
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Курстың пререквизиттері – курс алдында оқытылатын
- •4. Курстың постреквизиттері - курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Пәнге қысқаша сипаттама
- •Классикалық үлгісі
- •Бюджет тапшылығы (1 кредит сағат)
- •Жиынтық сұраныс
- •(1 Кредит сағат)
- •«Макроэкономика» курсы бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Анықтаудың классикалық үлгісі
- •Жиынтық сұраныс (2 сағат)
- •Студенттердің өздігінен дайындайтын с±раќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау туралы ақпараттар
- •11. Бағаларды қою саясаты.
- •Пән бойынша білімді бағалау схемасы
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий)
- •3. Қысқаша дәрістер курсы і дәріс. Макроэкономикаға кіріспе
- •1.1. Макроэкономиканың пәні және зерттеу әдістері
- •1.2. Макроэкономикалық үлгілер
- •1.3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •2.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары
- •2.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
- •2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
- •3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы
- •3.2. Тұтыну және қор жинағы
- •3.3. Инвестиция функциясы
- •5.4. Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау
- •Үнемділік қайшылығы (парадоксы)
- •4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
- •4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
- •4.3. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы
- •4.4. Ақша рыногындағы тепе-теңдік.
- •4.5. Ақша-несие саясатының құралдары
- •5.1. Жиынтық сұраныс, оның құрауыштары
- •1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)
- •2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)
- •3.2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
- •5.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Ad-as үлгісі
- •6.1. Фискалдық саясат: мәні, мақсаттары, құралдары
- •6.2. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
- •6.3. Салық: мәні, түрлері. Лаффер қисығы
- •7.1. Біріккен қос тепе-теңдік мәні.
- •Is және lm қисықтарын құру.
- •7.2. Баға деңгейі өзгергендегі is-lm үлгісі. Is-lm үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.
- •Vііі дәріс. Төлем балансы. Валюта нарығы
- •8.1. Төлем балансы: мәні, баптары мен құрылымы
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •8.2. Валюта рыногы. Валютаның еркін айналымдағы және тағайындалатын бағамы
- •Тепе-теңдік.
- •9.1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері
- •9.2. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
- •Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік
- •9.3. Манделл-флемингтің ашық экономика үлгісі
- •Х дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
- •ТбИбж *100,
- •Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
- •10.3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы.
- •10.4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.
- •11.1. Экономикалық өсу: мәні, факторлары
- •11.2. Экономикалық өсудің неокейнстік (харрод-домар) үлгісі
- •11.3. Экономикалық өсудің неоклассикалық (солоу) үлгісі
- •11.4. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі
- •12.1 Экономикалық цикл: мәні, сатылары, көрсеткіштері
- •12.2. Экономикалық циклдың түрлері мен факторлары.
- •Экономикалық циклдың түрлері
- •12.3. Экономикалық цикл себептерінің теориялық тұжырымдамалары.
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Жиынтық сұраныс Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы
- •Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары
- •Жиынтық сұраныс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Lm қисығын жоғары (солға) жылжытады.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.1. Ақша жиыны және ақша агрегаттары
Ақша жиыны (массасы) – бұл экономикадағы айналыс және қор жинау қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланылады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 құрамына М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 құрамына М1 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша агрегаттары кіреді:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша;
М2 – құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілердің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді.
4.2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары. Баумоль-тобин үлгісі
Классиктер ақшаға сұранысты оның сандық теориясы негізінде түсіндіреді. Ақшаның сандық теориясы ақшаға сұранысты мына өрнек арқылы анықтайды:
MV = PY,
мұнда: M – айналымдағы ақша көлемі;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y – өнім шығару көлемі.
Ақша айналымының жылдамдығы тұрақты деп есептелінеді. Бұл жағдайда номиналды ЖҰӨ ақша жиынына тура қатынаста өзгереді. Классикалық теория сәйкес нақты ЖҰӨ баяу өзгереді. Сондықтан номиналды ЖҰӨ-нің өзгерісі баға деңгейінің өзгерісін көрсетеді. Сөйтіп ақша көлемінің өзгерісі нақты өзгергіштерге әсер етпейді, тек номиналды көрсеткіштерге әсер етеді. Оны «ақшаның бейтараптылығы» деп атайды.
Ақшаға сұраныстың кейнстік теориясы – өтімділіктің артықшылық теориясы болып табылады. Ол теория бойынша адамдарды қолма-қол ақша сақтауға итермелейтін негізгі үш жағдай қарастырылады:
1. Келісімдер мотиві, мұнда ақшаға сұраныс әрдайым тауарлар мен қызметтерге төлем ретінде немесе ағымдағы мәмілеге қажет қолма-қол ақша ретінде қаралады;
2. Сақтық мотиві: болашақтағы күтпеген кездейсоқтық жағдайларға байланысты ақшаға сұранысты білдіреді. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады.
3. Алыпсатарлық мотив: адамдардың өз байлықтарын қаржылық активтер түрінде сақтауға тілек етуіне байланысты ақшаға сұраныс білдіреді. Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Ақшаға сұраныстың бұл түрі пайыз мөлшерлемесі мен құнды қағаз бағамына байланысты.
Келісімдер мотиві мен сақтық мотиві ақшаға трансакциялық сұранысты білдіреді, яғни қазіргі және болашақ кезеңдерде мәмілеге қажет ақша көлемін анықтайды.
Ақшаға трансакциялық сұраныс табыс деңгейіне тәуелді, ал пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес. Сондықтан оның сызығы тік орналасады. (22, а-сурет).
Ақшаға алыпсатарлық сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелді, оның қисығы теріс көлбеулі болады. (22, ә-сурет).
r
r
Md (i)a
Md (Y)t
O O
22 ( а) -сурет М 22 (ә)-сурет M
Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен байланыстырса, кейнстік теория ақшаға сұраныстың негізгі факторы пайыз мөлшерлемесі деп есептеді.
Ақшаға сұраныстың негізгі үлгісі Баумоль-Тобин үлгісі. Ол үлгі бойынша қолма-қол ақша көлемі банктік пайыз мөлшерлемесі мен банкке бару уақытын салыстыру арқылы анықталады.
Баумоль-Тобин үлгісі қолдағы ақша жинағының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға негізделген. Басты артықшылығы: индивид (жеке тұлға) ақшасын қолында ұстаса, қажет тауарға ақша алу үшін банкке барудың қажеті жоқ. Кемшілігі – индивид ақшасын банкте сақтамаса банктік пайыз мөлшерлемесі көлемінде пайда алу мүмкіндігінен айрылады.