
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
Ақша-несие саясаты – жалпы экономикалық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің макроэкономикалық саясатының маңызды бөлігі.
Ол ақша-несие жүйесі саласында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жиынтығын құрайды.
Ақша-несие саясатының құралдарын тікелей және жанама деп бөледі.
Тікелей құралдардың мәні Ұлттық банк коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие салымдарына шектеулер қояды. Белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына проценттік норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айыппұл салынады. Тікелей құралдарға несиелеуге жеңілдіктер мен пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу жатады.
Жанама құралдарға ашық нарықтағы оперциялар, міндетті резервтік норманы өзгерту, есептік мөлшерлемені өзгерту жатады.
1. Ашық рыноктағы операциялар – бұл Ұлттық банктің ашық рынокте ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында рынокте құнды қағаздарды сатып, бұл қағазадары сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
2. Резервтік норманы өзгерту – ақша-несиені реттеуде қолданылатын өте қатаң құрал. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктің өз салымдарының бір бөлігін міндетті түрде мемлекеттің Ұлттық банкінде сақтау қоры ретінде ұстауы. Ұлттық банк барлық банктік мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банк резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады.
3. Есептік ставканы өзгерту – ақша көлемін реттеу мақсатында бірінші дәрежедегі банк несие мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады: пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше төмендетсе – несие көлемін өсіреді.
Осы келтірілген құралдармен қатар ақша айналысын реттеу үшін басқа да әдістер қолданылады:
күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу – Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады;
ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.
V- дәріс. ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ ЖАЛПЫ ҮЛГІСІ «AD-AS»
5.1. Жиынтық сұраныс және оның құрауыштары
5.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері
5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. AD-AS үлгісі.
5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
Жиынтық сұраныс (AD)-–әрбір берілген баға деңгейінде сатып алынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.
Жиынтық сұраныс қисығы – жалпы баға деңгейі мен сатып алынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер саны арасындағы кері байланысты көрсетеді.
Жабық экономикада сыртқы ортамен байланыс болмайды. Сондықтан жиынтық сұраныс көлемі ұлттық сатып алушылардың берілген баға деңгейінде сатып алғылары келетін және алуға мүмкіндіктері бар тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі:
YD = C + I + G,
мұнда: YD – жиынтық сұраныс (ұлттық табыс)
C – тұтыну шығындары;
I – инвестицилық шығындар;
G – мемлекеттік шығындар.
Өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік жиынтық сұраныс қисығын бейнелейді. (1-сурет.)
Р
AD
Y
1-сурет. Жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс қисығының төменге бағытталуы немесе теріс көлбеу орналасуы негізгі үш әсерге байланысты: