Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары

Бюджет-салық саясаты (фискалдық саясат) — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл ша­ралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жургізіледі.

Ынталандыратын бюджеттік-салық саясаты (қазыналық экспансия) бұл саясат қысқа мерзімді кезенде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды өcipiп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) — экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шы­ғындар төмендеп (G), салық мөлшері (Т) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезенде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің қулдырауы және жұмыссыздық денгейінің өcyі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазыналық саясаттың екі түрі (типі) болады: дискрециялық және дискрециялық емес.

Дискрециялық казыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін максатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған. Бұл жағдайда көбінесе заңдар қабылданады.

Дискрециялық саясаттың негізгі құралдары:

  • салық мөлшерлемесін өзгерту;

  • қоғамдық жұмыс жобалары;

  • халықты жұмыспен қамту.

Дискрециялық емес казыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімін талап етпейді, өйткені ол мемлекеттік бюджетке түсетін табыс пен шығындардың автоматты өзгеруін қамтамасыз етіп отыратын кіріктірме тұрақтандырғыштарға негізделеді.

Кіріктірме (автоматты) тұрақтандырғыштар үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық денгейінің циклдік ауытқуын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Мұндай турақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі жатады.

Экономиканың өрлеуі кезеңінде кіріктірме тұрақтандырғыштар бюджетке салық төлемдерінің көп түсуіне және бюджет артықшылығына

6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.

Мемлекеттік бюджетмемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы (француздың сөзі «budget») табыс пен шығындарды бөлу.

Мемлекеттік бюджет табысы ең алдымен жергілікті және орталық билік органдары алатын салықтардың есебінен, әлеуметтік сақтандыру бойынша түсімдердің есебінен, капиталмен операциялардан түсетін кірістер т. б. есебінен қалыптасады.

Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі: экономиканы қаржыландыру, әлеуметтік-мәдени, ғылыми бағдарламалар, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сыртқы экономикалық қызметті іске асыру, мемлекеттік қарыздарды жабу бағыттарында жұмсалады.

Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру денгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

1) Ақша-несие эмиссиясы (ақша шығару);

2) Займ шығару;

3) Мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін ақша шығару жағдайында мемлекет сеньораж табады. Сеньораж мемлекеттің айналымға қосымша ақша шығару аркылы табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қаркынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл кұбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Бұл жағдайда экономикалык агенттер инфляциялык салық төлейді және олардың табыстарының бip бөлігі бағаның жоғарылауы аркылы мемлекетке түседі.

Бюджет тапшылығын циклдық және құрылымдық деп бөледі.

Құрылымдық тапшылық – толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік шығындардың салық түсімдерінен асып кетуі.

Циклдық тапшылық – нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық тапшылық арасындағы айырма.

Мемлекетке түсетін салықтар (мемлекет табысы) мемлекеттік шығындардан жоғары болған жағдайда бюджет артықшылығы пайда болады.

Бюджет артықшылығы экономикалық өрлеу кезінде болады. Сондықтан қаржының бір бөлігі халыққа төлемақы ретінде берілетіндіктен сұраныс инфляциясы өседі.

Мемлекеттік қарызды талдамай бюджеттік тапшылық деңгейін анықтау мүмкін емес.

Мемлекет Ұлттық банктің несие қорынан, тұрғындардың халықтық банктегі салымынан, сақтандыру қоғамдары қорынан белгіленген бөлігін алып отырады. Олардың жиынтығы мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы .

Бюджет тапшылығын бәсендету үшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей сыртқы зайымдарды да пайдаланады. Ол мемлекеттің сыртқы қарызын құрайды.

Мемлекеттік қарызды басқару шаралары:

  1. Жаңа займдар шығару;

  2. Конверсия – табыстылығына қатысты займдардың шарттарын өзгерту;

  3. Консолидация – қысқа мерзімдік облигацияларды орташа және ұзақ мерзімдікке ауыстыру.