел валютасының бағасы.
Валюта бағамының режиміне байланысты айырбас бағамының қозғалысы әр-түрлі аталады. Құбылмалы баға жағдайында тепе-теңдік бағаның төмендеуі валютаның құнсыздануы деп аталса, ал көтерілуін валютаның қымбаттауы дейді. Тұрақты бағам режимінде бұл процесстер сәйкесінше девальвация және ревальвация деп аталады.
Қазіргі айырбас бағамының қалыптасу үлгілерінің бірі пайыздық паритет теориясы мен сатып алу қабілеті паритетін біріктіруге негізделген. Ол бойынша екі валютаның айырбас бағамының өзгерісі олардың сатып алу қабілетінің айырмашылығын көрсетеді.
Сатып алу қабілетінің паритеті (ППС) – валюталардың сатып алу қабілетін теңестіру үшін қолданылатын валютаның айырбас бағамының деңгейі. ППС тұжырымдамасына сәйкес, халықаралық бәсеке халықаралық саудаға қатысатын тауарлар мен қызметтердің ішкі және сыртқы бағаларын бір деңгейге әкеледі. Оның негізгі идеясы – бірыңғай баға заңы, яғни кез-келген тауар жалпы нарықта бірыңғай бағаға ие. Бұл заңның маңызы: сыртқы бағаны ішкі бағаға және керісінше ауыстыруға мүмкіндік беретін екі баға теңдігінің болуы.
ХІ– дәріс АШЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ