
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
Жиынтық сұраныс қисығын IS-LM үлгісі негізінде құруға болады. Ақша ұсынысы тұрақты, ал баға деңгейі өсті деп есептейік. Онда нақта ақша қалдықтары кемиді, LM қисығы LM(P1)-ден LM(P2)-ге жылжиды. Y-P графигіне екі Y1P1 және Y1P1 тепе-теңдік нүктелерін түсіру арқылы AD қисығын орнатуға болады (38-сурет).
Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге көтерілуі ақша ұсынысының нақты көлемін азайтады. Бұл жағдай LM қисығын солға жылжытады.
Ақша ұсынысының қысқаруы пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге көтерілуіне әкеледі. Соған байланысты ивестиция көлемі азайып, салыстырмалы түрде экспорт (Хn) қысқарады. Нәтижесінде өнім көлемі Y1-ден Y2-ге азаяды.
R
LM(P2)
R
2
LM(P1)
(А) IS-LM қисығы
R 1
IS
Y2
Y1
Y
P
P2 (Ә) Жиынтық сұраныс қисығы
P1 AD
Y2 Y1 Y
38-сурет
Мемлекеттік шығындардың молайуы, салық деңгейінің төмендеуі немесе ақша ұсынысының өсуі жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады. AD қисығының өзгерісі IS және LM қисықтарына әр түрлі әсер етеді. Бұл жағдай ынталандыратын ақша-несие және ынталандыратын салық-бюджет саясатын бейнелейді.
7.3. IS-LM ҮЛГІСІНДЕГІ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ҚАЗЫНАЛЫҚ САЯСАТ.
IS-LM үлгісі ақша-несие және қазыналық саясаттарының экономикаға әсерін талдау үшін қолданылады.
Ынталандыратын ақша-несие саясатының ұлттық табысқа әсері. Егер мемлекет ұлттық табысты көбейтуді мақсат етсе, онда ол ақшаны көбейтуі мүмкін. Ақша ұсынысының артуы LM қисығын төмен LM1 жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады. Нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі R1 -ден R2-ге төмендейді, ал ұлттық табыс Y1 –ден Y2 –ге көбейеді. Сөйтіп ақша ұсынысының артуы пайыз мөлшерлемесін төмендетіп инвестицияны ынталандырады. Бұл жағдай тауарлар мен қызметтерге сұранысты кеңейтеді. Мұны «кейнстің жеткізбелі механизмі» деп атайды. (39-сурет).
R LM R Ms M′s
LM1
R1 А R1
---------------------------------------------------------------
R2 _--------------------------------------------------------------------------------------------------------
В R2
IS
MD
Y1 Y2 M/P
39-сурет
Ынталандыратын қазыналық саясаттың ұлттық табысқа әсері. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты, мысалы, шығындарды көбейтуі немесе салықты төмендетуі IS қисығын оңға жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады. Нәтижесінде ұлттық табыс Y0–ден Y1–ге көбейеді.Табыстың өсуі ақшаға сұранысты өсіреді. Ақшаға сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге өсуіне әкеледі. Пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестицияны қысқартады. Сөйтіп ынталандыратын бюджеттік-салық саясаты пайыз мөлшерлемесін өсіріп инвестицияның бір бөлігін ығыстырады. Мемлекеттік шығындардың көбейуі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсіп, оның инвестицияға әсер етуі «инвестицияны ығыстыру әсері» деп аталады. Егер ығыстыру әсері болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі немесе салықтың төмендеуі нәтижесінде табыстың өсуі (Y0 – Y2) мәніне тең болар еді. Бірақ ығыстыру әсері салдарынан табыстың өсуі (Y0 – Y1) мәніне тең. (40-сурет).
R R Мs
LM
В
R2 R2
А
R1 R1
IS′
IS M′D
MD
Y0 Y1 Y2 MS M/P
40-сурет
Сөйтіп ынталандыратын қазыналық саясат нәтижесінде бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, екінші жағынан ығыстыру әсері салдарынан өнім көлемі азаяды.
Бюджеттік-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге әкеледі.