Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы

8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы.

8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және

тағайындалатын бағамы.

8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы

Төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық іс-әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем балансы құрамына мыналар кіреді:

  1. Ағымдық операциялар шоты – тауар мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыстар және таза трансферттік аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың)

  2. Капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының шоты – ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей және қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына активтермен жасалған халықаралық мәмілелер кіреді: акция, облигация, жылжымайтын мүліктен түскен табыс және шетелден сатып алынған активтерге шығындар.

  3. Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын қоры, әлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты алтын валюта резервін қайта бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын қорына ауыстыру, ХВҚ-ның кейбір елдерге СДР беруі, шетел валютасының резервін пайдалану.

Төлем балансы шоттарының өзара байланысы

Ағымдық шот пен қаржы шотының байланысын былай көрсетуге болады

Макроэкономикалық тепе-теңдік

Y = C + I + G + Xn

Y –C – G = C – I – G – Xn – (C + G)

Sn = Sn = I + Xn, Sn – ұлттық қор жинағы

(I – S) + Xn = 0 (ҰБ-тың араласуынсыз икемді валюта бағамы режиміндегі төлем

балансы),

мұнда: (I – S) – капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының сальдосы, Xn – ағымдық операциялар сальдосын көрсетеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктен қаржы шоты мен ағымдық шоттардың бір-біріне теңесіп отыратындығын көреміз.

X – M = Xn = – (I – S) = S – I

сыртқы баланс ішкі баланс

Төлем балансының ағымдық операциялар бойынша тапшылығы көбінесе капиталдың таза келуімен қаржыландырылады.

Xn < 0 => X – M<0 => X < M

I – S > 0 => I > S шетелден валюта келеді.

(Қарыздар)

Егер инвестиция ұлттық жинақ қорынан жоғары болса (I > S), онда инвестиция шетелдерден қаржыландырылады. Мемлекет әлемдік рынокта қарыздар болады.

Керісінше, егер ұлттық жинақ қоры инвестициядан жоғары болса (S > I) болса, онда артық жинақтаулар шетелдіктерді несиелеуге жұмсалады. X > M => Xn > 0, бұл жағдайда мемлекет әлемдік рынокта кредитор болады.

Сонымен ағымдық операциялардың активті сальдосы капиталдың кетуіне әсер етеді, өйткені ағымдық шоттағы артық қаржы шетелде қозғалмайтын мүлік алуға, қарызға беруге жұмсалады.

Xn > 0 => X – M > 0 => X > M

I – S < 0 => I < S валюта шетелге кетеді.

(Кредитор)

Мұндай төлем балансының реттелуі тек ұлттық банктің ешқандай араласуынсыз, ресми валюталық резервті өзгертпеген жағдайда жүзеге асырылады. Валюта бағамының икемді болуы (еркін болуы) ағымдық және қаржылық шоттарды автоматты түрде теңестіріп отырады.

Ұлттық Банктің ресми валюта резервтері.

Егер Ұлттық Банк шетел валютасын валюта қорынан сатуы және сатып алу арқылы валюта бағамына әсер етеді. Ресми валюта резервтеріне алтын, шетел валютасы, ХВҚ-ғы мемлекеттің несие үлесі, СДР несие алудың арнайы құқы кіреді. Төлем балансының тапшылығы Ұлттық Банктің ресми қорын қаржыландырылуы арқылы жойылады. Бұл жағдайда ішкі нарықта шетел ел валютасының ұсынысы артады. Ұлттық валютаның ұсынысы қысқарады да, айырбас бағамы салыстырмалы көтеріледі, нәтижесінде ұлттық экономикаға тежеушілік әсер етеді.

Керісінше, төлем балансының активті сальдосы Ұлттық Банктің ресми резервін өсіреді. Шетел валютаның ұсынысы қысқарады, ұлттық валютаның ұсынысы ұлғаяды, ал оның айырбас бағамы – салыстырмалы төмендейді. Нәтижесінде экономикаға ынталандырушылық әсер етеді.

Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жағдайы ресми резервтермен операциялар деп аталады. Бұл валюта қоры операциялары тағайындалған валюта бағамын сақтап отыру үшін қолданылады. Ақырында ағымдық шот сальдосы, қаржы шотының сальдосы, ресми резервтер өзгерісінің қосындысы 0-ге тең болуы тиіс.

CAB + CA + ΔOR = 0,

мұнда: CAB – ағымдық шот сальдосы;

CA – қаржылық шот сальдосы;

ΔOR – Ұлттық Банктің ресми резерв өзгерісі.

Қысқа мерзім кезеңінде ағымдық шот, қаржылық шот және төлем балансы сальдолары қор жинағы мен инвестиция көлемін анықтайтын бюджет-салық саясаты мен әлемдік пайыз мөлшерлемесі сияқты факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін.