Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы

Салық дегеніміз – жеке адамдардың, кәсіпорындардың жеке мекемелердің мемлекеттік немесе жергілікті бюджетке төлейтін міндетті төлемі. Салықтың қайнар көздері: пайда, пайыз, жалақы, дивидент, рента, т.б.

Салықтар бірнеше қызметтер атқарады: фискалдық, реттеу және қайта бөлу.

Фискалдық қызметі – мемлекет табысын қалыптастыру.

Реттеу қызметі - экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежеу арқылы экономиканы реттеу.

Қайта бөлу қызметі. Салық жүйесі арқылы мемлекеттік бюджетке ұлттық өнімнің едәуір бөлігі жұмылдырылады. Сондай-ақ салық арқылы білім беру мен денсаулық сақтау салаларына, экология жағдайына, зейнетақыға, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы бөлінеді.

Салықтар өндіріп алу тәсілі бойынша: тікелей және жанама деп бөлінеді.

Тікелей салықтар мемлекет тарапынан кәсіпорындар мен тұрғындар табысына салынады (корпоративті салық, жеке табыс салығы, жер салығы, мүлікке салық т.б.).

Жанама салықтар бағаға қосылады және тауарды сатқанда тұтынушылардан өндіріліп алынады. Оларға акциздер, қосымша құнға салық, кеден салығы жатады.

Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: пропорционалды (тұрақты), пргрессивті (үдемелі), регрессивті (кемімелі) болады.

Пропорционалды – табыс көлеміне қарамастан салық мөлшерлемесі өзгермейді.

Регрессивті (кемімелі)– табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі азаяды.

Прогрессивті (үдемелі) – салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп

Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен салық төлемдері ставкасының арасындағы байланысты көрсететін қисық Лаффер қисығы деп аталады.

Оның ойынша, салық деңгейінің өте жоғары болуы бір жағынан кәсіпкерлердің өндіріске капитал салуға ынтасын төмендетеді, екінші жағынан, оларды салық төлемеудің жолдарын іздеуге итермелейді. Нәтижесінде бұл жағдай экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізеді, әрі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің қысқаруына әкеледі.

R

0 Y1 Y

41 -сурет. Лаффер қисығы

41- суретте ординат бойында салық мөлшерлемесі (R), абцисс бойында мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (Y) бейнеленген. Онда салық мөлшерлемесі белгілі деңгейге дейін (R1) көтерілгенде мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (Y1) молаяды. Ал салық мөлшерлемесі одан жоғарлағанда мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер азаяды, өйткені еңбек етуге және кәсіпкерлік қызметке ынта төмендейді, кәсіпкерлердің көпшілігі «көлеңкелі экономикаға» кетеді.

VII - дәріс. IS-LM ҮЛГІСІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС

7.1. Біріккен қос тепе-теңдік. IS және LM қисықтарын құру.

7.2. Баға деңгейі өзгергендегі IS-LM. IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.

7.3. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие және қазыналық саясат.

7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.

Is және lm қисықтарын құру.

AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сыртқы (экзогендік) өзгермелі болып табылады және тауар рыногының тепе-теңдігіне тәуелсіз бола отырып ақша рыногында өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеу осы ақша рыногы мен тауар рыногын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде рыноктық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогендік) өзгермеліге айналады және оның шамасы тек ақша рыногындағы үрдістерді емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды сипаттайды.

Бірікке қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен ақша рыногінде бір мезгілде орнайтын тепе-теңдік ең алғаш рет кейнстік мектептің белгілі өкілі Дж. Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс және классиктер» деген еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы А.Хансеннің «Ақша теориясы және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған орай ол Хикс-Хансен үлгісі деген атқа ие болады.

IS-LM үлгісі (инвестиция-қор жинағы, өтімділік артықшылығы – ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер рыногы мен қаржы активтері рыногының экономикалық тепе-теңдігін бейнелейді. Аталмыш үлгі тауар және ақша рыноктерында бір мезгілде тепе-теңдік орнау үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен рыноктық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы сәйкестікті табуға мүмкіндік береді.

Сондықтан да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

IS қисығын құру

IS қисығы тауар рыногындағы тепе-теңдікті көрсетеді.

IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс (Y) арасындағы байланысты көрсетеді.

IS қисығын инвестиция мен қор жинағы фунциялары негізінде құрамыз. IS қисығының бойындағы кез келген нүкте қор жинағы мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді.

27-суретте қор жинағы функциясы бейнеленген табыстың (өнім көлемінің) Y1-ден Y2-ге көбейуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.

28-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция I1-ден I2-ге өседі. Бұл жағдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.

29-суретте IS қисығы берілген, пайыз мөлшерлемесі төмендеген сайын, табыс деңгейі (жиынтық сұраныс) жоғары болады және керісінше.

IS қисығының бойымен жылжу игіліктер рыногында тепе-теңдік сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлттық табыс деңгейінің қалай өзгеретінін көрсетеді.

Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар (G, T) әсер еткенде IS қисығы жоғары немесе төмен жылжиды. Мәселен, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай жылжытады, керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесінде қолда бар табыстың төмендеуі сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай жылжиды.

Қор жинағы

S

27-сурет. Қор жинағы функциясы

S2

S1

Y1 Y2 Y

R пайыз мөлшерлемесі R

R1 R1

R2 R2

I1 I2 I Y1 Y2 Y

28-сурет. Инвестиция функциясы 29-сурет. I S қисығы

LM қисығын құру

LM қисығы ақша рыногындағы тепе-теңдікті көрсетеді.

LM қисығының графигі – ақша ұынысының (МS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныс (табыстың) арасындағы байланысты көрсетеді. LM қисығының бойындағы кез келген нүктеде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы тең болады.

34-суретте – Ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Табыстың Y1-ден Y2-ге өсуі ақшаға сұранысты өсіреді. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге өседі. Сұраныс қисығы оңға жылжиды.

35-суретте – LM қисығы бейнеленген. Неғұрлым табыс өскен сайын пайыз мөлшерлемесі де жоғары болады.

Ақша ұсынысының (МS) молайуы немесе баға деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға қарай жылжытады.

R R

MS LM

R2 R2

R1 MD(R2Y2) R1

MD(R1Y1)

M/P M/P Y1 Y2 Y

34-сурет Ақша нарығы 35-сурет LM қисығы

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік жағдайы IS және LM қисықтарының қиылысқан нүктесінде (R0 Y0) орнайды (37-сурет).

R

I S LM

R0

Y0 Y

37-сурет IS-LM тепе-теңдігі

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.